Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

Қазақстандағы ТСЖ: қандай тауарларды есептен шығару керек, мерзімдері, айыппұлдары.

Қазақстандағы ТСЖ: қандай тауарларды есептен шығару керек, мерзімдері, айыппұлдары. онлайн бухгалтерия mybuh

ТСЖ дегеніміз не?

«Тауарларға сүйелдемеу жүкқұжат» (ТСЖ) ұғымы 2020-шы жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде пайда болды (ҚР Салық кодексінің 1-ші бабының 63-ші тармағы). Бұл белгілі бір жағдайларда, тауарлардың белгілі бір түрлеріне ресімделетін, электронды құжат болып табылады.

ТСЖ-ты келесі мақсаттар үшін қолданылады:

• құжат айналымын жеңілдету;

• салық салынатын базаны есептеу;

• кедендік және салықтық әкімшілендіру.

ТСЖ, тек электронды түріне қарамастан, толыққанды бастапқы есепке алу құжаты ретінде танылады және жөнелту құжаттар пакетіне кіреді. Бұл дегеніміз, сатушы (импорттаушы) тауарларды әкелу немесе жөнелту кезінде, салық және кеден органдарына қағаз жүкқұжатын ұсынбай, ТСЖ-тын қолдана алады.

ТСЖ -ты қазақстандық кәсіпкерлер мен ұйымдар, келесі жағдайларда рәсімделеді:

• тауарларды ел ішінде сату, жөнелту, жылжыту кезінде;

• тауарларды Қазақстанға импорттау кезінде;

• тауарларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау кезінде.

Шындығында, іс жүзінде тауарлардың кез-келген қозғалысы үшін құжат жасалуы керек болады. Алайда, бұл сатылатын тауарлардың барлығына қатысты емес, тек Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлейтін және бекіткен шектеулі тізімге қатысты. ТСЖ-тын жазу қажет тауарлар санаттарының тізбесі, сондай-ақ осынедай түрдегі құжаттарды рәсімдеу ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019-шы  жылдың 26-шы желтоқсандағы No 1424-ші бұйрығымен бекітілген. Сол құжаттың қосымшасында бекітілген, бірыңғай жүкқұжаттың нысаны бар. Кейін Тізбе, 2020-шы жылғы 13-ші сәуірдегі No 379-шы бұйрығымен толықтырылды.

ТСЖ беру міндеті олардың ұйымдық нысандарына қарамастан (ЖК, ЖШС) Тізімде көрсетілген тауарларды сататын, әкелетін және әкететін барлық салық төлеушілерге жүктеледі. Жүкқұжатты рәсімдеу тәртібін бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасына жүктеледі (ҚР Салық кодексінің 176-шы бабы).

Құжат келесі жағдайларды қоспағанда, теңгемен жазылып беріледі:

• өнімді бөлу туралы келісімнің болуы;

• 0%-ды ҚҚС мөлшерлемесі бойынша экспорттау (ҚР Салық кодексінің 386-шы, 446-шы, 449-шы баптары);

• 0%-ды ҚҚС мөлшерлемесі бойынша айналым (ҚР Салық кодексінің 393-ші бабының 3-ші тармағы).

Импорт кезінде ТСЖ-ты теңгемен немесе құжатта көрсетілген валютада рәсімделеді.

Тауарларыдың қандай санаттарына ТСЖ-тын рәсімдеу қажет?

Соңғы өзгерістерге сәйкес (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2020-шы жылғы 13-ші сәуірдегі No 379-шы бұйрығы) келесі санаттағы тауарларға ТСЖ-ты жазылуы керек:

1. биоотын;

2. спирт (этил) және алкоголь өнімі;

3. мұнай өнімдерінің кейбір түрлері (20.07.2011-ші жылғы № 463-ші заңына сәйкес);

4. темекі өнімдері;

5. импорттық баж салығының төмендетілген мөлшерін қолдануға рұқсат етілген тауарлар (Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарына сәйкес);

6. ЕАЭО елдерінің аумағынан әкелінген тауарлар;

7. ЕАЭО елдерінің аумағына шығарылатын тауарлар;

8. міндетті түрде таңбалануға жататын тауарлар;

9. импорттық баж салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға рұқсат етілген тауарлар (Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттарына сәйкес) және олар үшін ЭШФ-сы, АЖ «Виртуалды қойма» модулі арқылы шығарылады.

ТСЖ-ты қанша мерзімде рәсімдеу қажет?

ТСЖ-ты жүйеге тіркеу үшін кәсіпкерлер мен ұйымдарға берілетін мерзім өте шектеулі. Салық төлеушіге жүкқұжатты рәсімдеп үлгеруі қажет:

• тауарлар ел ішінде қозғалғанда - жөнелту процедурасы басталған күні;

• ЕАЭО-на мүше емес мемлекеттердің аумағынан әкелінген кезде - тауарларды еркін сатылымға шығарғаннан кейін бірден (келесі күннен кешіктірмей);

• ЕАЭО елдерінің аумағынан әкелу кезінде - Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін, бір күн бұрын;

• экспорт кезінде - тауар жылжитын күннен кешіктірмей.

ТСЖ-ты қай жерде және қалай рәсімделеді?

ТСЖ-ты құру - ЭШФ АЖ-де  электрондық шот-фактуралар шығарылатын, сол ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады.

ЭШФ АЖ-де электрондық ТСЖ-тын қалыптастыру үшін, алдымен тауарлардың қалдықтарын Виртуалды қоймаға енгізу қажет. Ол үшін:

• «Виртуальды қойма» модулінде «Нысан журналын» таңдап, «Нысанды құру» батырмасын басыңыз;

• ашылған нысанда «Нысандардың  типі» өрісін толтырыңыз (ашылмалы тізімнен «Қалдықтар» батырмасын таңдаңыз);

• «Тіркеу нөмірі», «Құрылған күні», «Құжат нөмірі», «Құжат күні» жолдарын толтырыңыз;

• өнімді таңдаңыз (жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәзір батырмасын пайдаланып);

• ашылған нысанда «Өнімді таңдау» батырмасын басыңыз;

• ашылған жаһандық анықтамадан 1-ші деңгей анықтамалығынан немесе сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 2-ші деңгей анықтамалығынан қажетті өнімді таңдаңыз (немесе іздеу функциясын қолданыңыз);

• «Тауарлардың атауы» және «Ғаламдық виртуалды қойма анықтамалығының құрама коды» жолдары автоматты түрде толтырылады;

• қажет болған жағдайда (акцизделетін тауарлар үшін) «PIN-код» және «Күш (алкоголь құрамы%)» жолдарын толтырыңыз;

• қалған жетіспейтін өрістерді толтырыңыз және «Аяқтау» батырмасын басыңыз;

• «Қойма» өрісін толтырыңыз, «Сақтау» батырмасын басыңыз;

• RSA сертификатымен нысанға қол қойыңыз, содан кейін қалдықтар виртуалды қоймаға түседі.

Енгізілген қалдықтарды «Тауар қалдықтары» модулінен көруге болады.

ТСЖ-ты енгізілгенен кейін, сүйемелдеу жүкқұжатының нақты нысандарын жасауға қойылатын талап күшін жойды, олар бұрын мыналарға бөлек рәсімделетін:

• мұнай өнімдері (МСЖ нысаны);

• алкоголь (АСЖ нысаны);

• темекі өнімдері (ТСЖ нысаны).

Осы санаттар үшін, басқалары үшін, сондай-ақ 2019-шы жылғы 26-шы желтоқсандағы No 1424-ші бұйрығымен бекітілген бірыңғай ТСЖ-ның бірыңғай нысаны қолданылады. Сонымен қатар, Тізімдегі барлық тауарлар үшін жалпы есепке алу жүйесі және толтыруға қойылатын стандартталған талаптар нысаны қолданылады. Бұл сыртқы экономикалық қызметте де, елдегі айналымда да, құжат айналымын едәуір жеңілдетеді.

Тауарды сатып алушы өз тарапынан жүкқұжатын ЭШФ АЖ-да тіркелген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде растауға немесе бас тартуға міндетті. Бұл сондай-ақ ЭЦҚ көмегімен жасалады. Жүйеде ТСЖ -ты растау тек жеке сатып алушылардан (жеке кәсіпкерлерден емес), сондай-ақ тауарларды экспортқа сату кезінде, сатып алушылардан талап етілмейді (өйткені бұл жағдайда шетелдік сатып алушылар физикалық тұрғыдан қазақстандық ЭШФ АЖ-не кіре алмайды).

Қате орындалған ТСЖ қайтарып алуы мүмкін (жою). Жеткізуші мұны өзі жасауға құқылы, ал импорт кезінде - тауар алушы тіркелген күнінен бастап, 5 жұмыс күні ішінде. Содан кейін жаңа құжат жазылып беріледі. Қайтарып алуға (жоюға) жалғыз кедергі, алушының бұрын берілген ТСЖ -ты растағандығы болуы мүмкін.

Жкқұжатты рәсімдеу тәртібімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында, сондай-ақ ЭШФ АЖ порталында танысуға болады. Онда сіз ТСЖ-ның, құжат айналымының нұсқаулығын жүктей аласыз.

ТСЖ-тын жазып беру тәртібін бұзғаны үшін, қандай жауапкершілік қарастырылған?

Рәсімдеу талаптары бұзылған немесе ТСЖ-тын рәсімдеу мерзімдері бұзылған жағдайда, Тізімнен тауарларды сатушылар мен сатып алушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 283-1-ші бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Келесі бұзушылықтар үшін жауапкершілік жүктеледі:

• ТСЖ-тын ұсынбау;

• мерзімді бұза отырып ұсыну;

• жүкқұжаттағы тауарлардың санын (көлемін) толық емес немесе дұрыс көрсетпеу;

• тауарларға арналған PIN-кодтың дұрыс көрсетілмеуі.

1-ші Кесте, ТСЖ -ны жобалауға қатысты бұзушылықтар үшін айыппұлдар (ҚР Әкімшілік кодексінің 283-1-ші бабы).

Бұзушылықтар түрі
Айыппұлдар (АЕК)
Жеке тұлға
Шағын кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдар
Орта бизнес
Ірі кәсіпкерлік субъектілері
1 ТСЖ-тын тапсырмау немесе ұсыну мерзімдерін бұзу

5 10 20 30
2 Қайталанған бұзушылық
10 20 40 60
3 Өнімнің атауының, санының, PIN-кодының сәйкес келмеуі
10 20 40 50
4 Қайталанған бұзушылық
20 40 60 100
5 ТСЖ -нын тіркемеу, ТСЖ-сыз тауар айналымы
20 50 100 2200 ТСЖ-сыз тауар айналымы (тауарларды тәркілеумен немесе сатудан түскен түсім)

    6 Қайталанған бұзушылық     40 100 200

400 (тауарлар тәркіленіп немесе сатудан түскен түсім)

Бұл бап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 03.12.2015-ші  жылғы No 432-V-ші Заңымен енгізіліп, 01.01.2020-шы жылдан бастап күшіне енді.

Қазақстандық кәсіпкерлер мен ұйымдар қашан ТСЖ-тын рәсімдеуге міндетті?

ТСЖ-ты жазып беру бойынша, салық төлеушілер үшін міндеттемелерді енгізудің әр түрлі шарттары белгіленген. Электрондық жүкқұжаттың жазылып берілу міндеттемесінің туындауының нақты күн,і тауарлардың санатына байланысты.

Биоотынға қатысты, кәсіпкерлер мен ұйымдарда мұндай міндет 01.01.20-шы жылдан бастап пайда болды.

Тауарлардың қалған санаттары үшін, мұндай міндеттемені бастапқыда 01.04.2020-шы жылдан бастап енгізу жоспарланған болатын. Бірақ, қазіргі экономикалық жағдайға және кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жасаған көптеген өтініштеріне байланысты, 01.07.2020-шы жылға дейін, мерзімді (күнді) кейін қалдыруға шешім қабылданды, ал таңбаланған тауарлар мен баж салығы төмендетілген тауарлар үшін - 01.01.2021-ші жылға дейін. Содан кейін мерзім, 01.10.2020-шы жылға дейін және (Қаржы министрлігінің 19.06.2020-шы жылғы No615-ші бұйрығы) сәйкес 01.07.2020-шы жылға жылжытылды.

Қазіргі уақытта, тізімнің бастапқы нысанына түзетулер енгізуді және ТСЖ-тын енгізу мерзімдерін, кейінгі күндерге ауыстыруды көздейтін, тағы бір бұйрық жобасы қоғамдық талқылауда.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес, барлық ТСЖ -ты шығару күндері 01.01.2021-ші жылға (акцизделетін тауарлар үшін), 05.01.2021-ші жылға (босату тізімінен шыққан тауарлар үшін) және 01.01.2021-жылға дейін (таңбаланған тауарлар үшін) жылжытылды.

Осы бұйрық жобасы 2020-шы жылдың 23-ші қыркүйегіне дейін «Ашық ААҚ» сайтында қоғамдық талқылауда.

Егер ол қабылданбаса, мерзімдер Қаржы министрлігінің 2020-шы жылғы 19-шы маусымдағы No615-ші бұйрығына сәйкес қалады (2020-шы жылдың қазан айы және 2021-шы жылдың қаңтар айы). Қазақстандық салық төлеушілер үшін, ТСЖ-ты жазып беру міндеттемесінің туындауының соңғы шарттары, жаңа бұйрық жобасы қабылданғаннан (немесе қабылданбағаннан) кейін белгілі болады.

Кімде кімнің қызметі ТСЖ-тын шығарумен байланысты, кәсіпкерлер мен ұйымдар «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп, ред. 2.0» ТСЖ-тын алмасуды қолдауды қабылдамайды, соған байланысты айыппұлдарды болдырмау үшін, 3.0 ред. алдын ала өту керек.

• импорт пен экспортқа арналған ТСЖ-ты : қандай валютада жазу керек, толығырақ

• ТСЖ: қате жазылған жүкқұжатын қалай түзетуге болады, толығырақ

• ТСЖ-тын енгізу: дайындықты неден бастау керек, толығырақ

• ТСЖ және босатулар тізімі: ТСЖ-ның жызылуына қатысты жағдайларды талдау, толығырақ

• Тауарлардың импорты мен одан әрі қозғалысы үшін, ТСЖ-тын жазып беру мерзімі, толығырақ

• Электрондық құжат айналымы: ұйым үшін қандай артықшылықтар бар? толығырақ

Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту