Онлайн-бухгалтерия №1 в Казахстане
Вход / Регистрация

ЖШС негізінен салық салу режимін жүргізу ерекшеліктерін белгіледі

ЖШС негізінен салық салу режимін жүргізу ерекшеліктерін белгіледі онлайн бухгалтерия mybuh Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу кезінде, негізгі салық режимі жалпыға бірдей белгіленген салық режимі болып, саналады. Бір қарағанда күрделі және қымбат, бұл режим, арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге қол жетімді емес мүмкіндіктерді, ұсынады. Біз ЖШС үшін, жалпыға бірдей белгіленген режимнің оң және теріс жақтары туралы, осы мақалада айтатын боламыз.

Арнайы салық режимдерінен, жалпыға бірдей белгіленген режимнің айрықша ерекшелігі - бұл сату айналымының көлемінде, жұмысшылардың санында немесе қызмет түрлерінде қандай-да бір шектеулердің болмауы.

Бірақ, мұндай мүмкіндіктер үшін корпоративті табыс салығының жоғарылатылған мөлшерлемесімен (КТС мөлшерлемесі 20%) және кірістер мен әсіресе шығыстардың толық есебімен төлеуге, тура келеді.

Жалпыға бірдей салық салу режимін қолдана отырып, салық төлеуші ​​табыстың барлық түрлерін ескеруі керек

сатудан түскен табыс, айырбас бағамы мен соманың айырмашылығынан түскен пайда, құн өсімінен түсетін кіріс және т.б.

және шегерімге жатқызылатын немесе алынбайтын шығыстар.

Жалпыға бірдей белгіленген салық режимі (ББР) - бұл ЖШС-ті тіркеуге арналған негізгі салық режимі. Бухгалтерлік есеп тұрғысынан қиын және салық ауыртпалығы тұрғысынан қымбат деп саналғанына қарамастан, ББР-мі ұйымдарға «Жеңілдетілген» жүйе бойынша ЖШС үшін, қол жетімсіз бірқатар мүмкіндіктерді, ұсынады. ЖШС үшін ББР-мі ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы көбірек біліңіз...

Қандай ұйымдар Жалпыға бірдей белгіленген режимін қолдану қажет және оның ерекшеліктері қандай?

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін әдепкі бойынша, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабында көрсетілген арнайы режимдерді пайдалану шарттарына жатпайтын ұйым, қолдануы керек.

Осылайша, ББР-мін келесі ұйымдар қолдануы керек:

• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағының 3-ші тармақшасында көрсетілген қызмет түрлері бойынша, жұмыс жасайтындар;

• агенттік келісімшарттары бойынша қызметтерді ұсыну;

• құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) бар;

• · Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағының 2-ші тармақшасында көрсетілген, салық кезеңіндегі кірістер сомасынан асып кеткендер;

• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағының 1-ші тармақшасында көрсетілген, қызметкерлер санынан асып кетткендер.

Жалпыға бірдей белгіленген режимін бастапқыда ЖШС-ті тіркеу кезінде таңдалуы мүмкін, немесе егер жұмыс барысында ұйым, арнайы режимді қолдануға мүмкіндік беретін талаптарды орындауды тоқтатса, онда ол арнайы режимнен ауыса алады.

ЖШС-нің Жалпыға бірдей белгіленген режимі бойынша ерекшелігі:

• табыс салығының мөлшерлемесі, кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылықтың 20%-ды құрайды немесе ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін 10%-ды құрайды (ҚР Салық кодексінің 313-ші бабы);

• кез-келген қызмет түрінде қолданыла алады;

• сатудан түсетін айналым көлемінде шектеулер жоқ;

• жұмысшылар санында шектеулер жоқ;

• салық кезеңі - күнтізбелік жыл.

Жалпыға бірдей белгіленген режимі, айналымы жоғары және тауарлар мен қызметтерге минималды қосымша бағасы бар ЖШС үшін ыңғайлы. Жалпыға бірдей белгіленген режимін қолдану кезінде, ЖШС кірістер мен шығыстардың толыққанды бухгалтерлік есебін жүргізуге, міндетті.

Кірістердің келесі түрлері есепке алынады (ҚР Салық кодексінің 226-шы бабы):

· Сатылымнан;

· Бағамдық айырмашылықтан;

· Құнның артуынан және т.б.

Кірістердің мөлшері, ҚР Салық кодексінің 286-шы және 287-ші баптарында көзделген негіздер бойынша, түзетілуі мүмкін.

Шығындар, кіріс өлшемдері бойынша бөлінеді және КТС-ғы бойынша, шегерімге жатпайды.

ЖШС-нің жылдық жиынтық кірісі, (шығындар мен шегерімдерді ескере отырып), КТС-ның мөлшерлемесі 20%-ды қолдану үшін, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 225-ші бабы негіз болып табылады. Резидент емес ЖШС-нің салық салынатын табысы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 651-ші бабына сәйкес, айқындалады.

ЖШС Жалпыға бірдей белгіленген режимі үшін, қандай салықтарды төлеуі керек?

Жалпыға бірдей белгіленген режимі үшін, ЖШС төлейді:

• ЖШС-нің салық салынатын кірісінің 20%-зы (ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін 10%) КТС-ғы;

• ҚҚС-ғы 12% мөлшерлемесі бойынша (егер ең төменгі айналымнан асып кетсе);

• ЖШС-тің қызметінің түріне байланысты, басқа салықтар (көлікке, тау-кен өндірісіне, артық пайдаға және т.б.).

Қызметкерлердің жалақысының мөлшерінен қосымша төлеу қажет:

• 10% ЖСҚ (жеке табыс салығы) - 25 АЕК-тен жоғары жалақыдан;

• 10% ОПВ (міндетті зейнетақы жарналары);

• 3,5% CO (әлеуметтік аударымдар);

• жұмыс берушінің қызметкерлерге төлеген шығыстарының 9,5% мөлшеріндегі әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар сомасын шегергенде;

• 2% МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру);

• 2% МӘМСЖ (медициналық әлеуметтік сақтандыруға жарналар).

Азаматтық-құқықтық келісімшарттары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, 2021-ші жылы МЗЖ-сы 5% емес (2020-шы жылдың 2-ші жартыжылдығындағыдай), керісінше 10%-ды құрайды.

Қызметкерлер жалақыны есептеу кезінде ЖТС-ғы үшін, 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде салықтық жеңілдіктерді қолдануға құқылы, тек:

· 3-ші топтағы мүгедектер;

· Тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктер.

Бұл жағдайда директор (ол құрылтайшы болса да) қызметкер болып саналады. Сондықтан, жалақы салығы ЖШС белсенді болмаса да, төленуі керек.

Жалақы салығы ай сайын, алдыңғы айдың 25-не дейін (ақпан айында-қаңтар айы үшін) төленеді.

Жалақы салығын қалай есептеу керектігін, мына жерден онлайн-калькулятордан табуға болады

ЖШС- Жалпыға бірдей белгіленген режимі үшін қандай есептер ұсынады?

ЖШС-нің Жалпыға бірдей белгіленген режимі бойынша негізгі есептері:

• Жыл қорытындылары бойынша, корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 100.00-ші нысаны (келесі жылдың 31-ші наурызына дейін ұсынылады);

• ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация 200.00-ші нысаны (келер жылдың 15.05.-ші, 15.08-ші, 15.11-ші және 15.02-шіге дейін ұсынылады).

Сонымен қатар, келесілерді де ұсынуға болады:

• 700-ші нысаны және оған 701-ші нысаны мен 701.01-ші нысаны бойынша, есеп айырысу (мүлік және көлік);

• 400-ші нысаны және оған есеп айырысу, 421-ші нысаны (акциздер);

• 300-ші нысаны (ҚҚС).

Сонымен бірге, ББР-мі үшін ЖШС міндетті түрде ҚҚС-ғын төлеушісі ​​болып, табылмайды. Қолма-қол ақша айналымының шегі 30000 АЕК-тен (2020-шы жылға 79.530.000 теңге, АЕК мөлшерлемесі 01.01.2020-шы жылғы жағдай бойынша -2651 теңге) асып кеткен жағдайда ғана, ҚҚС-ғы бойынша тіркелу қажет. Сонымен бірге 30000 АЕК-ші, айналымды түгел қамтымайды, тек Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 369-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес, есепке тек ҚҚС салынатын бөлігін қамтиды.

Сондай-ақ, ББР-мі бойынша ЖШС өз еркімен ҚҚС бойынша, тіркеле алады.

ЖШС үшін мүлік салығының мөлшерлемесі 1,5%-ды құрайды. Есепті жылдан кейінгі, жылдың 01-ші қазанына дейін, мүлік салығын төлейді.

Анықтама үшін: 2021-ші жыл үшін 1 ең төменгі жалақы көрсеткіші -42,500 теңге, 2021-ші жыл үшін 1 АЕК -2,917 теңге.

ЖШС ББР-де қалай есеп жүргізеді?

ЖШС үшін жалпыға бірдей бекітілген режим, әсіресе ҚҚС-н тіркеу кезінде толыққанды бухгалтерлік есеп жүргізуді, сондай-ақ есеп беру мен салық төлеу мерзімдерін сақтауды, талап етеді. Сондықтан, қызмет ауқымына байланысты, ЖШС есеп жүргізе алады:

• штаттық есепшінің немесе «Жеке есепшінің» көмегімен;

• келуші бухгалтермен келісім жасасу арқылы;

• аутсорсингке беру.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жеңілдету үшін Mybuh.kz-тен арнайы онлайн-қызмет көмектеседі, ол ББР-мі бойынша ЖШС-ке бухгалтерлік есептің барлық салаларын қамтуға, сондай-ақ, 200-ші нысандағы салық есебін құруға және салық органына онлайн режимінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Тапсырушы үшін екі тариф бар:

• «Өз-өзіңе есепші»;

• «Жеке есепші».

«Өз-өзіңе есепші» тарифі жеке кабинеттегі бухгалтерлік есеп функцияларын, дербес орындауды көздейді. Мұны ЖШС-тің штаттық есепшісі немесе директордың өзі жасай алады (жеке маман болмаған жағдайда). Бұл тариф, айналымы төмен ЖШС үшін қолайлы.

Жеке кабинеттің қамтамасыз ететіні:

• толтырудың ыңғайлығы мен қарапайымдылығы;

• интуитивті түсінікті интерфейс;

• көрсеткіштердің көпшілігі автотолтыру;

• жүргізілген есептеулерді, автоматты түрде тексеру.

Экономикалық тарифі, шағын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге штаттағы есепшінің жалақысының құнын төмендетуге, мүмкіндік береді.

«Жеке есепші» тарифі әр түрлі қызмет түрлері, айналымы жоғары және ҚҚС-ғы тіркелген, ЖШС үшін жарамды.Ол есебін, Mybuh.kz мамандарына аутсорсингке беруді, көздейді.

ЖШС басшысынан, сізге қажет:

• ЭСҚ кілтін беру;

• алынған кірістер мен шығыстардың мөлшері туралы ақпарат беру.

Жеке есепші, барлық қажетті бухгалтерлік процедураларды орындайды, салық есептілігінің нысандарын жасайды және ұсынады.

Mybuh.kz-тен онлайн-бухгалтерлік есеп - қызмет сапасын жоғалтпастан, ақылды үнемдеу.

Жеке есепші бөліміне, сұраныс қалдырыңыз


  • Как ТОО выплатить дивиденды в Казахстане, подробнее
  • Как ТОО перейти с общеустановленного режима на упрощенку, подробнее
  • Ежеквартальную форму 200, можно сдать самостоятельно или с помощью персонального бухгалтера , подробнее здесь

  • Ликвидация ТОО в Казахстане: каков порядок проведения и сроки процедуры подробнее здесь
  • Как осуществить приостановление деятельности или ликвидацию ИП в Казахстане подробнее здесь 
  • Установлены лимиты по снятию наличных для юрлиц подробнее здесь
  • СНТ в Казахстане: на какие товары выписывать, сроки, штрафы подробнее
  • Ликвидировать ИП или приостановить деятельность ИП в Казахстане подробнее
  • Как зарегистрировать ТОО в Казахстане и какие документы потребуются подробнее

Режимы налогообложения: патент, упрощенка , общеустановленный или фиксированный вычет?

Смотри во 2-ом видеоуроке,онлайн курс доступен на канале Youtube  и в Telegram


Проголосовать

(0)



Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту