Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

ТСЖ(Тауарларға сүйемелдеу жүкқұжаты): қате жазылған жүкқұжатты қалай түзетуге болады.

ТСЖ(Тауарларға сүйемелдеу жүкқұжаты): қате жазылған жүкқұжатты қалай түзетуге болады. онлайн бухгалтерия mybuh

Іс жүзінде, бұрын рәсімделген құжатты түзетуге қажет жағдайлар,  жиі туындайды. Сіз ТСЖ-на да түзетулер енгізе аласыз (ЭШФ АЖ-ін пайдаланушылары оларды 01.10.2020-шы жылдан бастап шығаруына міндетті болады). Бұрын берілген ТСЖ-на түзету, келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:

• өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

• қателерді түзету (тауарды жеткізушіні немесе алушыны ауыстырудан басқа).

Ертеде рәсімделген құжатты жоя отырып, бұл жағдайларда түзетілген ТСЖ-тын жазуға, жол беріледі. Бұл мүмкіндік ЭШФ АЖ-нің WEB-порталында берілген. Бұл жағдайда түзетілген ТСЖ, ертеде рәсімделген жүкқұжаты негізінде жазылады, егер ол келесі мәртебеде болса:

• «Қаралмаған»;

• «Жеткізілген».

Сонымен бірге, белгілі бір мерзім бар: түзетілген ТСЖ-ты, құжаттың түпнұсқасы жасалған күннен бастап, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, жазуға болады. Бұл жағдайда нысанды тіркеу журналында «ТСЖ Түзету» батырмасы белсенді болады. Егер 5 жұмыс күні өтіп кеткен болса, онда түзету функциясы, қол жетімді болмайды.

Түзету жүкқұжаттын жасау үшін сізге:

• журналдан ТСЖ таңдаңыз;

• «ТСЖ Түзету» батырмасын басыңыз;

• түзетілген ТСЖ-ның ашылған түрінде, дұрыс ақпаратты енгізіңіз (бұл жағдайда түзету туралы белгі, 5-бағанда көрсетіледі және түзетілген ТСЖ-на ЭШФ АЖ-де тіркеу нөмірі беріледі);

Түзетілген ТСЖ-ты:

• жобалау ретінде сақтау;

• контрагентке жіберу;

• жабу.

Түзетілген нысанды RSA сертификатымен қол қою керек, содан кейін ол сақталады және алушыға жіберіледі. Бұл жағдайда түзетілген ТСЖ «Қаралмаған» мәртебесін алады, ал ертедегісі - «Жойылған».

Бастапқы құжаттын жағдайындай, түзетілген ТСЖ-ты алушымен расталуы керек, содан кейін тауар жеткізушінің «Виртуалды қоймасынан» есептен шығарылады.

• Сатып алушы ТСЖ-ты растамады: тауарлар Виртуалды қоймадан есептен шығарыла ма, толығырақ

• ТСЖ және уйдің маңындағы дүкендер: сізге жүкқұжатын шығару керек пе? толығырақ

• Электрондық құжат айналымы: ұйым үшін қандай пайдасы бар? толығырақ

• ЖШС-ті Қазақстанда тарату: процедураның тәртібі мен уақыты қандай? толығырақ осында

• ЖШС-ті Қазақстанда қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет? толығырақ осында

• Кімді  3 жылға салықтан босатты? толығырақ

• Қазақстандағы жеке кәсіпкерді қалай тоқтата тұруға немесе таратуға болады? толығырақ

Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту