Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

Тұрақты шегерімді қолданумен арнайы салық режимі

Тұрақты шегерімді қолданумен арнайы салық режимі онлайн бухгалтерия mybuh Артықшылығы, қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан бағаланбайтын арнайы режим - тіркелген шегерімді қолданатын режим. Бұл режим 2018-ші жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде пайда болды және олардың әрқайсысының мүмкіндіктерін біріктіретін «жеңілдетілген» және жалпыға бірдей белгіленген режим арасындағы, аралық кезеңді білдіреді. Тұрақты шегерім режимінің ерекшеліктері туралы көбірек біліңіз ...

Тұрақты шегерім режимінің ерекшелектері қандай?

ТШ(Тұрақты шегерім)арнайы режимін пайдалану ерекшеліктері ҚР Салық кодексінің 683-ші бабында бекітілген. Оның артықшылықтары:

• қарапайым бухгалтерлік есеп (ЖШС есеп жүргізеді, жеке кәсіпкерлер бұл міндеттемеден босатылады);

салық есептілігі нысанының, оңай толтырылуы;

• құжаттық дәлелдемелерсіз, шығыстарды шегеру мүмкіндігі (алынған табыстың 30%-на дейін).

ЖШС және жеке кәсіпкерлер осы ерекше режимді қолдана алады:

• қызметкерлер саны 50 адамға дейін;

• кірісі жылына 144 184 АЕК-ке дейін (2021-ші жылы -420 584 728 теңге);

• әртүрлі елді мекендерде, бөлімшелері немесе салық салу объектілері жоқ;

• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағының 3-ші тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерімен айналыспаған.

МАҢЫЗДЫ! 01.01.2021-ші жылдан бастап, Қазақстанда АЕК 2 917 теңгені құрайды.

Бұл арнайы режимді, агенттік келісімдер бойынша қызмет көрсететін ұйымдар қолдана алады. Сондай-ақ, бұл табысы мен жұмысшылар санының шектеулерінен асып кетуіне байланысты, «жеңілдетілген» жүйені қолдана алмайтын ЖШС-дер мен жеке кәсіпкерлер үшін тиімді болады.

Тұрақты шегерім режимі бойынша салық салынатын табыс, қалай анықталады?

Салық есебіне жататын кірістерді айқындау кезінде, осы арнайы режимде кірістер алынып тасталады:

• бағамдық айырмашылық бойынша;

• міндеттемелерді есептен шығарудан;

• активтерді шығарудан және т.б.

Тек, тауарларды сатудан немесе қызмет көрсетуден түскен табысқа, салық салынады.

Шегерімдерге (құжаттық дәлелдемелермен) келесі шығыстар түрлері жатады:

• тауарларды сатып алу үшін;

• қызметкерлерге есептелген кірістер бойынша (ҚР Салық кодексінің 257-ші бабы);

• бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуге (ҚР Салық кодексінің 263-ші бабы);

• іссапар шығындары (ҚР Салық кодексінің 244-ші бабы).

Тізім жабық екенін ескеріңіз. Бұл арнайы режимді пайдалану кезінде басқа шығындар, тіпті олар құжатталған болса да, шегерім ретінде қабылданбайды.

Жоғарыда келтірілген шығындардан басқа, салық төлеуші ​​осы арнайы режим мен қалғандарының арасындағы негізгі айырмашылықты анықтайтын, қосымша тіркелген шегерімді қолдануға құқылы. Белгіленген шегерімді қолдану тәртібі,Қазақстан Республикасының Салық кодексінде 693-ші бабында, кірістердің 30% -на дейін шегерімдерге жатқызылатын шығыстар сомасына қосуға болатындығы, көрсетілген. Бұл жағдайда шығыстардың жалпы сомасы (құжатталған және тұрақты шегерім) кіріс сомасының 70% -нан аспауы керек.

Бұл дегеніміз, іс жүзінде салық төлеушілер салық салынатын кірісті, алынған кіріс мөлшерінің 30% -на дейін төмендете алады, бұл салық салу тұрғысынан мұндай арнайы режимді өте пайдалы етеді, егер табыс мөлшері немесе жұмысшылар саны«жеңілдетілген салық салуды» қолдануды рұқсат етпесе.

Мысал:

Бір жыл ішінде ЖШС (ЖК) сатудан түскен табыс 50,000,000 теңгені құрайды.

Құжатталған шығындар -25,000,000 теңге.

Тұрақты шегерім сомасы:

50,000,000 * 30% = 15,000,000 теңге.

Жалпы алғанда, шегерімдер үшін алынатын сома:

25,000,000 +15,000,000 = 40,000,000 теңге.

Алайда, шегерімге қабылданған шығыстардың мөлшері, кірістің 70% -нан аспайтын шектеулерді, сақтау қажет.

50,000,000 * 70% = 35,000,000 теңге. (соманың жоғарғы шегі)

Сондықтан, 40 000 000 теңгені емес, 35 000 000 теңгені ғана шегеруге рұқсат етіледі.

Салық салынатын табыс:

50,000,000 -35,000,000 = 15,000,000 теңге.

 ЖШС-тік жағдайында, «КТС» 20%-ды құрайды:

15.000.000 * 20% = 3.000.000 теңге.

Жеке кәсіпкерлер үшін 10%-ды мөлшерлеме қолданылады:

15 000 000 * 10% = 1 500 000 теңге.

Тұрақты шегерім режимін қолданған кезде, қандай салықтар төленеді?

ҚР Салық кодексінің 684-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес, ТШ арнайы режимін қолданған кезде, салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Салықтарды есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 685-ші бабында белгіленген.

ЖШС тұрақты шегерім режимінде, төлейтіні:

• ЖШС-тің салық салынатын кірісінің, 20%-зы КТС-ғы (ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін -10%);

• ҚҚС-ғы 12%-ды мөлшерлемесі бойынша (егер ең төменгі айналымнан асып кетсе);

• жұмыс берушінің қызметкерлерге төлеген шығыстарының 9,5% мөлшерінде әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар сомасын шегергенде;

• ЖШС қызмет түріне байланысты, басқа салықтар.

Тұрақты шегерім режиміндегі, жеке кәсіпкердің төлейтіні:

• Жеке табыс салығы 10%-ды мөлшерлемемен.

• әлеуметтік аударымдарды алып тастағандағы 2 АЕК-ші, өзіңіздің жалақыңыздан әлеуметтік салық;

• жалақыңыздың 10%-зы - өзіңіз үшін міндетті зейнетақы жарналары;

• сіздің жалақыңыздың 3,5%-зы - өзіңіз үшін әлеуметтік аударымдар;

• 1,4 ең төменгі жалақыдан 5%-зы (яғни 2021-ші жылға арналған 2975 теңге) – өзіңіз үшін медициналық сақтандыруға жарналары (МӘМЖ).

• ҚҚС-ғы 12% мөлшерлемесі бойынша (егер ең төменгі айналымнан асып кетсе);

• әлеуметтік аударымдарды алып тастағандағы, 1 АЕК - қызметкерлерге әлеуметтік салық.

ЖШС жұмыскерлері мен жеке кәсіпкерлердің жалақысының мөлшерінен, олар сондай-ақ, қосымша төлем төлеуге міндетті:

• 10% ЖТС (жеке табыс салығы) - 25 АЕК-тен жоғары жалақыдан;

• 10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);

• 3,5% ӘА (әлеуметтік аударымдар);

• 2% міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС);

• 2% МӘМЖ (міндетті әлеуметтік медициналық жарналар).

Азаматтық-құқықтық келісімшарттары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 2021-ші жылы МЗЖ 10%-ды құрайды (2020-шы жылдың 2-ші жартыжылдығымен салыстырғанда, АҚК-ры үшін 5%-ды мөлшерлеме қолданылған).

• 3-ші топтағы мүгедектер;

• тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктер.

Жалақы салығы ай сайын, алдыңғы айдың 25-не дейін (ақпан айында-қаңтар айы үшін) төленеді.

Тұрақты шегерім режимінде ҚҚС-ғын төлеу қажет пе?

ЖШС және тұрақты шегерімді қолданатын жеке кәсіпкер, ҚҚС-ғы бойынша тіркеле алады:

• өз еркімен (егер табыс шегінен аспаса);

• міндетті түрде (шегтікке жеткенде).

Қолма-қол ақшамен жұмыс істеген кезде, егер айналым жылына 30000 АЕК (2021-ші жылға 87 510 000 теңге) шегінен аспаса, ҚҚС-ғы бойынша тіркелу және салық төлеу қажет емес.

   Егер шектен асып кетсе, сізге:

• салық органында ҚҚС-ғы бойынша тіркелу;

• ҚҚС төлеушінің куәлігін алу;

• 10% табыс салығына қосымша, 12% ҚҚС-ғын төлеу;

• 300-ші нысанын тапсыру (ҚҚС-ғы бойынша декларация).

Сонымен бірге, бұл 30000 АЕК айналымның барлығын қамтымайды, тек Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 369-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес, ҚҚС-ғы салынатын тауар айналымын қамтиды.

Тұрақты шегерім қолданған кезде, салық төлеушілер қандай есептерді ұсынады?

ЖШС және жеке кәсіпкер тұрақты шегерімді пайдалану кезінде, салық ұйымына келесі есеп беру нысандарын, ұсынады:

• 912.00 нысаны (тұрақты шегерімді қолдану кезіндегі декларация) - келесі жылдың 31-ші наурызына дейін, салық төлеу - декларация тапсырылған күннен бастап 10 күн ішінде;

• 200.00 нысаны (ЖТС бойынша декларация және әлеуметтік салық) - келесі жылдың 15.05-не, 15.08--не, 15.11--не және 15.02-не дейін.

• 701.01 нысаны (ағымдағы мүлік салығының төлемдерін есептеу) - есепті жылдың 15-ші ақпанына дейін;

• 700.00 нысаны (көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация) - келесі жылдың 31-ші наурызына дейін, салық төлемі - декларацияны тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде.

• 300 нысаны (ҚҚС-ғы бойынша декларация) - 15.08-не дейін.

ЖШС пен ЖК тұрақты шегерімді пайдалану кезінде, есебін қалай жүргізуге болады?

Арнайы режимде, тұрақты шегерімді қолданған кезде, ЖШС үшін толыққанды бухгалтерлік есепті және жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген режимді, қажет етеді. Алайда, барлық салық төлеушілер есеп беру мен салық төлеу мерзімдерін сақтауы керек. Сондықтан бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін, сіз мыналарды қолдана аласыз:

• штаттағы есепші немесе есепшілер штаты;

• келіп-келер есепші;

• аутсорсингке беру.

Mybuh.kz-тен арнайы онлайн-қызмет бухгалтерлік есептің барлық бағыттарын қамтып қана қоймай, сонымен бірге 912.00-ші және 200-ші нысандарындағы салық есептілігін дайындауға және салық органына онлайн режимінде ұсынуға мүмкіндік беретін, бухгалтерлік есеп жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.

Тапсырушы үшін екі тариф бар:

• «Өз-өзіңізге есепші»;

• «Жеке есепші».

«Өз-өзіңізге есепші» тарифі жеке кабинеттегі бухгалтерлік есеп функцияларын дербес орындауды көздейді, бұл штаттағы бухгалтердің жалақысының құнын төмендетуге, мүмкіндік береді.

«Жеке есепші» тарифі әр түрлі қызмет түрлерімен, айналымы жоғары және ҚҚС-ғы есебімен тіркелген ЖШС-ке және жеке кәсіпкерлерге жарамды.Ол Аутсорсингтің есебін Mybuh.kz мамандарына аутсорсингке беруді көздейді.

Тапсырушыдан сізге қажет:

• ЭСҚ кілтін беру;

• алынған кірістер мен шығыстардың мөлшері туралы ақпарат беру.

Біздің маман, барлық қажетті бухгалтерлік процедураларды жүзеге асырады, салық есептілігі нысандарын қалыптастырады және ұсынады.

Mybuh.kz-тен онлайн-бухгалтерлік есеп - қызмет сапасын жоғалтпастан, ақылды үнемдеу.

Жеке есепші бөліміне, сұраныс қалдырыңыз



  • Ликвидация ТОО в Казахстане: каков порядок проведения и сроки процедуры.подробнее
  • Как осуществить приостановление деятельности или ликвидацию ИП в Казахстане подробнее здесь
  • ИП упрощенка: Упрощённая декларация в Казахстане - условия и особенности ведения, подробнее
  • Установлены лимиты по снятию наличных для юрлиц подробнее здесь 
  • Единый совокупный платеж в Казахстане: кто платит, ставка ЕСП, как платить ЕСП подробнее здесь
  • Какова сумма минимальной зарплаты в Казахстане и насколько она отличается от МЗП стран СНГ, можно посмотреть здесь 

Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту