
Сондай-ақ, бұл шара көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және отандық кәсіпкерлер жүргізетін операциялардың ашықтығын арттыруға көмектесуі керек.
Заңды тұлғалар үшін ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырудың ең жоғарғы шектіктері:
• шағын бизнеске - 20 млн. теңге айына;
• орта бизнес үшін -120 млн.теңге. айына;
• ірі бизнеске -150 млн.теңге. айына
Біз әсіресе шоттардан қолма-қол ақша алуға шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайтындығын атап өтеміз. Сондай-ақ, шектеулер мыналарға қолданылмайды:
• жеке кәсіпкер;
• шағын кәсіпорындар (жұмысшылар саны 15 адамға дейін, жылдық кірісі 30000 АЕК дейін);
• ауылшаруашылық немесе балық өнімдерін сатып алатын заңды тұлғалар;
• тамақ, дәрі-дәрмек және ортопедиялық тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Шектік шеңберінде қолма-қол ақшаны шешіп алу, қосымша келісуді қажет етпейді, егер шектіктен асып кетсе, банкке негіздеме ұсынылуы керек. Банктер 3 жұмыс күні ішінде өтінімді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасымен келіседі. Егер көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасынан жауап болмаса, мәміле автоматты түрде мақұлданған болып саналады.
Ақпаратты беру механизмі - кәсіпкерлерден банкке, ал банктен Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ, келісім алу тәртібі 2020-шы жылдың 01-ші маусымна дейін әзірленеді.
Қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырылатын заңды тұлғалардың операциялары үшін, сомаға шектеулер қолданылмайды.
• Электрондық құжат айналымы: ұйым үшін қандай артықшылықтар бар? толығырақ
• ЖШС-тің Қазақстандағы тарату тіртібі мен мерзімі қандай? толығырақ
• ЖШС-ті Қазақстанда қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет? толығырақ
• 3 жыл ішінде салықтан кім босатылды? толығырақ
• Қазақстандағы жеке кәсіпкерді тоқтата тұру немесе тарату туралы толығырақ