Logo
Онлайн бухгалтерия №1 в Казахстане!
Показатели МРП, МЗП...
  • МЗП — 60 000 тг
  • МРП — 3 063 тг
  • Размер стандартного налогового вычета — 14 МРП (42 882 тг)
  • Максимальный оборот по патенту за год — 3 528 МРП (10 806 264 тг)
  • Максимальный оборот по упрощенной декларации за полугодие — 24 038 МРП (73 628 394 тг)
  • Максимальный оборот по фиксированному вычету за год — 144 184 МРП (441 635 592 тг)
  • Минимум оборота для постановки на учет по НДС за год — 20 000 МРП (61 260 000 тг)

Жеңілдетілген ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) бойынша салық режимінің ерекшеліктері.

Август 26, 2021

Жеңілдетілген ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) бойынша салық режимінің ерекшеліктері.

Жеңілдетілген ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) бойынша салық режимінің ерекшеліктері.
Есепті жүргізудің ең ыңғайлы және қарапайым әдістердің бірі – салық режимі болып табылады. Бұл режимді кәсіпкерлер де, ұйымдар да қолдана алады. «Жеңілдетілген ЖШС» бірқатар артықшылықтарға ие: салық ставкасының төмендігі,есеп жүргізудің қарапайымдылығы мен есептілікті құрастыру, оны жарты жылда бір рет өткізу керек. Толығырақ, ЖШС- гі жеңілдетілген режим туралы ары қарай біліңіз…

Жеңілдетілген режимге ЖШС қызметінің қандай түрлері жатады?

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабына сәйкес, ЖШС жеңілдетілген салық режимін қолдануға құқылы.Егер олар бір мезгілде, келесі критерияларды қанағаттандырса:

·      жұмысшылар саны 30 адамнан аспайтын;

·      жарты жылдағы кіріс 24 038 АЕК шегінен аспайды (2021 жылға 70 118 846 тг.);

·      құрымдылық бөлімшелері жоқ;

·      басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 %-дан аспайды;

·      құрылтайшы немесе қатысушы бір уақытта басқа,арнайы режимдегі заңды тұлғаның қатысушылар (құрылтайшылар) мүшесіне кірмейді.

МАҢЫЗДЫ! 01.01.2021 жылдан бастап АЕК (айлық есеп көрсеткіші) 2 917 теңгені құрайды.

Жоғарыдағы шарттың кезкелгенін бұзу, жеңілдетілген режимді қолдану құқығын жоғалтуға әкеледі және ЖШС жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауысады.

Қызмет түрі бойынша шектеулерде бар. Жеңілдетілген режимді – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабы 2-ші тармағындағы 3-ші тармақшасының тізбегінде көрсетілген ЖШС-тің қызмет түрі және агенттік келісімшартпен жұмыс істейтіндер қолдана алмайды.

Жеңілдетілген жүйе бойынша ЖШС қандай салық төлейді?

ЖШС төлейтін негізгі салық – салық кезеніндегі кірістің 3% -ы (6 ай). Алайда кіріс деп – жүкқұжаттарында және орындалған жұмыс актілерінде көрсетілген соманы білдіреді (қабылданған немесе қабылдануы күтілудегі).

Кірістің 3% есептелген мөлшері,екі бөлікке бөлінеді:

·      1,5% корпоративтік табыс салығы (КТС);

·      1,5% әлеуметтік салық (ӘС).

Жарты жылда бір рет 910-шы нысан бойынша есеп тапсырылады:

·      1-ші жарты жылдық үшін – тапсыру 01.07. бастап 15.08. дейін, салықты төлеу 25.08. дейін;

·      2-ші жарты жылдық үшін – тапсыру 01.01. бастап, келесі жылдың 15.02. дейін, салықты келесі жылдың 25.02. дейін төлеу.

3% негізгі салықтан басқа «жеңілдетілген ЖШС» қызметкерлердің жалақысынанда салық төлеуге міндетті:

·      10% ЖТС (жеке табыс салығы);

·      10% МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары);

·      3,5% ӘА (әлеуметтік аударымдар);

·      2% МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру);

·      2% МӘМСА (міндетті медициналық сақтандыру аударымдары).

Бұл салықтар ЖШС-нің кірісіне қарамастан, ай сайын төленеді. Төлем мерзімі – келесі айдың 25 – іне дейін.

Жеңілдетілген жүйе бойынша ЖШС қосылған құн салығын (ҚҚС) төлей ме?

ҚҚС бойынша тіркелу міндеті «жеңілдетілген ЖШС» үшін, табыс шегінен асқан кезде туындайды. Егер ЖШС-тің жылдық кірісі 30 000 АЕК-тен асып кетсе (2021 жылға 87 210 000 теңге), онда бұл жағдайда:

·      ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу;

·      ЖШС кірісінің 3%-на қосымша 12% салық төлейді;

·      910-шы нысанынан бөлек, 300 нысанын (ҚҚС бойынша декларация) тапсыру.

Егер жылдық шегі 30 000 АЕК-тен аспаса, онда ҚҚС бойынша тіркелудің қажеті жоқ.

Жеңілдетілген ЖШС-ке кассалық-аппарат қажет пе?

ЖШС-те кассалық-аппараттың болуын талап ететін кез, ол есеп айырысу қолма-қол ақшамен немесе төлем карталарын қолдану арқылы жүзеге асырылған жағдайда ғана туындайды (ҚР Салық кодексінің 166-шы бабының 1-ші тармағы). 01.01.2020 жылдан бастап дәстүрлі кассалық аппараттың орнына, онлайн-кассы қолданылады.

Егер төлем шотқа банктік аударым арқылы қабылданса, онда касса қажет емес.

Қызметкерлердің жалақысынан, салықты есептеу кезінде нені ескеру керек?

Жұмысшылардың санаттарына байланысты, олардың жалақысынан салықтар мен басқа да аударымдардың сомаларын есептеу айырмашылығы болады.

·      Зейнеткер-жұмысшыға – ӘА және МЗЖ шегерілмейді;

·      шетелдіктер (резидент еместер) – ӘА және МЗЖ шегерілмейді;

·      тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік жұмыскерлер ЖСН-ді алғаннан кейін ғана жұмысқа қабылданады;

·      Қазақстан Республикасының резиденттері болып танылатын,тұруға ықтиярхаты бар резидент еместер – ӘА және МЗЖ шегеріледі.

Қызметкерлерге жеке табыс салығын(ЖТС) есептеу кезенінде, ең төменгі жалақы мөлшерінен 1 ЖТМ шегерім құқығы беріледі. Алайда, бұл келесі қызметкерлерге қолданылмайды:

·      шегерімді қолдануға өтініш бермегендер;

·      Қазақстан Республикасының резидент еместері;

·      жарты айдан аз жұмыс істегендер;

·      егер шегерім,басқа жұмыс орнында алынған болса.

Сонымен қатар, жұмысшыларға төленеді:

·      ауыру бойынша ақы төлеу (бірақ айына 15 АЕК-тен аспайтын мөлшерде);

·      күнтізбелік 24 күннен кем емес,жылдық демалыс;

·      орташа күнделік жалақыдан,пайданылмаған демалыс үшін – өтемақы негізделген.

ЖШС салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін, қандай айыппұлдар қарастырылған?

Есеп беру,салықтар мен жарналарды төлеу мерзімін бұзғаны үшін, ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

Сонымен,салық режимін қолдану ережелерін бұзғаны үшін, жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 270- ші бабына сәйкес жауапты:

·      ескерту;

·      қайта ережені бұзған жағдайда - 15 АЕК (шағын кәсіпкерлік үшін) және 30 АЕК (орта кәсіпкерлік үшін) айыппұл.

Салық декларацияларын уақытында тапсырмағаны үшін (ҚР Әкімшілік кодексінің 272-ші бабы):

·      ескерту;

·      қайта ережені бұзған жағдайда - 30 АЕК (шағын кәсіпкерлік үшін) және 45 АЕК (орта кәсіпкерлік үшін) айыппұл.

МӘМС және ӘА жарналары бойынша аударымдар мерзімдерін бұзғаны үшін (төлемеу,уақытылы төлемеген немесе толық төлемеген) ЖШС-ке  (ҚР Әкімшілік кодексінің 92-1-ші бабы):

·      ескерту;

·      қайта ережені бұзған жағдайда – шегерілмеген аударымдар сомасынан 20% (шағын кәсіпкерлер үшін) және 30 % (орта кәсіпкерлік үшін) айыппұл.

Міндетті медициналық сақтандыруға,жарналарды төлемегені,төлем мерзімін кешіктіргені үшін,төлеген күнді қоса, сондай-ақ әрбір кешіктірілген күн үшін ҚР Ұлттық Банкінің базалық ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл алынады.

Міндетті зейнетақы жарнасын (МЗЖ) шегеру жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін (ҚР Әкімшілік кодексінің 91-ші бабы):

·      ескерту;

·      қайта ережені бұзған жағдайда – шегерілмеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 20% (шағын кісіпкерлік үшін) және 30% (орта кәсіпкерлік үшін) айыппұл салынады.

Жеңілдетілген жүйеде ЖШС қандай есеп құжаттарын құруға міндетті?

Бухгалтерлік есеп бойынша жеңілдетілген талаптарға қарамастан, ЖШС жеңілдетілген жүйе бойынша бір қатар бухгалтерлік құжаттарды құруға міндетті:

·      шоттар;

·      орындалған жұмыс актілері;

·      жүкқұжаттар;

·      шот-фактуралар.

Сондай-ақ ұйым, жалақы және одан салықты есептеуге, тауарлардың есебін жүргізуге,сонымен қатар төлем тапсырмаларын қалыптастыруға міндетті.

ЖШС жеңілдетілген жүйе бойынша есебін жүргізе алады:

·      дербес (құрылтайшының немесе директордың көмегімен);

·      штатық жүйеге есепшіні жалдау арқылы;

·      аутсорсингке беру арқылы;

Осы үш жағдайда Mybuh.kz –тің онлайн-қызметі, есеп жүргізу және есептерді тапсыру процесін жеңілдетуге көмектеседі.

Қызметтің кең функционалдығы - жеңілдетілген ЖШС-тің барлық алғашқы құжаттарын құрастыруға,бухгалтерлік есептің барлық негізгі бағыттары бойынша есеп жүргізуге және салық есептілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді (910-шы және 300-і нысандары).

Тапсырыс берушінің мақсатына байланысты екі тариф бар:

·      «Өз- өзіңе есепші»;

·      «Жеке есепші».

 «Өз-өзіңе есепші» тарифі есеп жүргізуді жеңілдетуге арналған, егер ЖШС оны өз бетімен жүргізуге шешім қабылдаса. Mybuh.kz қызметінің жеке кабинет мүмкіндігі:

·      енгізілген мәліметтердің көлемін барынша азайту;

·      бөлшектердің көпшілігін толтыруды автоматтандыру;

·      жалақы сомаларын және одан ұсталынатын аударымдарды автоматты түрде есептеу;

·      салықтарды автоматты түрде есептеу және нысандардың толтыруын автоматты түрде тексеру.

Mybuh.kz қызметінің көмегімен 910-шы және 300-ші нысандарын толтыру процесі айтарлықтай жеңілдетілген. Жеке кабинетті пайдаланушы, қызметкерлердің тек жалақысын ғана көрсетуі жеткілікті, ал басқа барлық қажетті есептеулерді - Mybuh.kz қызметі автоматты түрде істейді.

Сондай –ақ, корпоративті табыс салығы (КТС), ӘА және жалақыдан шегерілетін барлық аударымдарды төлеу үшін, төлем тапсырмалары жасалады.

Қол жетімді тариф қызметін пайдалану ЖШС-не өзінің штаттық есепшілерінің жұмыс орындарын ұйымдастыруға және шығындарын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Егер ЖШС жеке есеп жүргізу маманның болуын қаласа,бірақ айтарлықтай шығындарға ұшырағысы келмесе, онда «Жеке есепші» (аутсорсинг) тарифін қолдана алады. Есептік шараларды және есеп беруді тапсыру Mybuh.kz мамандары жүзеге асырады.

Ол үшін ұйымнан мыналар қажет:

·      заңды тұлғанын ЭСҚ кілтін беру;

·      кіріс мөлшері мен ай сайынғы аударымдарды көрсету.

Ұйымға бекітілген «жеке есепші» барлық деректерді толтырады, салық қызметіне есеп беру нысандарын қалыптастырып ұсынады және дұрыс бюджеттік жіктеу кодына салық төлеуге,төлем тапсырмаларын дайындайды.

Mybuh.kz –тен онлайн-бухгалтерлік қызметті пайдалану – сізге кәсіби есепшінің қызметін, еңбек нарығындағы осындай мамандардың қызметтерін орташа бағасынан он есе төмен бағамен алуға мүмкіндік береді.


  •   Как ТОО выплатить дивиденды в Казахстане, подробнее
Оставить заявку в отдел Персональный бухгалтер


ТОО на упрощенке, что нужно знать

  • Узнайте, что такое НДС
  • ТОО общеустановленный режим налогообложения особенности ведения подробнее
  • Ликвидация ТОО в Казахстане: каков порядок проведения и сроки процедуры подробнее здесь
  • Узнайте, что такое ЭСФ
  • Какова сумма минимальной зарплаты в Казахстане и насколько она отличается от МЗП стран СНГ смотрите здесь
  • Установлены лимиты по снятию наличных для юрлиц подробнее здесь
  • СНТ в Казахстане: на какие товары выписывать, сроки, штрафы подробнее
  • Ликвидировать ИП или приостановить деятельность ИП в Казахстане подробнее
  • Как зарегистрировать ТОО в Казахстане и какие документы потребуются подробнее

Насколько полезна была статья?

(0)

Статьи по теме

Тұрақты шегерімді қолданумен арнайы салық режимі

Тұрақты шегерімді қолданатын, арнайы салық режимі. Тұрақты шегерімді қолданатын, арнайы режимнің ерекшеліктері. Кәсіпкер қанша және қандай салық төлеуге міндетті. Mybuh.kz қызметінің көмегімен, бухгалтерлік есепті қалай жеңілдетуге болады

Дата публикации 08.06.2021
Количество просмотров 11615

Қазақстандағы бірыңғай жиынтық төлем: кім төлейді, БЖТ мөлшерлемесі, БЖТ-ді қалай төлеу керек

Қазақстандағы бірыңғай жиынтық төлем: кім төлейді, БЖТ мөлшерлемесі, БЖТ-ді қалай төлеу керек. Қазақстанда, кім өзін-өзі жұмыспен қамтушысы бола алады. Бірыңғай жиынтық төлеушісі қандай шарттарды орындауы керек және ол қандай жеңілдіктерді алады. Ай сайынғы төлем қанша және оны қалай төлеуге болады.

Дата публикации 08.06.2021
Количество просмотров 47855

Кәсіпкерлер мен ұйымдардың қайсысы, арнайы режимдерді қолдана алады

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, қандай арнайы режимдер қарастырылған. Әр түрлі арнайы режимдердің айырмашылықтары қандай. Арнайы режимді кім және қандай жағдайда қолдана алады.

Дата публикации 08.06.2021
Количество просмотров 2877

ИП по общеустановленному режиму, особенности ведения

Что нужно знать начинающему предпринимателю о режиме ИП на общеустановленном режиме. Особенности обще установленного налогового режима для ИП. Сколько и какие налоги обязан уплачивать предприниматель. Как упростить ведение учета с помощью сервиса от Mybuh.kz.

Дата публикации 29.03.2021
Количество просмотров 107749

ЖШС негізінен салық салу режимін жүргізу ерекшеліктерін белгіледі

Бастауыш кәсіпкер, жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖШС-тік режимі туралы, не білуі керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін, жалпыға бірдей белгіленген салық режимінің ерекшеліктері. «ББР-дегі» ЖШС, қанша және қандай салықтарды төлеуге міндетті. Mybuh.kz қызметінің көмегімен бухгалтерлік есепті, қалай жеңілдетуге болады

Дата публикации 08.06.2021
Количество просмотров 54066

Жеңілдетілген ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) бойынша салық режимінің ерекшеліктері.

«Жеңілдетілген ЖШС-та» салық режимінің ерекшеліктері қандай? Жеңілдетілген салық жүйесі бойынша ЖШС қанша және қандай салық төлейді? Қызметкерлердің жалақысынан қандай төлемдер шегеріледі? Mybuh.kz қызметінің көмегімен бухгалтерлік есепті қалай жеңілдетуге болады?

Дата публикации 26.08.2021
Количество просмотров 186178

Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация - жүргізу шарттары мен ерекшеліктері

ЖДеңілдетілгшен жүйе бойынша жеке кәсіпкерлердің, салық режимінің ерекшеліктері. Кәсіпкер қанша және қандай салық төлеуге міндетті. Жеке кәсіпкер жұмысшылармен қандай төлемдер төлейді. Mybuh.kz қызметінің көмегімен бухгалтерлік есепті, қалай жеңілдетуге болады

Дата публикации 24.06.2021
Количество просмотров 871062

Жаңадан бастаған кәсіпкер «Патент бойынша ЖК-тің» арнайы режимі туралы не білуі керек.

«Патент бойынша ЖК-дің» арнайы режимінің ерекшеліктері. Кәсіпкер қанша және қандай салықтарды төлеуге міндетті. Mybuh.kz көмегі арқылы,патентті қалай алуға болады?

Дата публикации 26.08.2021
Количество просмотров 159155

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін арнайы режимдер

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары үшін, арнайы режимдердің міндеттері қандай. Осы арнайы режимдерде жұмыс істеу үшін, қандай шарттар орындалуы керек.

Дата публикации 08.06.2021
Количество просмотров 3757

НАЗАД

Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру
Все комментарии

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту