
Импортты есепке алу көбінесе күрделі және түсініксіз процедура болып табылады. Алайда, заңнама мен стандартты процедураның ерекшеліктерін білу сізге, өзіңізді қателіктерден қорғауға және салық органдарымен қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстанда ең танымал болып, ЕАЭО мүшелеріне жататын көрші елдерден әкелінетін, тауарлардың барлық түрлері саналады. Егер тауарлар импортын ЕАЭО елдерінен шығаралатын болса, оны қалай есепке алу керектігі туралы көбірек біліңіз ...
Импорт дегеніміз не және оларға қандай салықтар салынады?
Импорт (қарастырылып отырған мәселе аясында) - бұл тауарларды ЕАЭО елдерінің аумағына әкелу. Егер импортталатын тауарлар ЕАЭО-ның кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын болса, онда оларға «салық салынатын импорт» ұғымы қолданылады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 422—ші бабына сәйкес, егер Қазақстан аумағына импорт ЕАЭО елдерінің аумағынан жүзеге асырылса, онда оған 12% стандартты мөлшерлеме бойынша ҚҚС-ғы салынады. Импорттаушының ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелгені немесе тіркелмегені маңызды емес - бұл жағдайда салық төлеу міндеті әдепкі бойынша туындайды. Тек, ҚҚС-нан босатылған тауарлар ғана, ерекшелік болып табылады. Олардың тізімі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 451-ші бабында көрсетілген.
Импорт бойынша ҚҚС-ты төлеу келесі айдың 20-шы күніне дейін, импорттаушының тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасында жүзеге асырылады. Бірақ бұл, импорт бойынша салық есептілігі ұсынылғанға дейін, жасалуы керек.
Егер тауарларды сатып алу/сату Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүзеге асырылатын болса, онда мұндай операциялар импорт деп танылмайтындығын, сондықтан импортқа ҚҚС-ғын төлеу және есептер ұсыну міндеттемесі жоқ екенін ескеру қажет.
Егер тауарлар емес, қызметтер импортталса, онда ҚҚС-ғы бойынша тіркелген салық төлеушілер ғана ҚҚС-ты төлейді және егер бұл қызметтерді жүзеге асыру әдісі Қазақстан Республикасының аумағы болса.
Импорттаушыға қандай есептілік ұсынылуы керек?
ЕАЭО аумағынан тауарларды импорттау кезінде, импорттаушы салық есептілігінің екі нысанын ұсынуға міндетті (ҚР Салық кодексінің 456-шы бабы):
• 328.00 нысаны (өтініш);
• 320.00 нысаны (декларация).
Назар аударыңыз! 03.02.2020-шы жылы, Қаржы министрлігінің 20.01.2020 жылғы № 39-шы бұйрығы жарияланды, оған сәйкес 320.00 нысаны 01.01.2020-шы жылдан бастап импорттаушы тапсыратын тиісті формалар тізімінен алып тасталды. Алайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 456—шы бабында тиісті өзгерістер енгізілмеген (2020-шы жылғы 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша). Салық кодексіне тиісті түзетулер енгізетін заң жобасы әзірленді, бірақ әлі қабылданған жоқ. Осыған байланысты, кәсіпкерлер басымдық қағидасы бойынша, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің нормаларын басшылыққа алуы керек, демек олар Қазақстан Республикасының Салық кодексіндағы 456-ші бабында бекітіліп, күші жойылғанға дейін, декларацияны тапсыруы керек.
Есептер беру мерзімі келесі айдың 20-шы күніне дейін. Тапсыру тәртібі келесідей:
• 328.00 нысанын ұсыну;
• қабылдау туралы хабарламаны алу;
• 320.00 нысанына қабылдау туралы хабарламада көрсетілген, Өтінімнің тіркеу нөмірін енгізіңіз;
• 320.00 нысанын ұсыну
Салықтан басқа, ЕАЭО-нан импорттау үшін статистикалық есептерді 1-ТС (КО) нысаны түрінде ұсыну қажет. Тапсыру мерзімі салық есептілігінің нысандарына ұқсас – есепті айдан кейінгі 20-күнге дейін. 1- ТС (КО) есептілігі - келісім-шарт жасалған валютаға қарамастан, теңгемен толтырылады.
Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ЕАЭО-ның мүше - елдерінен импорттайтын жеке тұлғалар нысанды тапсырады.
Маңызды! 2020-шы жылғы 17-ші ақпаннан бастап Экономика министрлігінің 2020-шы жылғы 24-ші қаңтардағы № 9-шы бұйрығымен бекітілген жаңа нысандарын (жаңа 1- ТС (КО) нысанын қоса) қолданыла бастады.
ЭШФ-сын (электронды шот-фактурасын) тағайындау керек пе?
Импортталған тауарларды сату кезінде сатушы ЭШФ-сын, беруге міндетті. Мұндай міндеттеме сатушылар үшін 01.01.2019-шы жылдан бастап пайда болды.Импорттаушыларға арналған ЭШФ беру мерзімі, келесі айдың 20-шы күніне дейін.
Бұл ретте тауарларды, салық есептілігі ұсынылғанға дейін және импортқа ҚҚС-ғы төленгенге дейін, сата аласыз.
Мұнда келесі нюанстарды ескеру қажет: импорттаушылар үшін ЭШФ беру мерзімі 20-шы күнтізбелік күніне дейін, бірақ тізбектегі барлық басқа сатушылар үшін (импорттаушыдан тауар сатып алған) -15-ші күнтізбелік күн ішінде. Сонымен қатар, егер импорттаушы есеп беру мен импорт бойынша ҚҚС-ғын төлеу мерзімін кешіктірсе, сатып алушы, тауарды одан әрі сату кезінде өзінің жеке ЭШФ-сын шығаруда қиындықтарға тап болады - ол дұрыс мәліметтерге ие болмайды:
• жол нөмірлері;
• СЭҚ тауар жүкқұжатының коды;
• өтінімнің тіркеу нөмірі.
Сондықтан, импорттаушы тауарларды сатқаннан кейін есептерді жедел түрде ұсынғаны жөн немесе есептілікті ұсынбас бұрын, сатудан бас тартқан жөн.
Импортты қандай курстық мөлшерлемесі бойынша, есептілікте көрсету керек?
Әдетте импорттық келісімшарттар шетел валютасымен жасалады, ал Қазақстанда бухгалтерлік есеп теңгемен жүргізіледі. Бұндай жағдайда, импорттық операциялар, бухгалтерлік есепте қандай курстық мөлшерде көрсетілуі керек?
Валюталық операцияларды есепке алу тәртібі «ақша баптары» және «ақшалай емес баптар» ұғымдарымен жұмыс істейтін 21 ХҚЕС(Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары)-да бекітілген. Бұл ретте, валютадағы ақша баптарының қайта есептелуі, міндетті түрде әр есепті айдың соңында, есепті күнгі курстық мөлшерлеме бойынша, ал ақшалай емес баптар бойынша мәміле жасалған кезде қайта есептелуі керек.
Импорттаушы операцияның - импорттаушының бухгалтерлік есебіндегі ақшалай немесе ақшалай емес болуы фактісі, есептеулерде алдын-ала төлем немесе кейінгі төлем қолданылғанына байланысты.
Сонымен, егер келісімшартта қазақстандық компаниядан ЕАЭО елдерінің жеткізуші-резидентіне алдын ала төлем көзделген болса, онда тауардың келуі ақшалай емес болып саналады (импорттаушы тауарды күткендіктен). Бухгалтерлік есепте тауар, алдын ала төлем күніндегі курстық мөлшерлеме бойынша немесе бірнеше транштар болған жағдайда, орташа мөлшерлеме бойынша көрсетіледі.
Егер жеткізу шарты, төленгеннен кейін болған болса, импорттаушы алдымен тауарды алса, содан кейін ақшаны жеткізушіге аударса, бұл - ақша бабымен дегенді білдіреді, ол әр есепті айдың, есептік күніндегі курстық мөлшерлеме бойынша қайта есептеуді талап етеді (туындайтын оң немесе теріс курстық мөлшерлеме айырмашылықтарын ескере отырып).