Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

Қазақстандағы бірыңғай жиынтық төлем: кім төлейді, БЖТ мөлшерлемесі, БЖТ-ді қалай төлеу керек

Қазақстандағы бірыңғай жиынтық төлем: кім төлейді, БЖТ мөлшерлемесі, БЖТ-ді қалай төлеу керек онлайн бухгалтерия mybuh

01.01.2019-шы жылдан бастап Қазақстанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы салық төлемі пайда болды - бұл жеке кәсіпкерді тіркеусіз, кәсіпкер ретіндегі мәртебеңізді заңдастыруға, зейнетақы жүйесі, әлеуметтік және медициналық сақтандыру және оның толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік беретін, Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ). БЖТ ерекшеліктері, осы мәртебенің оң және теріс жақтары туралы көбірек біліңіз...

БЖТ дегеніміз не және оны кім төлеуі керек?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (774-ші,776-шы баптары) өзін-өзі жұмыспен қамтыған (яғни жұмысшылары жоқ, өздері үшін жұмыс істейтін) бірақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтардың кәсіпкерлік қызметін заңдастыру мақсатында, бекітілген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 774-ші бабына сәйкес, бір мезгілде келесі шарттарды орындайтын кәсіпкерлер, Бірыңғай жиынтық төлем төлеушісі бола алады:

• жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын;

• жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге немесе жеке қосалқы шаруашылықтардан, жеке тұлғаларға ауылшаруашылық өнімдерін сатуға (акцизделуден басқа);

• жылдық табыс жылына 1 175 АЕК-тен аспайды (3 114 925 теңге).

МАҢЫЗДЫ! 01.04.2020-шы жылдан бастап, Қазақстанда АЕК-ші ұлғайтылды және 2 778 теңгені құрайды, дегенмен, БЖТ төлеушінің кірістерінің шектерін анықтау үшін 01.01.2020-шы жылға белгіленген АЕК көрсеткіші қолданылады, яғни  2 651 теңге. (ҚР Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағы).

Егер тұлға, ауылшаруашылық тауарлары болып табылмайтын тауарларды басқа  жеке тұлғаларға сатса, онда ол БЖТ-ді қолдануға құқылы емес. Ауылшаруашылық өнімдерінің тізбесі, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 697-ші бабында белгіленген және оған мыналар кіреді:

• өсімдік шаруашылығы өнімдері;

• мал шаруашылығы өнімдері;

• құс еті өнімдері;

• ара шаруашылығы өнімдері.

Сондай-ақ, олар БЖТ төлеушісі бола алмайды:

• сауда және ойын-сауық орталығы аумағында қызмет көрсететін, жеке тұлғалар;

• жеке тәжіребиемен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.);

• мүлікті жалға беретін адамдар (тұрғын үйді қоспағанда);

• шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (оралмандарды қоспағанда);

• жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамдар.

Осылайша, БЖТ-мі келесі жұмыстармен айналысатын адамдарға жарамды:

• тапсырыс бойынша тігу (үй ательесі);

• өз пәтерін жалға беру;

• көкөністер мен жемістерді өсіру және сату (сауда объектілері аумағында емес);

• омарта шаруашылығын жүргізу;

• жеке қосалқы шаруашылықтан ет және сүт өнімдерін сату.

Егер тұлға, бір жыл ішінде 1 175 АЕК шегінен асқан кірісті алса, онда ол БЖТ-мін қолдану құқығынан айырылады және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болады.

БЖТ төлеушісі ретінде тіркелудің артықшылығы неде?

Салық органында тіркеудің болмауы, өздері үшін жұмыс істейтін азаматтарға (яғни, еңбек шартын немесе азаматтық-құқық келісімін жасамай) зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға, сондай-ақ кепілдендірілген көлем шеңберінен тыс медициналық көмекке сенуге, мүмкіндік бермейді. БЖТ төлеушісі ретінде тіркелу бұл мәселелерді шешеді, ал ай сайынғы салық ауыртпалығының мөлшері тіпті патент немесе «жеңілдетілген» сияқты тиімді режимдермен салыстырғанда, өте аз.

