Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация - жүргізу шарттары мен ерекшеліктері

Июнь 24, 2021

Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация - жүргізу шарттары мен ерекшеліктері

Жеңілдетілген ЖК: Қазақстандағы жеңілдетілген декларация - жүргізу шарттары мен ерекшеліктері

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін ең қарапайым және ыңғайлы салық режимі жеңілдетілген декларацияға негізделген режим («жеңілдетілген») болып саналады. Режим, бухгалтерлік есеп процедураларын минимизациялауды, есептерді құру мен ұсынудың қарапайымдылығын болжайды, бұл меншік иесіне есепшінің көмегінсіз жасауға мүмкіндік береді, әсіресе жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылардың еңбегін, пайдаланбаса. Жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген режимнің ерекшеліктері туралы көбірек біліңіз ...

«Жеңілдетілген» режимді қандай жеке кәсіпкер қолдана алады?

Бір мезгілде келесі критерийлерге сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер, «жеңілдетілген» режимді қолдана алады:

Кесте 1. «Жеңілдетілгенді» кім қолдана алады.

Көрсеткіш

Шектеулер

1

Қызметкерлер саны (жеке кәсіпкерді қосқанда)

30 адам.

2

Басқа елді мекендердегі бөлімшелер, филиалдар немесе салық салу объектілер

Басқа қалаларда бөлімшелер, филиалдар және салық салу объектілері жоқ

3

Алты айдағы айналым (қолма-қол ақша және / немесе банктік аударым, бірақ үш бөлік интеграцияланған жүйені, қолданбай)

24 038 АЕК (2021-ші жылға 70 118 846 теңге)

4

Алты айдағы айналым, егер тек үш бөлікті интеграцияланған жүйесі қолданылса, бірақ ақшалай есеп айырысу қолданылмаса

70 048 АЕК (2021-ші жылға 204 330 016 теңге)

5

Алты айдағы айналым, егер қолма-қол есеп айырысу да, қолма-қол ақшасыз төлемдер де үш бөлікті интеграцияланған жүйесін қолдану арқылы қолданылса.

24 038 АЕК +70 048 АЕК = 94 086 АЕК

(2021-ші жылы 274 448 862 теңге)

6

Қызмет саласы

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабының 2-ші тармағының 3-ші тармақшасында,көрсетілгендерден басқа, барлығы.

МАҢЫЗДЫ! 01.01.2021-ші жылдан бастап, Қазақстанда АЕК 2 917 теңгені құрайды.

«Жеңілдетілген» режимге қатысты барлық мәселелер, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 683-ші бабымен реттеледі.

Егер тармақтардың кем дегенде біреуі бұзылса, жеңілдетілген жүйеден ЖК, жалпыға бірдей белгіленген режимге ауысады.

Назар аударыңыз, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде, ҮИЖ-ні (үш бөлікті интеграцияланған жүйе) пайдалану, алты айлық айналымның шегін едәуір арттыра алатынды. Сондықтан, егер тауар айналымы жоғары болса және шектеуден асып кетіп, жеңілдетілген жүйені пайдалану құқығынан айырылу қаупі болса, онда ҮИЖ-ні орнатқан жөн.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 1-ші бабының 1-ші тармағының 72-ші,1-ші тармақтарына сәйкес, ҮИЖ-нің құрамында:

• онлайн-бақылау кассасы;

• қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған құрылғы (мысалы, POS-терминал);

• тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі.

ҮИЖ-ні қолдану тауарларды есепке алуды, сондай-ақ сатып алушылардан алынған кірістерді есепке алуды автоматтандыруға, мүмкіндік береді:

• қолма-қол ақша;

• төлем карталары;

• банктік шотқа аудару.

Осылайша, оны қолдану жеңілдетілген жүйенің айналымының алты айлық шегін жоғарылатып қана қоймай, сонымен бірге салық есебі, салық есептілігін құру (910.00-шы нысан) және көптеген басқа артықшылықтарды береді.

Жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкерлер, қандай салық төлеуі керек?

Жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкер, салықтар мен жарналардың келесі түрлерін төлейді:

• кірістің 3%-зы (төлемнің 1,5%-зы табыс салығы (ЖТС) және 1,5%-зы әлеуметтік салыққа бөлінеді);

• жалақыңыздың 10%-зы - өзіңіз үшін міндетті зейнетақы жарналары;

• жалақыңыздың 3,5%-зы - өзіңіз үшін әлеуметтік аударымдар;

• 1,4 ең төменгі жалақының 5%-зы (яғни 2021-ші жылға арналған 2 975 теңге) - өзіңіз үшін медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА).

Егер жеке кәсіпкер жұмысшыларды жалдаса, жоғарыда аталған төлемдерден басқа, оларға қосымша ақы төлеу қажет (жалақы самасынан):

• 10% жеке табыс салығы (ЖТС);

• 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

• 3,5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);

• 2% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);

• 2% медициналық әлеуметтік сақтандыруға жарналар (МӘМСЖ).

Жеке кәсіпкер, жұмысшылар үшін әлеуметтік салық төлемейді. Жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлерге салықты есептеуді, сіз онлайн-калькуляторға сене аласыз

Еңбек келісімшарттары бойынша емес, Азаматтық-құқықтық келісімшарттары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, 2021-ші жылы МЗЖ-сы 10%-ды құрайды.

Жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкердің кірісінің 3% -ын төлеуге арналған салық кезеңі, жарты жылды құрайды. Қалған төлемдер ай сайын, келесі айдың 25-іне дейін төленеді (яғни 25-ші ақпанға дейін – қаңтар айы үшін төленеді және с.с).

Маңызды! 01.01.2020-шы мен 31.12.2022-ші жылдар аралығында арнайы режимдерді қолданатын (соның ішінде «жеңілдетілген») шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері 3% - жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты төлеуден босатылды.

Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу критерийлері келесідей:

Кесте 2. Шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қандай жеке кәсіпкерлер жатады.

Санат

Қызметкерлердің орташа жылдық саныОрташа жылдық табыс

Орташа жылдық табыс

1

шағын кәсіпкерлік

100 адам.   

3300000 АЕК (2021-ші жылы  875 10000 тг)

2

Микро кәсіпкерлік

15 адам.

30000 АЕК (2021-ші жылы 87 510 000 теңге)


Қызметкерлер санына және кірістерге арнайы «жеңілдетілген» режим үшін белгіленген шектеулерді ескере отырып, оны қолданатын барлық кәсіпкерлер, автоматты түрде шағын немесе микро кәсіпкерлік субъектілеріне жатады. Сондықтан, бұл олардың 01.01.2023-ші жылға дейін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты төлеуден босатылуы құқылы екендігін білдіреді.

 Ерекшелікті  тек - оңайлатылған жүйедегі жеке кәсіпкерлер келесі жұмыспен қамтылғандар құрайды :

• ойын кәсіпкерлігі;

• қауіпсіздік қызметтерін ұсыну;

• акцизделетін өнімдерді (алкоголь, темекі) өндіру немесе көтерме сату;

• лотереяларды өткізу;

• Сыртқы экономикалық қызмет (ЕАЭО елдерінің аумағынан импорт пен экспортты қоспағанда).

Мұндай жеке кәсіпкерлер ЖТС-ғын және әлеуметтік салық төлеуден, босатылмайды.

Маңызды! ЕАЭО елдерімен (Ресей, Беларуссия, Қырғызстан, Армения) сыртқы экономикалық қызметтні жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, ЖТС-ғы мен әлеуметтік салықтан босатылады.

Жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкер есептіліктің қандай түрін ұсынады?

Жеңілдетілген жүйедегі жеке кәсіпкерлер әр 6 ай сайын 910.00-шы нысаны түрінде есеп беруге міндетті

Жылдың 1-ші жартыжылдығында:

• нысан 01.07-нен бастап 15.08-не дейін тапсырылуы керек.;

• 25.08-не дейін, 3% салықты төлеу.

Жылдың 2-ші жартысында:

• нысан келесі жылдың 01.01-нен бастап 15.02-не дейін тапсырылуы керек.

• келесі жылдың 25.02-не дейін 3% салықты төлеу.

Егер, жеңілдетілген салық салу бойынша жеке кәсіпкер, 01.01.2023-ші жылға дейін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты төлеуден босатылған болса, онда алынған табыс 910.00-шы нысаны бойынша декларацияда көрсетілуі керек, ал жеке табыс салығы мен төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы «0» көрсетілуі керек. Mybuh.kz қызметінде ме? 910-шы нысаны автоматты түрде жасалады, салық төлеуден босатылған деген белгісін белгілеу жеткілікті, бейне нұсқаулық.

Жеңілдетілген жүйесі бойынша жеке кәсіпкерге ҚҚС-ғын төлеу қажет пе?

Жеңілдетілген жүйесі бойынша жеке кәсіпкерлерге ҚҚС-ғы бойынша тіркелу, келесідей болуы мүмкін:

• міндетті;

• ерікті.

ҚҚС-ғы бойынша тіркеу тәртібі, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 82-ші бабымен реттелген.

Кесте 3. Жеңілдетілген жүйедегі жеке кәсіпкер қандай жағдайда, ҚҚС-ғы бойынша тіркелуі керек.

Көрсеткіш

Жылдық шетік

ҚҚС-ғы бойынша тіркелу

1

Жылына ақша айналымы (қолма-қол және / немесе банктік аударым, бірақ үш бөлікті интеграцияланған жүйесін қолданбай)

30000 АЕК (2021-ші жылы 87.510.000 теңге)

Бұл сомаға дейін - қажет емес, егер асып кетсе - қажет

2

Жылына айналым, егер тек үш бөлікті интеграцияланған жүйесі қолданылса, бірақ қолма-қол ақша қолданылмаса

114 184 АЕК (2021-ші жылы 333 074 728 теңге)

Бұл сомаға дейін - қажет емес, егер асып кетсе - қажет

3

Жылына айналым, егер үш бөлікті интеграцияланған жүйесі қолдана отырып қолма-қол есеп айырысу және қолма-қол ақшасыз төлемдер қолданылса

30000 АЕК +114 184 АЕК = 144 184 АЕК (2021-ші жылы 420 584 728 теңге)

Бұл сомаға дейін - қажет емес, егер асып кетсе – қажет . Сізге қолма-қол және қолма-қол емес төлемдердің бөлек есебін жүргізу қажет.

Егер шектен асып кетсе, онда жеке кәсіпкер:

• ҚҚС-ғы бойынша тіркелу және төлеуші ​​куәлігін алу;

• 3% «жеңілдетілген» салыққа, қосымша 12% ҚҚС-ғын төлеу;

• 300.00-ші нысанын ұсыну (ҚҚС-ғы бойынша декларация).

«Жеңілдетілген жүйені» пайдалануға мүмкіндік беретін айналым шектіктері жарты жылдықты құрайтынын ескеріңіз. Ал, ҚҚС-ғы бойынша тіркеу шегі, жыл сайынғы болып табылады. Сондықтан тіркеу сәтін жіберіп алмау, өте маңызды.

Мысалға:

1-ші жартыжылдықта, жеңілдетілген жүйе бойынша жеке кәсіпкер 70 000 000 теңге кіріс алды, кәсіпкер үш бөлікті интеграцияланған жүйесін қолданбайды. Алынған кіріс, арнайы «жеңілдетілген» режимді пайдалануға мүмкіндік беретін шектен аспайды. (2021-ші жылыдың бірінші жарты жылдығына 70 118 846 теңге). Екінші жартыжылдықта да жеке кәсіпкер, «жеңілдетілген» жүйені қолдануға құқылы, егер ол жартыжылдық шектіктен аспаса).

Алайда, ҚҚС-ғы бойынша тіркеуге қатысты 2021-ші жылға арналған шектеу (егер үш бөлікті интеграцияланған жүйесі қолданылмаса) бар болғаны 87 510 000 теңгені құрайды. Сондықтан, екінші жартыжылдықта кіріс 87,510,000 -70,000,000 = 17,510,000 теңгеден асқан бойда, жеке кәсіпкерлер ҚҚС-ғы бойынша тіркелуге мәжбүр болады. Немесе нұсқа ретінде, үш бөлікті интеграцияланған жүйесін алдын-ала орнатыңыз және бөлек есептілкті жүргізе бастаңыз.

Жеке кәсіпкер қызметкерлерімен, жеңілдетілген жүйесі бойынша тағы не ескеруі керек?

Жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкер, жұмысшылардың жекелеген санаттарының табыстарына, салық салудың кейбір ерекшеліктерін, ескеруі керек:

• зейнеткер жұмыскер - ӘА және МЗЖ-сы шегерілмейді;

• шетелдіктер (резидент еместер) - ӘА және МЗЖ-сы шегерілмейді;

• тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік жұмысшылардан ЖСН алу талап етіледі, содан кейін ғана оларды жұмысқа орналастыруға болады;

• тұруға ықтиярхаты бар резидент еместер Қазақстан Республикасының резиденттері болып танылады - ӘА және МЗЖ-сы шегеріледі.

Жеке табыс салығын есептеу кезінде қызметкерлерге, 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде салықтық шегерім құқығы беріледі. Алайда бұл  келесі жұмысшыларға қолданылмайды:

• шегерімді қолдануға өтінім бермеген;

• Қазақстан Республикасының резидент еместеріне;

• екінші жұмыс орнында, егер параллельді түрде аударым біріншіден алынған болса (егер қызметкер бір уақытта екі жеке кәсіпкерде немесе ұйымда жұмыс жасаса).

Жеке кәсіпкерлерге ҚР Еңбек кодексінің нормалары қолданылады. Сондықтан қызметкерлерге:

• науқастарға арналған демалыс төлемі (бірақ айына 15 АЕК-тен аспайтын мөлшерде);

• күнтізбелік 24 күннен кем емес, жылдық демалыс;

• пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы, орташа күндік табыстың негізінде төленеді.

Есептілікті тапсырған кезінде, жеке кәсіпкер салықтың төмендеуіне, оның сомасының 1,5% мөлшерінде түзетуге құқылы. Егер жеке кәсіпкерлердің жалақысы, ең төменгі жалақының 2 мөлшерінен көп, немесе оған тең болса (2021-ші жылы -85000 теңге), бұл рұқсат етілуі мүмкін. Түзетулер әр қызметкерге, олардың орташа санына байланысты жасалады. Mybuh.kz қызметінде барлық түзетулер ескеріледі және автоматты түрде есептеледі.

Кім 3 жыл бойы салықтан босатылды, барлық ақпарат осында

Жеке кәсіпкерлерге салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін, қандай айыппұлдар қарастырылған?

Есептерді тапсыру, салықтар мен жарналарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Сонымен, салық режимін қолдану ережелерін бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі 270-ші бабына сәйкес жауапты:

• ескерту;

• қайта бұзушылық болған жағдайда - 15 АЕК айыппұл.

Салық есептілігін уақтылы тапсырмағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 272-ші бабы):

• ескерту;

• қайта бұзушылық болған жағдайда - 30 АЕК айыппұл.

МӘМС және ӘА жарналары бойынша, аударымдар мерзімдерін бұзғаны үшін (төлемеу, уақтылы төлемеген немесе толық төлемеген), жеке кәсіпкерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 92-1-ші бабы бойынша:

• ескерту;

• қайта бұзушылық болған жағдайда - тізімге енгізілмеген аударымдар сомасынан, 20% айыппұл.

Міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы төлемегені немесе төлемегені үшін төленген күнін қоса есептегенде, әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады. МЗЖ-сын беру жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 91-ші бабы):

• ескерту;

• қайта бұзушылықтар болған жағдайда - тізімге енгізілмеген зейнетақы жарналары сомасынан, 20% айыппұл.

Жеңілдетілген жүйедегі Жеке кәсіпкер, есептілікті қалай жүргізе алады?

Жеңілдетілген декларацияға негізделген салық режимі, есептілікті жүргізуде, белгілі бір қиындықтарды білдірмейді. Алайда, ұқыптылық пен мұқияттылық, есеп беру мен салық төлеу мерзімдерін сақтау қажет.

ЖК есебін жүргізе алады:

• Дербес;

• бухгалтерлік есеп қызметтерін аутсорсингке беру;

• штаттық есепшінің көмегімен (бұл шығындар жағынан әрдайым, ақтала бермейді).

Есептілікті жүргізу және есеп беру процесін жеңілдету үшін Mybuh.kz-тен арнайы онлайн қызметін пайдалану ыңғайлы, бұл жеңілдетілген жүйедегі жеке кәсіпкерге келесі мүмкіндіктерді береді :

• жеке кәсіпкерлердің кассасы мен банкін жүргізуге;

• қызметкерлердің жалақысының есебін жүргізуге;

• жеткізушілермен және сатып алушылармен есеп айырысу есебін жүргізу;

• тауарлардың есебін жүргізуге;

• 910-шы нысанының салық есептілігін құрастыру және салық органына онлайн режимінде ұсыну.

Mybuh.kz-тен онлайн-бухгалтерлік қызмет - кәсіпкер есепті өз бетімен жүргізуге, қаласаңыз, бухгалтерлік есепті аутсорсингке өткізуге ниет білдірген жағдайда да пайдалы. Екі тариф бар:

• «Өз өзіне есепші»;

• «Жеке есепші».

«Өз өзіне есепші»тарифі кәсіпкерге жеке кабинетке қол жетімділікті қамтамасыз етуді білдіреді, ол ЖК қызметінің барлық салаларында жазбаларды жүргізудің қарапайым және интуитивті механизмін жүзеге асырады. Жүйе көптеген көрсеткіштер үшін автоматты толтыру функциясын, сондай-ақ дербес есептік жазбада өздігінен тәжірибе жинамаған адамдар үшін жеке кабинетті пайдалануды ыңғайлы ететін, автоматты тексеру функциясын ұсынады.

Сонымен, Mybuh.kz қызметінде 910-шы декларациясын толтыру кезінде, кәсіпкерге тек, қызметкерлер мен жеке кәсіпкердің жиынтық табысы көрсетілуі керек, ал қызмет, автоматты түрде жолақшаны толтыру үшін барлық қажетті есептеулерді орындайды. Сонымен қатар, 3% салықты және жалақыға барлық аударымдарды төлеу үшін, төлем тапсырмалары жасалады.

Қызмет тағы бір маңызды функцияны орындайды: алғашқы құжаттарды сақтау. Егер салық қызметі, салық салу объектілері туралы ақпаратты сұратса, барлық деректерді қызметтің көмегімен оңай қалыптастыруға және оқуға болатын түрде, тексеру үшін ұсынуға болады.

Қызметті пайдалану тарифі, штаттық есепшінің орташа жалақысынан едәуір төмен, бұл кәсіпкерге еңбек шығындары мен есепшінің жұмыс орнын ұйымдастыруға кететін шығындарды үнемдеуге, мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкердің немесе ЖШС-нің есебін қалай тез және оңай жүргізуге болады?

Бухгалтерлік есептің қыр-сырына қаныққысы келмейтін, бірақ бухгалтерлік есеп шығындарын үнемдегісі келетін кәсіпкерлер үшін, «Жеке есепші» тарифі ұсынылған, бұл негізінен аутсорсингке ауысу болып табылады. Бұл жағдайда барлық есепке алу процедуралары, соның ішінде, есеп беруді Mybuh.kz мамандары жүргізеді.

Кәсіпкерден керегі тек:

• ЭСҚ кілтін беру;

• барлық кіріс құжаттары мен ақпараттарды уақтылы Mybuh.kz маманына беру

Жеке есепші не істейді:

Бастапқы құжаттарды дайындау

► Салықтар мен жарналарды есептеу

► Салық есептілігін дайындау және ұсыну

► Статистикалық есептерді дайындау және ұсыну

► Бухгалтерлік есептің барлық мәселелері бойынша кеңес беру

► Салық басқармасының бақылауы

► Қызметкерлерді есепке алу

► Салық жүктемесінің коэффициентін есептеу

Mybuh.kz-тен онлайн бухгалтерлік есепті пайдалану - бұл қауіпсіз және қарапайым есепке алу қадамы.

Жеке есепші бөліміне сұраныс қалдырыңыз

Оставить заявку в отдел Персональный бухгалтер

Упрощенка для ИП, что нужно знать предпринимателю.

  • Узнайте, что такое НДС
  • ВОСМС за ИП, если он работает по найму: нужно ли платить дважды, подробнее
  • Закрыть ИП или приостановить деятельность ИП в Казахстане подробнее
  • СНТ в Казахстане: на какие товары выписывать, сроки, штрафы подробнее здесь
  • Как осуществить приостановление деятельности или ликвидацию ИП в Казахстане подробнее
  • Установлены лимиты по снятию наличных для юрлиц подробнее здесь
  • Какова сумма минимальной зарплаты в Казахстане и насколько она отличается от МЗП стран СНГ, можно посмотреть здесь 
  • За какие налоговые нарушения могут оштрафовать предпринимателя или организацию и на какую сумму подробнее
  • За какие нарушения трудового законодательства могут оштрафовать работодателя и на какую сумму, подробнее
  • Ликвидация ТОО в Казахстане: каков порядок проведения и сроки процедуры подробнее здесь
  • Как зарегистрировать ТОО в Казахстане и какие документы потребуются подробнее
  • Электронный документооборот: в чем польза для организации подробнее

Насколько полезна была статья?

(0)

Статьи по теме


НАЗАД

Комментарии пока нет.


Пікір қалдыру
Все комментарии

 
Загрузка кода...
  кодты жаңарту