
Алкогольді ішімдіктерді сату және сақтау Қазақстанда лицензияланған қызмет түрі болып табылады. Мұндай өнімді заңды түрде сату үшін, кәсіпкер арнайы лицензияны алуы керек. Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға лицензияны қалай және қай жерде рәсімдеуге болады, бұл үшін қандай құжаттар қажет және лицензия қанша тұрады - әрі қарай айтып береміз ...
Алкоголь өніміне лицензияны кім рәсімдеу керек?
Алкогольге лицензияны алатындар (ҚР Салық кодексінің 556-шы бабы):
• заңды тұлғалар;
• жеке тұлғалар;
• жеке кәсіпкер.
Бұл келесі өнімді сату жоспарланған жағдайда, жасалуы керек:
• арақ;
• алкогольдік өнімдер;
• шараптар мен шарап материалдары;
• коньяк;
• бренди;
• сыра және сыра сусындары.
Мұндай сусындармен рұқсатсыз сауда жасау, сатушыға айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР Әкімшілік кодексінің 463-ші бабы):
• жеке тұлғалар үшін - 15 АЕК;
• шағын бизнес үшін - 25 АЕК;
• орта бизнес үшін - 40 АЕК;
• ірі бизнес үшін -150 АЕК.
Алкогольдік лицензия қанша тұрады?
Лицензиялық қызметті жүзеге асыру кезінде, атап айтқанда, алкоголь өнімін сату кезінде төлеушілер төлемдердің екі түрін төлейді:
• жиын (лицензияға алғашқы өтініш беру кезінде немесе көшірмесін беру кезінде рұқсат құжатын бергені үшін бір рет алынады);
• төлем (алкогольді сату және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде, жыл сайын алынады).
Сонымен бірге «алкогольге арналған лицензияның құны» дегеніміз бір реттік төлемді төлеу деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің, 554-ші бабының 4-ші тармағының, 1.77 тармақшасына сәйкес, лицензияны (көшірмесін) бергені үшін, төлем мөлшері-болашақ қызметті жүзеге асыратын орынға байланысты:
• Нұр-Сұлтанда, Алматыда және облыс орталықтарында - 100 АЕК
• облыс орталықтары мен елді мекендерде - 70 АЕК
• ауылдарда - 30 АЕК
Төлем, лицензия беру үшін, құжаттар тапсырылғанға дейін төленеді. Төленген төлем қайтарылмайды. Ерекшелік, лицензиарға құжаттар тапсырылғанға дейін, қызметті алудан бас тартқан адамдарға ғана беріледі. Егер рұқсат алу рәсімі басталған болса, онда ақша қайтарылмайды.
Алкогольдік лицензияны пайдаланғаны үшін, төлем Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 555-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес, қызметтің екінші жылынан бастап төленеді.
Төлем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 557-ші бабында көрсетілген және олар:
• Нұр-Сұлтанда, Алматыда және облыс орталықтарында - 100 АЕК
• облыс орталықтары мен елді мекендерде - 60 АЕК
• ауылдарда - 20 АЕК
Төлем сомасы, лицензиялануға жататын қызмет жүзеге асырылып жатқанда, лицензия алғаннан кейінгі жылдан бастап, жыл сайын төленуі керек (ҚР Салық кодексінің 558—ші бабы). Төлем тоқсан сайын, келесі мерзімде тең мөлшерде төленеді:
• 25-ші наурызға дейін;
• 25-ші маусымға дейін;
• 25-ші қыркүйекке дейін;
• 25-ші желтоқсанға дейін.
Лицензияны қайдан алуға болады?
Алкогольдік лицензияны алудың бірнеше әдісі бар:
• Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және облыс орталықтарында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасында;
• халыққа қызмет көрсету орталықтарында;
• Egov порталында;
• www.elicense.kz «электрондық лицензиялау» порталында.
Егер төлеуші лицензияны бірінші рет рәсімдеген болса, оның құны алым құнына тең болады (ҚР Салық кодексінің 554-ші бабының,4 –ші тармағы, 1.77-тармақшасы). Егер болған лицензияны қайта рәсімдеу қызметі қажет болса, жаңа құжаттың құны – лицензия алғаш берілген кезде алынатын мөлшерлеменің 10%-зын құрайды.
Қандай құжаттар қажет?
Құжаттардың тізімі төлеушілердің барлық санаттары үшін бірдей (заңды тұлға, жеке тұлға және жеке кәсіпкерлер).
Лицензияны алу үшін, ХҚО-ға немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасына мыналарды ұсынасыз:
• белгіленген нысандағы өтініштер (1-ші және 2-ші);
• чек немесе түбіртек - алым сомасының төленгендігін растау (егер төлем Egov порталы арқылы төленген, жағдайдан басқасы);
• үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (егер ол бір жылдан аз мерзімге жасалған болса);
• біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы, ақпарат нысаны.
Лицензияның көшірмесін алу үшін құжаттар тізімі шектеулі:
• ерікті түрдегі өтініш нысаны;
• егер төлем Egov порталы арқылы өтпесе, алымды төленгенін растау.
Құжатты қайта ресімдеу үшін сізге қажет:
• 1-ші және 2-ші өтініштері.
• лицензиаттың лицензияны иеліктен шығаруға рұқсаты.
• алым төленгенін растау;
• ұзартуға негізделген құжаттардың көшірмелері,
Egov арқылы онлайн-лицензияны қалай алуға (қайта рәсімдеуге) болады?
Ең оңай нұсқасы - лицензияны халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасында, кезек күтуді қажет етпестен алу.
Онлайн лицензиялаудың негізгі порталы - «электрондық лицензиялау» порталы www.elicense.kz. Төлеуші лицензияны тікелей осы порталда бере алады (бұл тіркеуді және ЭСҚ-ны талап етеді) және Egov порталының автоматтандырылған қызметін пайдалана отырып.
Egov порталында қызметті алу үшін сізге:
• кіру;
• «Бастапқы» / «Бизнеске» / «Лицензиялау және аккредиттеу» / «Лицензиялау» / «Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру ...» бөліміне өтіңіз.
• «Онлайн қызметіне тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
• қажетті мәліметтерді көрсетіңіз, электронды өтініш нысанын толтырыңыз;
• алым сомасын төлеу;
• өтінішке ЭЦҚ-сымен қол қою.
Электрондық қызметтерді ұсыну мерзімі -1 жұмыс күні (көшірмесі 2-кі күн).
Дайын лицензияны немесе дәлелді бас тартуды Жеке кабинеттен «Менің рұқсаттарым» немесе «Менің хабарламаларым» бөлімінен көруге болады.
Осылайша, алкогольдік өнімдерімен бөлшек саудада,сауда жасағысы келетіндерге, өздігінен лицензияны алу қиын емес. Қызметті онлайн алу, құжат алу үшін уақыт пен күш-жігерді айтарлықтай үнемдейді.
Mybuh.kz арқылы лицензияны қалай алуға болады?
Лицензия алу процедурасын жеңілдету және өтініштердің дұрыс толтырылғанына сенімді болу үшін, Сіз Mybuh.kz мамандарынан «Алкогольге лицензия алу» қызметін пайдалана аласыз.
Кәсіпкерлерден мыналар қажет:
• ЭСҚ
• лицензиялық алым сомасының төленгені туралы түбіртек
• үй-жайларды жалдау келісімшартының көшірмесі
• Коммуналдық қызметтерге арналған келісімшарттардың көшірмелері (сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы)
• жекеменшік иесінің БСН-рі / ЖСН-рі және жер телімдерінің кадастрлық нөмірі
• БKM тіркеу картасынан алынған мәліметтер
Біздің мамандар, сіз үшін барлық қажетті өтініш нысандары мен ақпарат нысандарын толтырады. Біз, деректерді толтырудың дұрыстығына және ресми лицензияны жедел алуға кепілдік береміз.
Mybuh.kz арқылы лицензия алу қызметінің құны 45 000 теңгені құрайды. Қызметке тапсырыс беру үшін, төмендегі нысанды толтырыңыз.