БЖТ сомасы ай сайын төленеді және оның көлемі:

• Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген жеке тұлғаларға 1 АЕК;

• басқа елді мекендерде (оның ішінде ауылдық жерлерде) тіркелген жеке тұлғалар үшін 0,5 АЕК.

Бұл сомаға 4 төлем кіреді:

• Жеке табыс салығы  -10%;

• әлеуметтік төлемдер -20%;

• Міндетті табыс салағы -30%;

• Міндетті медициналық сақтандыру -40%.

Егер төлеуші, ​​кез-келген қорға төлем жасаудан заңды түрде босатылған болса (мысалы, зейнеткерлер әлеуметтік төлемдерді төлемейді), онда бұл қорға төленетін төлемнің бір бөлігі емес, оның мөлшері ЖТС-на жіберіледі.

Осылайша, айына бір рет 0,5 - 1 АЕК мөлшерін төлей отырып, жеке тұлға өзінің қызметін толығымен заңдастырып қана қоймайды, сонымен бірге өзіне болашақ зейнетақыны (базалық зейнетақы төлемі) қамтамасыз етеді және әлеуметтік сақтандыру қорынан, сақтандыру төлемдеріне, құқық алады:

• жұмысқа жарамсыз жағдайларында (науқастық демалыста);

• жұмыс орнын жоғалту;

• асыраушысынан айрылу;

• жүктілік және босану;

• баланы асырап алу;

• 1 жасқа дейінгі баланы күту.

БЖТ-мін қалай төлеуге болады?

Өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде рәсімделудің, арнайы тәртібі жоқ. Жеке тұлға төлемді төлеген айда, Бірыңғай жиынтық төлеушісі болып танылады. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін тоқтатқан кезде, салық органында тіркеуден шығу тәртібі де талап етілмейді - ай сайынғы төлемдерді тоқтату жеткілікті. Сондай-ақ, егер ағымдағы айда кіріс болмаса, бірыңғай жиынтық төлемін жасамай, келесі айда төлемді жалғастыра аласыз. Тұлғаға, кезекті төлемді төлемегені үшін айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкциялар қолданылмайды.

Төлемді жасайтын:

• өзі үшін кәсіпкер;

• кәсіпкердің пайдасына, үшінші тұлға.

Сонымен бірге төлем жасау үшін, ағымдағы шотты ашу талап етілмейді.

Төлем қабылданады:

• Қазақстанның кез-келген банкінде;

• банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

• «Қазпоштаның» кеңселерінде.

Төлеу кезінде:

• пайдасына ақша аударылатын адамның ЖСН;

• төлем жасалған ай (төлемді алдағы айларға, алдын ала жасай аласыз).

БЖТ-мі әртүрлі төлемдерді қамтитынына қарамастан, ол жалпы сомамен төленеді. Оларды тарату бойынша, төлемді алушы - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айналысады.

Төлем туралы мәліметтер (егер ол қызмет, автоматтандырылған мобильді банкинг қосымшасы арқылы жасалмаса):

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »ҰАҚ

Пайда алушының БСН: 160440007161

Бенефициар БИК: GCVPKZ2A

ЖСК бенефициар: KZ47009ESP0163609911

KТС 183 –ші   өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың, бірыңғай жиынтық төлемі.

Мемлекеттік корпорация төлемді алғаннан кейін БЖТ сомасын бөледі және оны төлем тапсырмалары бойынша үш жұмыс күні ішінде, тиісті қорларға және ЖТС-ғы ретінде бюджетке аударады.

Егер төлем банк арқылы жүзеге асырылса, онда төлем жасалған кезде банктік алым, алынуы мүмкін.

БЖТ төлеушілері салық есептілігін ұсынбайды. Алайда, БЖТ-мін төлеуді тоқтата тұру немесе БЖТ төлеушілерін, тоқтата тұру туралы ақпарат МКД-нің сайтында көрсетілген.

Қате төленген төлемді қалай қайтаруға болады?

Егер бірыңғай жиынтық төлемі қателікпен жасалған болса, оны қайтаруға болады. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019-шы жылғы 18-ші  қаңтардағы No 4-ші  қаулысымен қарастырылған. Қайтару келесі жағдайларда мүмкін:

• төлем тапсырмасының деректемелеріндегі немесе тізіміндегі қате;

• БЖТ сомасы сол кезеңде, екі немесе одан да көп рет, бір адамға аударылады;

• БЖТ сомасы тиісті кезеңнің, көлеміне сәйкес келмейді;

• төлеушінің тұрақты тіркеу орны туралы мәліметтер базасында, ақпарат жоқ болса.

• төлеушінің тұрақты тіркелген жерінде, мемлекеттік кірістердің аумақтық ұйымы болмаса.

Бұл жағдайда төлем, төлемге есептелмейді және банкке немесе Қазпошта шотына қайтарылады. Соманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қайтару үшін төлеуші ​​өтініш беріп, төлемді растайтын құжаттың көшірмесін қоса беруі керек. Содан кейін:

• Мемлекеттік корпорация төлемнің қабылданған фактісін тексереді (5 жұмыс күні);

• қайтару туралы алдын-ала сұранысты (2 жұмыс күні) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер қызметіне, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақ зейнетақы қорына, Көші-қон қызметі федералды қызметіне жолдайды;

• тізімделген мекемелер өтінімді қарап, Мемлекеттік корпорацияға қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы хабарлама жібереді (7 жұмыс күні).

Мемлекеттік корпорацияның өтінімді қабылдаудан бас тартуының себебі:

• қайтару туралы өтініште көрсетілген сома Мемлекеттік кірістер қызметіне, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Көші-қон қызметі федералды қызметіне және Бірыңғай жинақ зейнетақы қорына аударылған сомаға сәйкес келмейді;

• өтінімде реквизиттер мен төлем тапсырысының сомасы қате көрсетілген (немесе көрсетілмеген);

• өтінімде қайтарудың дұрыс емес, себебі болса.

Салық ұйымы мен қорлардың бас тартуының негіздері:

• төлеу кезеңінде МЗЖ, еңбек тәжірибесіне қосылған;

• төлеу кезеңінде ӘА, әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу тәжірибесіне есептелеген;

• міндетті медициналық сақтандыруды төлеу кезеңінде, төлеушіге ӘМСҚ-ның есебінен, медициналық көмек көрсетілді;

• өтініште көрсетілген қайтару себебі расталмаса.

Мемлекеттік корпорациясы, салық ұйымы мен қорлардан бас тартуды алғаннан кейін, 3 жұмыс күні ішінде төлеушіге жауап жібереді.

Мемлекеттік корпорация ақшаны қайтару туралы оң жауап алғаннан кейін, 2 жұмыс күні ішінде, салық ұйымы мен қорларға электронды өтініш жібереді және оның шотына сұратылған БЖТ сомасын аудару үшін, қаражат жібереді. Аудару 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Содан кейін, Мемлекеттік корпорация 3 жұмыс күні ішінде соманы төлеушінің банктік шотына аударады.

Бұл қайтару ережесі 2024-ші жылға дейін жарамды.

БЖТ төлеушісі кез-келген уақытта Мемлекеттік корпорациядан ЖТС, МЗЖ, ӘА және МӘМС бойынша төленген сомалар туралы ақпарат сұрауға құқылы. Сондай-ақ, МЗЖ сомасын БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинетте шот туралы үзінді жасау кезінде, көруге болады.

• 2021-ші жылы АЕК қанша тұрады толығырақ

• Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация - жүргізу шарттары мен ерекшеліктері, толығырақ

• Патент бойынша ЖК – қалай алуға және Қазақстанда қалай кәсіпті жүргізуге болады? толығырақ осы жерде

• Заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алу шектіктері толығырақ осы жерде

• Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері қандай және оның ТМД елдеріндегі ең төменгі жалақыдан айырмашылығы қандай, сіз мына жерден көре аласыз

• Қазақстандағы жеке кәсіпкерді тіркеу толығырақ

Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту