Март 31, 2021

Кәсіпкерлік санатын қалай анықтауға болады?

Кәсіпкерлік санатын қалай анықтауға болады?
Қазақстандағы барлық кәсіпкерлік субъектілері шартты түрде үлкен 3 санатқа бөлінеді: шағын (микрокәсіпкерлікті қоақанда), орта және ірі. Осы немесе  басқа санатқа тағайындау, әртүрлі жеңілдіктерді, стандарттарды қолдау мүмкіндігіне әсер етеді, сонымен қатар субъект, бұзушылықтар болған жағдайда төлеуге міндетті әкімшілік айыппұлдар сомасына әсер етеді. Субъекті қандай критерийлер бойынша, осы немесе басқа санаттарға жатқызатынын ары қарай біліңіз…

Кәсіпкерлерді санаттарға бөлудің құқықтық негіздері.

Қазақстандық бизнестің барлық өкілдерін санаттарға бөлу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-ші бабында бекітілген.

Субъектілер осылай ажыратылады:

  • шағын кәсіпкерлік (оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері);
  • орта кәсіпкерлік;
  • ірі кәсіпкерлік.
Бөлу, орташа жылдық кіріс көлемі мен орташа жылдық жұмысшылар саны қағидасы
Субъект Орташа жылдық жұмысшылар саны,адамдар;
Орташа жылдық кіріс,АЕК.
Сомасы, млн.тг.
1 Микрокәсіпкерлік (ЖК)
15 30 000 79, 53
2 Шағын (ЖК)
100 300 000 795,3
3 Орта (ЖК және заңды тұлға)
101-250 300 000-3 000 000 795,3-7 953
4 Ірі ( ЖК және заңды тұлға )
250-ден астам
3 000 000-нан астам
7 953

бойынша жасалады.

1-ші кесте. Кәсіпкерді белгілі бір санатқа жатқызу критерийлері.

Маңызды! Қазақстан Республикасы Президентінің 08.04.2020-шы жылғы №299-шы Жарлығымен, АЕК мөлшері 2 778 теңге белгіленгеніне қарамастан, 2020-шы жылға орташа жылдық кірістің критерийін есептеу кезінде, 04.12.2019-шы жылы 1-ші қаңтардағы заңмен  бекітілген АЕК мөлшерін қолданады, яғни 2 651 теңге.

Орташа жылдық табыс, субъектің соңғы 3 жылдағы алған сомасы ретінде есептеледі және 3-ке бөлінеді.

Қыметкерлердің орташа жылдық санына филиалдар,өкілдіктер және жеке кәсіпкердің өзі кіреді және келесі нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып есептеледі:

  • 30.12.2015-ші жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1128-ші қаулысымен бекітілген, Ережелер;
  • Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің 29.05.2020-шы жылғы №44 бұйрығы.

Сондай-ақ, ҚР МКК ҚМ Төрағасының 2019-шы жылғы 20-шы қыркүйектегі № 570000/1 сұрағына берген жауабын ескеруіңіз керек (dialog.egov.kz).

Кәсіпкерлік санатын анықтаған кезде, қызмет түріне қатысты щектеулерді де ескеру қажет. Кәсіпкерлік кодекстің 24-ші бабының, 4-ші тармағына сәйкес, егер субъект - қызметкерлердің саны немесе кірісі бойынша микро немесе шағын кәсіпкерлікке жатқызу критерийлерін қанағаттандырса да, егер оның қызмет түрлері төмендегі тізімге байланысты болса, онда оны бұл санаттарға жатқызуға болмайды:

  • психотроптық,есірткі,радиоактивті заттардың айналымы;
  • акцизделетін өнімді өндіру немесе сату;
  • арнайы нан қабылдау орындарында,астықты сақтау;
  • лотореяларды ұйымдастыру және өткізу;
  • казино қызметі;
  • банктік, аудиторлық, брокерлік немесе сақтандыру қызметі (сақтандыру агенттерін қоспағанда);
  • несиелік бюро;
  • қару және оған деген оқтардың, күзетуі немесе айналымы.

Жоғарыда аталған салаларда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, табыстарына қарамастан автоматты түрде, орта кәсіпкерлік ретінде танылады. Егер де  ол, салыстырмалы түрде кішігірім болса да, мұндай ұйымдарды шағын кәсіпкерліктің қатарына жатқызуға болмайды. Алайда, егер олардың жұмысшыларының саны 250 адамнан асып кетсе немесе олардың табысы 3 000 000 АЕК болса, олар ірі кәсіпкерлікке жатқызылады.

Кәсіпкерлікті нақты санатқа тағайындау, неге әсер етеді?

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-ші бабының,2-ші тармағына сәкес кәсіпкерлерді санаттарға бөлу, келесі мақсаттарда қолданылады:

  • мемлекеттік қолдау көрсету;
  • статистикалық есепке алуды жүргізу;
  • басқа мақсаттар.

Іс жүзінде белгілі бір санатқа жату, мыналарға әсер етеді:

  • субъектер, мезгіл сайын ШОК-ке немесе тек шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жеңілдіктер мен субсидияларға сене ала ма;
  • ұйым банктік несиелерді жеңілдетілген мөлшерлемемен ала алады ма;
  • әртүрлі бұзушылықтар анықталған жағдайда, айыппұлдың қандай мөлшерін төлеуге тура келеді.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген, барлық дерлік айыппұлдардың мөлшері бұзушының, кәсіпкерліктің қандай санатына жататындығына тікелей байланысты. Ең қатал айыппұлдар, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қарастырылған.

Сондықтан, қосымша қызметкер жалдау туралы шешім қабылдағанда немесе басқа келісімшартқа қоль қою кезінде, сіз тәуекелдерді өлшеп, бұл іс-әрекет мысалы, шағын кәсіпкерліктің мәртебесін жоғалтуға әкеліп соқтырмайтындығын анықтағаныңыз жөн. Содан кейін, осындай шешім қабылдаудың мақсаттылығын бағалаңыз.Орташа жылдық кірісті кішігірім  өсіруді көздеп, жеңілдіктерді, төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу және т.б. құқықтарды жоғалтып алмау үшін, келер мәміледен бастартқан жөн болар.

Насколько полезна была статья?

(0)

Статьи по теме


НАЗАД

Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру
Все комментарии

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту