Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін арнайы режимдер

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін арнайы режимдер онлайн бухгалтерия mybuh

Ауылшаруашылық саласын қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, қызметі ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен байланысты кәсіпкерлер мен ұйымдарға арнайы салық режимі қарастырылған. Жеңілдетілген салық салу шарттары және осы арнайы режимдер шеңберіндегі есеп беру, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қызметін жеңілдетеді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін арнайы режимдерді пайдалану ерекшеліктері туралы, көбірек біліңіз ...

Ауылшаруашылық саласында жұмыс жасайтындар үшін, қандай арнайы режимдер қарастырылған?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 698-ші және 702-ші баптарында арнайы режимдер қарастырылған:

• оны өндірумен, қайта өңдеумен және сатумен айналысатын ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және өнімді өндірумен, дайындаумен, сақтаумен, қайта өңдеумен және сатумен айналысатын ауылшаруашылық кооперативтері;

• шаруа және фермерлік қожалықтары.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 697-ші бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер:

• заңды тұлға;

• шаруа қожалықтары;

• фермерлік қожалықтары.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін, арнайы режимді қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлеріне, өнімді өндіру және сату кіреді:

• өсімдік шаруашылығы;

• мал шаруашылығы;

• ара шаруашылығы;

• құс шаруашылығы;

• балық шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы кооперативі 2015-ші жылғы 29-шы қазандағы No 372-V-ші  Заңының 5-ші бабына сәйкес, өндірістік немесе қайта өңдеу, өткізу, ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру, сақтау саласында жеке немесе заңды тұлғаларды біріктіретін өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны білдіреді немесе кооператив мүшелеріне қызмет көрсету.

Шаруа немесе фермерлік қожалығы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 41-ші бабына сәйкес, ауылшаруашылық жерлерін- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату мақсатындағы, адамдардың еңбек бірлестігі болып табылады. Шаруашылықтың нысандары келесідей болуы мүмкін:

• шаруашылық (отбасылық кәсіп жүргізуді білдіреді);

• фермерлік (жеке кәсіпкерлік жүргізілуде);

• қарапайым серіктестік түріндегі фермасы.

Екі арнайы режимнің біреуін ғана таңдау керек па немесе оны біріктіруге бола ма?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 698-ші бабы мен 702-ші бабында арнайы қарастырылған, арнайы режимдерге қарамастан, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер, тек оларды ғана таңдаумен шектелмейді.

Сонымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауылшаруашылық кооперативтері өздері үшін, үш нұсқаның бірін таңдай алады:

• тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, арнайы режим (ҚР Салық кодексінің 698-ші,700-ші баптары);

• шағын кәсіпке арналған арнайы режим: жеңілдетілген немесе тұрақты шегерім (ҚР Салық кодексінің 683-ші бабы);

• жалпы белгіленген режим.

Ауылшаруашылық пен фермерлік шаруашылық өздері таңдай алады:

• тауар өндірушілер мен ауылшаруашылық кооперативтері үшін, арнайы режим (ҚР Салық кодексінің 697-ші бабының 4-ші тармағы);

• шағын аәсіпке арналған арнайы режим: жеңілдетілген немесе тұрақты шегерім (ҚР Салық кодексінің 683-ші бабы);

• жалпы белгіленген режим;

• Ауылшаруашылық пен фермерлік шаруашылық үшін, арнайы режим (ҚР Салық кодексінің 702-ші бабы).

Сондай-ақ, ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауылшаруашылық кооперативтері арнайы режимді, Жалпы белгіленген режиммен біріктіруі мүмкін, егер салық төлеушілер, әр түрлі қызмет түрлерінен алынған кірістеріне, бөлек салық есебін жүргізсе (ҚР Салық кодексінің 697-ші бабының 6-шы тармағы).

Шаруашылық немесе фермерлік қожалықтары Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 703-ші бабының 4-ші тармағында белгіленген жағдайда екі салық режимін, бір уақытта біріктіре алады, яғни табыстың бір бөлігі шаруашылық (фермерлік) қожалықтары үшін, арнайы салық режиміне жатса, ал екінші бөлігі - «жеңілдетілген» немесе Жалпы белгіленген режим бойынша.

Арнайы режимдерді қолданушыларға қойылатын талаптар мен шектеулер қандай?

Ауылшаруашылық өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін арнайы режимдер, салық ауыртпалығы мен басқа жеңілдіктерді төмендетуді көздейтіндіктен, олардың қолданылуын шектейтін бірқатар шарттар бар.

Сонымен, ауылшаруашылық өндірушілері мен ауылшаруашылық кооперативтері үшін, арнайы режимді қолдануға құқығы жоқ (ҚР Салық кодексінің 697-ші бабының 7-ші тармағы):

• шетелдік заңды тұлғалар;

• шетелдіктер;

• азаматтығы жоқ адамдар.

Сонымен қатар, жеке меншік немесе жер пайдалану құқығындағы, жер телімінің болуы, міндетті шарт болып табылады (ҚР Салық кодексінің 698-ші бабының 3-ші тармағы). Бұл талап ара шаруашылығына ғана, қатысты емес - оларға жер телімдері қажет емес.

Осы арнайы режимді қолдану, келесі салықтар үшін төленетін соманы, 70% төмендетуге мүмкіндік береді (ҚР Салық кодексінің 700-ші бабының 1-ші тармағы):

• КТС (ЖТС);

• әлеуметтік салық;

• мүлік және көлік салығы.

Бұл жағдайда салықтар, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеледі.

Бұл арнайы режим үшін, салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады (ҚР Салық кодексінің 699-шы бабы).

Шаруашылық пен фермерлік қожалықтары үшін, арнайы режим салық төлеушілер үшін рұқсат етіледі (ҚР Салық кодексінің 702-ші бабының 1-ші тармағы):

• ҚҚС төлеушілер болып табылмайтындар;

• меншік немесе жер пайдалану негізінде, Қазақстан Республикасының аумағында жер телімінің болуы.

Сонымен бірге, аумақтық аймаққа байланысты телімнің максималды ауданы белгіленген, оны салық төлеуші ​​меншік (жер пайдалану) негізінде иеленуге тиіс. Шектеу ҚР Салық кодексінің 702-ші бабының  2-ші тармағында көрсетілген: 500-ден 5000 га-ға дейін.

Осы арнайы режим шеңберінде бюджетке есеп айырысу, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады. Салық кезеңі - күнтізбелік жыл болып табылады (ҚР Салық кодексінің 702-ші бабының 4-ші тармағы).

Ауылшаруашылық өндірушілері үшін арнайы режимдерді өзгенің өнімдерін өңдейтін ЖШС-гі, қолдана ала ма?

Осы арнайы режимдерді қолдану кәсіпкерлер үшін тиімді болғандықтан, көптеген субъектілер оны қолдануға өтініш бере алады. Дегенмен, арнайы режимді пайдалану, өнімдер өзінің өндірісі болған жағдайда ғана мүмкін болатындығын, ескеру қажет.

Егер заңды тұлға, мысалы, ТМД елдерінен импортталған немесе басқа қазақстандық өндірушілерден сатып алынған, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын болса, онда оның ауылшаруашылық өндірушілері үшін режимін қолдануға, құқығы жоқ.

Арнайы режимді пайдалануға ұқсас тыйым, ауылшаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлға, оны өндіретін өнімді тапсырыс беруші жеткізген шикізат ретінде қайта өңдеуге басқа адамдарға беруді жоспарлап, содан кейін өздігінен дайын өнімді сатуды жоспарлаған жағдайда, енгізіледі. Бұл жағдайда, өңделген шикізатты сату жөніндегі қызметке бұл арнайы режим қолданылмайды, өйткені қайта өңдеуді басқа адамдар жүргізген. Заңды тұлғаға, әр түрлі қызмет түрлерінен түскен кірістерді бөлек есепке алуды қамтамасыз етуге және тапсырыс беруші жеткізген шикізатты беруге байланысты қызмет үшін, басқа салық режимін таңдауға тура келеді.

Екі салық режимі қолданылса, бюджетке қалай есеп беруге болады?

Егер ауылшаруашылық өнімін өндіруші немесе шаруашылық қожалығы бір уақытта, екі түрлі салық режимін өз қызметінің әр түрлі салаларына қолдану туралы шешім қабылдаса, онда қажет:

• арнайы режимге жататын қызметтен және басқа қызметтен алынған кірістерді бөлек есепке алуды қамтамасыз ету;

• әрбір салық режимі бойынша есепті, осы үшін белгіленген мерзімде ұсынуға тиіс.

Мысалы, егер шаруа қожалығы басқа қызмет түрлері бойынша жеңілдетілген режимді қолдануға шешім қабылдаса, онда 910-шы және 920-шы нысандарын Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген әр түрлі уақытта, тапсыру қажет болады. Сонымен бірге, бірінші декларацияда жеңілдетілген салық салу үшін белгіленген кірістер, есептеулер мен мөлшерлемелерді, ал екіншісінде айналымдар мен басқа салық режиміне байланысты салықтар, көрсетіледі.

Сондай-ақ, қожалықтың иесі мен оның мүшелеріне арналған әлеуметтік төлемдер, салық есептілігінің әр нысаны үшін белгіленген мерзімде төленеді.

• 2021-ші жылы АЕК қаншаны құрайды толығырақ

Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту