Logo
Онлайн бухгалтерия №1 в Казахстане!
Показатели МРП, МЗП...
  • МЗП — 60 000 тг
  • МРП — 3 063 тг
  • Размер стандартного налогового вычета — 14 МРП (42 882 тг)
  • Максимальный оборот по патенту за год — 3 528 МРП (10 806 264 тг)
  • Максимальный оборот по упрощенной декларации за полугодие — 24 038 МРП (73 628 394 тг)
  • Максимальный оборот по фиксированному вычету за год — 144 184 МРП (441 635 592 тг)
  • Минимум оборота для постановки на учет по НДС за год — 20 000 МРП (61 260 000 тг)

ЖШС-не Қазақстанда дивидендтерді қалай төлеуі керек.

ЖШС-не Қазақстанда дивидендтерді қалай төлеуі керек.

#Пайдалы #Есеп бөлімі

Опубликовано: 20.05.2021 Количество просмотров 1897
Қаржы жылы аяқталды, оның нәтижелері бойынша кәсіп иелері өз жұмысының қандай нәтиже бергенін көре алады: пайда немесе шығын. Шығындар жағдайында, тек орындалған жұмыстың сапасы мен болашақтағы іс-шараларды жоспарлау туралы, сұрақ туындайды. Егер, ЖШС-нің шоттарында бос қаражат болса және компания пайдада болса, онда құрылтайшылар (қатысушылар) дивиденд алуға құқылы.

Кең таралған адастырма пікірге қарағанда, дивиденд алуға әр түрлі АҚ-ның, акциялардың иелері ғана емес, ЖШС-тің құрылтайшылары (қатысушылары) да құқылы.

Қазақстанда ЖШС-гі дивидендтер төлеудің, рәсімделу тәртібі қандай?

Қазақстандағы ЖШС-те дивидендтер төлеу «Серіктестіктер туралы» 1998-ші жылғы 22-ші сәуірдегі No 220-шы Заңының 40-шы бабымен реттеледі.

Бірінші кезекте төлем рәсімін құжаттау қажет. Бұл үшін:

• ЖШС-тің қатысушыларының келесі жалпы жиналысын өткізу;

• ағымдағы жылдағы немесе өткен жылдардағы қызмет нәтижелерін көрсетіп және қатысушылар арасындағы таза кірісті бөлу туралы, шешім қабылдау.

№ 220-шы Заңының 44-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес, жиналыс есепті қаржы жылы аяқталғаннан кейін, 3 айдан кешіктірілмей өткізілуі керек. Бұл 2021-ші жылда - 31-ші наурызға дейін. Сондықтан, егер сіз есепті кезеңнің нәтижелері бойынша дивидендтер төлеу мүмкіндігіне ие болсаңыз, онда құжаттық рәсімді, осы мерзім аяқталғанға дейін бастаңыз.

ЖШС-нің әрбір қатысушысы бөлінген таза табыстың бір бөлігін, ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесіне пропорционалды түрде алуға құқылы. Сонымен бірге жинақталған таза кірістің барлық көлемін бөлу, мүлдем қажет емес. Шешімде, сіз тек таратуға жіберуді жоспарлап отырған соманы көрсете аласыз, ал қалған бөлігі ұйымның балансында қалады.

Заңнамаға сәйкес, дивидендтер ақшамен, теңгемен төленеді және төлем Қаулы шыққан күннен бастап 1 ай ішінде төленуі керек. ЖШС-тің жарғылық капиталы толық қалыптаспаған жағдайда ғана, дивидендтерді төлеуге тыйым салынады - барлық қаражат банктік шотқа түспегендіктен.

Дивидендтерге салық салу.

Дивидендтер, басқа кірістер түрлеріне сияқты, салық салынады. Алайда, дивидендтерге салынатын салық мөлшерлемесі ЖШС-тің қатысушысының (жеке немесе заңды тұлға) мәртебесіне және ҚР резиденттігінің болуына байланысты.

Мөлшерлемелер келесідей:

• жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері -5% (ҚР Салық кодексінің 320-шы бабының 2-ші тармағы);

• жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері емес -15% ҚР Салық кодексінің 644-ші бабының 1-ші тармағының(10-тармақшасы), 655-ші баптың 1-ші тармағы, 646-шы бабы);

• Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, алынған дивидендтерді жылдық кірістеріне қосады, содан кейін оны КТС-ғы бойынша салық салынатын табысты анықтаған кезде, дивидендтің мөлшеріне қарай түзетеді (бұл жағдайда дивидендтер төлеген ЖШС осы сомалар үшін, салық агентігінің міндеттемелерін көтермейді);

• заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері емес -15% (ҚР Салық кодексінің 646-шы бабының 1-ші тармағының 5-ші тармақшасы);

• жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген, Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары -20% (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 646-шы бабының 2-шітармағы, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 644-ші бабының 1-ші тармағының 4-ші тармақшасы).

Қаржы министрлігінің 2020-шы жылғы 25-ші қыркүйектегі № 920-шы бұйрығымен, салық салудың жеңілдігі бар мемлекеттердің соңғы Тізімі бекітілген (57 мемлекет пен олардың аумақтарының бөліктерін қамтиды).

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 341-ші бабының 1-ші тармағының 8-ші тармақшасына сәйкес, ЖШС қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар, егер сол уақытта келесі шарттар орындалған жағдайда, дивиденд салығын төлемейтінін ескеру қажет:

• жеке тұлға ЖШС-де 3 жылдан астам уақыт, үлеске ие болса;

• ЖШС - Қазақстан Республикасының резиденті және жер қойнауын пайдаланушы мәртебесіне ие емес;

• егер қатысушының өз,і жер қойнауын пайдаланушы болса, оның ЖШС-дегі үлесі 50% -дан аспайды.

Қазақстандық ЖШС-тің көп бөлігі, жер қойнауын пайдаланушылар санатына жатпайтындықтан, ЖШС-тің қатысушыларына - жеке тұлғалар үшін барлық үлестеріне иелік ету мерзімі, 3 жылдан аспайтын уақытқа дейін, таза кірісті таратпау мағынасы бар. Бұл жағдайда, барлық қатысушылар дивиденд салығын төлеуден босатылады және айтарлықтай мөлшерде үнемдеуге, мүмкіндік алады. Бірақ, салық төлеуден босату, дивидендтердің есептелуінен және есептілікте көрсетілуінен босатуды білдірмейді - декларацияда есептелген сомалар көрсетілуі керек.

Дивидендтерге қандай есеп беру керек?

Жеке және заңды тұлғалардан ұсталған дивидендтер салығы, ұсталған айдан кейінгі айдың 25-іне дейін, бюджетке аударылуы керек (Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 655-ші бабының 5-ші тармағы).

Дивидендтер төлеген Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖШС, салық агенті ретінде оған есептелген және төленген сомаларды көрсете отырып, 200.00-нысанын тапсыруға міндетті.

Жеңілдетілген режимдегі ЖШС 200.00 нысанын тапсырмайды. Есептелген дивидендтердің мөлшері (егер оларға ЖТС-ғы салынатын болса) 910.00.014 жолында ұсталған ЖТС-ғы ретінде 910-шы нысанда көрсетіледі. Егер дивидендтерге ЖТС-ғы салынбаса (акцияларға меншік құқығы 3 жылдан асқан жағдайда), есептелген сомалар, тек салық тіркелімдерінде көрсетілуі керек. 910.00-шы нысаны бойынша жолдар тек, есептелгенге арналған, бірақ ЖТС-ғы салынбайтын дивидендтеріне жоқ.

Насколько полезна была статья?

(0)

Больше интересных статей

#Пайдалы

Бухгалтерский учет для начинающих: важные аспекты, которые должен знать каждый

Бухгалтерский учет для начинающих имеет немало особенностей. Изначально важно уяснить, что даже малейшие ошибки в бухгалтерском учете приводят к значительным неприятностям, в том числе к материальным потерям.

#Пайдалы

Аяқталған жұмыстың электрондық актісі: қалай жазылуға болады.

АЖЭА: қалай жазуға болады және қай күнмен рәсімделеді. Аяқталған жұмыстың электрондық актісі дегеніміз не (АЖЭА). АЖЭА-сін қалай рәсімдейді. Құжатты қай күні жазуға болады.

#Пайдалы

Алименты в Казахстане: порядок удержания из заработка работника.

Алименты в Казахстане: что нужно знать работодателю. Порядок удержания алиментов на детей и нетрудоспособных родителей. Что является основанием для удержания алиментов. Какие ограничения по сумме удержаний установлены законом.

#Пайдалы

Жалақыны уақтылы төлемегені үшін айыппұл: ставка, есептеу мерзімі, есептеу тәртібі.

2021-ші жылы жұмыс берушінің, жалақыны уақтылы төлемегені үшін өсімпұл. Қалай есептеуге болады. Жалақы төлеуді кешіктіргені үшін, жұмыс беруші қызметкерге қандай өсімпұл төлеуге міндетті. Өсімпұлды қалай есептеуге болады.

#Пайдалы

Электрондық құжат айналымы: ұйым үшін қандай пайдасы бар?

ЭҚА-мы бұл не? Электрондық құжат айналымы, ұйымға  деген қандай пайдасы мен ыңғайлығы бар. Құжаттар қалай алмасады және құжаттарға қалай қол қойылады.

#Пайдалы

Жеңілдіктер тізімі: бұл не және қандай тауарлар бар

Жеңілдіктер тізімі дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады. Тізімге қандай тауарлар кіреді және не үшін. «Тізімге енгізілген тауар» дегеніміз не?

#Пайдалы

Cчет фактура, товарная накладная, авансовый отчет: Все про документы первичного учета

Счёт фактура — самый важный налоговый документ при работе предпринимателей оказывающие торговые сделки , работы, или услуги. Все компании ведущие бухгалтерский учет знают, как важно корректно выставлять или получать счет фактуру.

#Пайдалы

Что такое бухгалтерский консалтинг, а также о других консалтинговых услугах онлайн в Казахстане

Что такое бухгалтерский консалтинг и кому он будет полезен. Какие еще бывают услуги консалтинга онлайн: бизнес-консалтинг, финансовый и управленческий консалтинг. Собственный опыт.

#Пайдалы

Виртуалды қойма: ол не және не үшін қажет?

Виртуалды қойма не үшін арналған. Ол қандай функцияларды орындайды және пайдаланушылар үшін, қаншалықты пайдалы.

#Пайдалы

Как проверить задолженность по налогам.

Задолженность по налогам: где можно проверить наличие недоимки? С помощью каких сервисов можно узнать о наличии налоговой задолженности физлиц и ИП онлайн.

Новые видео на Youtube youtube-image

НАЗАД

Комментарии

Комментарии пока отсутствуют. Будьте первыми кто оставит

Пікір қалдыру
Все комментарии
Загрузка кода...