Налоговый отчетный период стартовал!
Не забудьте сдать 913 и 200 формы до 15 мая!

Қазақстанда ЖШС-ны қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет.

Қазақстанда ЖШС-ны қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет.

#Пайдалы #Барлығы ЖК мен ЖШС ашу туралы

Опубликовано: 31.03.2021 Количество просмотров 36175

ЖШС-ті тіркеу - бұл өз бизнесіңді құрудың алғашқы кезеңі. Тіркеу процедурасы күрделі емес, оны өзіңіз жасай аласыз немесе қаласаңыз, мамандандырылған компаниялардың қызметтерін пайдалана аласыз. ЖШС-нің тіркеу процедурасы және бірнеше құрылтайшылар болса немесе құрылтайшылары шетел азаматтары болған жағдайда, нюанстары қандай екенін қарастырайық.

ЖШС тіркеу процедурасы қандай құжаттармен реттеледі?

ЖШС Қазақстанда тіркелуі, бірнеше нормативтік актілерімен реттеледі:

• «Серіктестіктер туралы ...» 22.04.1998-ші жылғы №220-1-ші Заңы;

• «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ...» 17.04.1995-ші жылғы №2198-ші Заңы;

• Азаматтық кодекс;

• 1995-ші жылғы 19 маусымдағы № 2337-ші «Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі туралы» Заңы (жанама түрде, шетелдіктердің ЖШС ашуы тұрғысынан);

• «Халықтың көші-қоны туралы» 22.07.2011-ші жылғы № 477-IV-ші Заңы (жанама түрде, бизнес-иммигранттардың жұмыспен қамтылуы тұрғысынан).

Қазақстандағы ЖШС-ті тіркеу кезеңдері.

ЖШС-ті бір қатысушы да, адамдар тобы да тіркей алады.

Қазақстанда ұйымды тіркеуді қалайтындар, алдымен бірнеше кезеңнен өтуі керек:

1. қолданыстағы бар ұйымдармен атауы қайталанбайтын, ерекше атауды таңдау;

2. заңды мекен-жайды таңдау (құрылтайшының үй мекен-жайы бойынша ЖШС-ті тіркеу, тұрғын емес немесе қызметтік үйді жалға алу немесе сатып алу, заңды мекен-жайын сатып алу туралы шарт жасасу);

3. іс-әрекеттің түрін анықтау және ол үшін ЭҚЖЖ(экономикалық қызметтің жалпы жіктеушісі) таңдау;

4. болашақтағы қызметтің ауқымын анықтау (ЖШС қай бизнес түріне жіктеуін анықтау; шағын бизнес, орта немесе ірі бизнес);

5. қызмет ауқымына байланысты жарғылық капиталдың мөлшерін анықтаңыз (шағын бизнес үшін -0 теңге, басқа ұйымдар үшін құжаттарды тапсыру күніне 100 АЕК-тен кем емес);

6. құрылтай шартына қол қою (егер бірнеше қатысушы болса);

7. жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру туралы шешім қабылдауын, тіркеу;

8. ЖШС-тің жарғысын бекіту (стандартты нысан түрінде немесе заңгерлердің көмегімен әзірленген);

9. тіркеу тәуелсіз немесе мамандардың көмегімен жүзеге асырылатындығын шешу.

Құрылтай шартын және жарғысы тіркеу рәсімі үшін міндетті емес (онлайн), бірақ олар ЖШС-тің жұмысына қойылатын заңды талаптарды орындау үшін аяқталуы керек. Сондықтан болашақта қиындықтар туындамас үшін, бұл құжаттарды тез арада жасаған дұрыс.

Егер болашақ құрылтайшы процедураны өз бетімен жүргізуге шешім қабылдаса, онда оның екі нұсқасы бар:

• тіркеу органында жеке тіркеу (құжаттар ХҚО-ғы арқылы қағаз түрінде беріледі);

• онлайн тіркеу (Egov порталы арқылы).

Екінші нұсқа (онлайн тіркеу) - бұл ең ыңғайлы және құрылтайшының уақытын және жүйкесін үнемдейді.

Қандай құжаттар қажет?

Құжаттар тізімі, тіркеу әдісіне байланысты. Егер сіз құжаттарды қағаз түрінде ХҚО-на тапсырсаңыз, сізге:

• өтініш;

• жарғы;

• құрылтай шарты;

• құрылтайшының жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы шешімі;

• орналасқан жерін растайтын құжат;

• мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (егер ЖШС Шағын,Орта бизнеске тиесілі болмаса).

Банкте ЖШС шотын ашу үшін сізге қажет:

• өтініш;

• толтырылған банктік сауалнама;

• басшының қолтаңбасының үлгісі бар құжат;

• заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

• жарғы (түпнұсқа және көшірме);

• құрылтайшылардың, меншік иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;

• сенімхаттар және олардың көшірмелері.

Сақтандыру компаниясы үшін сізге:

• өтініш, сауалнама;

•Штаттық кесте;

• жарғы.

Электрондық нұсқадағы рәсім, құжаттар санын минимумға дейін азайтуға мүмкіндік береді, өйткені олардың көпшілігі жүйеге мемлекеттік органдардың мәліметтер базасынан автоматты түрде шығарылады.

Электрондық өтінім үшін Сізге Әділет министрлігіне, банкке және сақтандыру компаниясына арналған электронды сауалнамаларды толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеу қажет:

• жарғы;

• қолтаңба үлгісі;

• сенімхаттар;

• қызметкерлер тізімі.

Алайда, сканерленген құжаттарды тіркеу міндетті емес екенін ескеріңіз.

ЖШС-ті ашудың ең оңай және ыңғайлы тәсілі онлайн-тіркеу болғандықтан, процедураны толығырақ қарастырайық.

ЖШС-ны онлайн түрде қалай тіркеуге болады.

ЖШС-ті онлайн тіркеу үшін құрылтайшыға ЭСҚ қажет. Егер бірнеше құрылтайшылар болса, олардың әрқайсысында ЭСҚ кілті болуы керек. Сондай-ақ құрылтайшылардың, ЖШС-нің болашақ басшысының және салық қызметінің деректер базасында тіркелген ЖСН-мен өтініш берушінің, болуын тексеру қажет. Сіз мұны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасының сайтында «Басты», «Электрондық қызметтер», «Бизнеске көмек», «Салық төлеушілерді іздеу» қызметтері бөлімінен тексере аласыз. Егер ЖСН мәліметтер базасында жоқ болса, оны енгізу үшін салық органына жүгінуіңіз керек.

Өздігінен онлайн түрде тіркеу, Egov порталында қарапайым:

• Egov.kz порталына кіру;

• «Бизнеске», «Тіркеу және бизнесті дамыту», «Бизнесті тіркеу және тарату», қойындысына өтіңіз;

• «Заңды мемлекеттік тіркеу» қызметін таңдаңыз;

• «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу ...» тіркеу түрін таңдау;

• басшының, меншік иелерінің (құрылтайшылардың) жеке деретері, олардың ЖШС-тегі үлесі, ұйымның орналасқан жері, ЭҚЖЖ, қызметкерлердің шамамен саны туралы деректерді толтыру;

• ЖШС-тің банктік шоты ашылатын банкті таңдау;

• жұмыс берушінің міндетті сақтандыру жауапкершілігін жүзеге асыратын, сақтандыру ұйымын таңдау;

• қажет болған жағдайда қызмет құнын төлеңіз (ШОБ үшін - ақысыз);

• ЭСҚ көмегі арқылы, өтінішке қол қою (егер бірнеше құрылтайшы болса, олардың әрқайсысы порталдағы жеке кабинеті арқылы қол қояды).

Өтінімнің мәртебесін, жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» қойындысында бақылауға болады. Тіркеу мерзімі 1 жұмыс күні, ШОБ үшін - портал арқылы жүгінген күннен бастап 1 сағат. Тіркеу аяқталғаннан кейін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі туралы электрондық куәлік беріледі.

Онлайн-қызмет ЖШС-ті тіркеуге, банктік шот ашуға және келісімшарт бойынша сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік береді, бұл өтініш берушіні үш түрлі мекемелер мен ұйымдарға барудан құтқарады.

ЖШС тіркелгеннен кейін тағы не істеу керек?

Тіркеуден кейін сіз тиісті салық салу жүйесін таңдауыңыз керек. Әдепкі бойынша жаңа компанияларға автоматты түрде-Жалпыға бірдей белгіленген режим (ББР) тағайындалады, бұл салық салу тұрғысынан, иелеріне әрдайым тиімді бола бермейді.

ЖШС - жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы режимді таңдауға құқылы, егер ол осы режимге қойылатын талаптарға сәйкес келсе (ҚР Салық кодексінің 683-ші бабы):

• қызметкерлер саны 30 адамнан аспайды;

• жарты жылдағы табыс 24 038 АЕК шегінен аспайды (2021-ші жылға 70 118 846 теңге);

• құрылымдық бөлімшелер жоқ;

• басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25% -дан аспайды;

• құрылтайшы немесе қатысушы бір уақытта басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, қатысушысы (құрылтайшысы) үлесі болып табылмайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 683-ші-бабының 2-ші тармағының 3-ші тармақшасында көрсетілген, қызмет түрлеріне шектеулер бар.

Сондай-ақ, сізге онлайн-касса сатып алу және оны салық органында тіркеу қажет. Егер болашақ ұйымның қызметі лицензиялануға жататын болса, сізге тиісті лицензияларды рәсімдеу қажет болады.

Негізінде корпоративті мөрді алған жөн, сонымен қатар заңды тұлғаның ЭСҚ-сын алу қажет болады.

ЖШС-тің құрылтайшылары (қатысушылары) шетелдіктер болса, оларды тіркеудің ерекшелігі неде?

ЖШС-тің құрылтайшылары немесе қатысушылары шетелдік азаматтар (немесе шетелдік заңды тұлғалар) болған жағдайда, тіркеу стандартты процедурадан ерекшеленбейді. Бұл мәселелер 1995-ші жылғы 17-ші сәуірдегі № 2198-ші Заңымен және 2011-ші жылғы 22-ші шілдедегі No 477-IV-ші Заңдарымен реттеледі. Сізге тек қосымша, нотариалды куәландырылған және қазақ және орыс тілдеріне аударылған құжаттарды ұсыну қажет.

Шетелдік жеке тұлға үшін:

• шетелдік паспортының көшірмесі;

• Қазақстандық ЖСН-рі (оны ХҚО-да алуға болады).

Шетелдік заңды тұлға үшін:

• заңды тұлғаның шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелгенін растайтын, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмесі;

•Құрылтай құжаттары;

• Қазақстандық БСН(Бизнес Сәйкестендіру номері).

Құжаттар, шетелдік заңды тұлғаның шыққан елінде нотариалды куәландырылуы керек, ал Қазақстанда апостиль қойылған немесе заңдастырылған болуы керек. Ерекшеленетін - ТМД елдері, олар үшін апостиль қою және заңдастыру талап етілмейді.

Барлық рәсімдерді орындау кезінде, шетелдік азаматтардың жеке қатысуы талап етілмейді - бәрін сенімхат арқылы жасауға болады, оны қазақ және орыс тілдеріне аудару және нотариалды куәландыру қажет.

Егер шетелдік – жеке тұлға азаматы, елде жеке қатысса, оның 3 айдан 2-кі жылға дейінгі мерзімге берілетін С5 бизнес - иммиграциялық визасы болуы керек. ЖШС-ті іскерлік визамен ашу заңсыз болуы мүмкін.

Сондай-ақ, барлық қызмет түрлерін Қазақстан аумағында, шетелдік азаматтары жүзеге асыра алмайтындығын ескеру қажет. Келесі Заңдардан, шектеулер тізімін нақтылауға болады:

• «Күзет қызметі туралы» 19.10.2000-шы жылғы No 85-II;

• «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 06.01.2012-ші жылғы No527-IV;

• 23.07.1999-шы жылғы No451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы».

ЖШС-ті ашу құны (1 қатысушы – стандартты түрдегі жарғы бойынша) – 30 000 теңге.

Насколько полезна была статья?

(0)
___PSEUDO_INLINE_PLACEHOLDER___
Пікір қалдыру
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Новости # Юридические услуги

Как уволиться без обязательной отработки?

Как уволиться с работы, не отрабатывая обязательный месячный срок. Есть ли законные способы увольнения без отработки.

# Новости # Налоги

Какие виды деятельности может вести ИП на упрощенке в 2024 г.?

В каких сферах может работать ИП на упрощенке в 2024 г. На какие виды деятельности не распространяется режим упрощенной декларации.

# Полезное # Режимы налогооблажения

ТОО упрощенка, налоги, отчетность, оборот

В чем особенности налогового режима «ТОО на упрощенке». Сколько и какие налоги уплачивает ТОО на упрощенке. Какие платежи отчисляются от заработной платы работников. Как упростить ведение учета с помощью сервиса от Mybuh.kz.

# Полезное # ИП и ТОО

Государственный грант на открытие своего бизнеса

Кто может рассчитывать на получение безвозмездного гранта от государства в сумме до 400 МРП на запуск своего дела. На каких условиях выдается грант. Куда обратиться для оформления и какие документы потребуются.

# Полезное # Персонал

Больничный лист: на сколько выдается больничный, расчет больничного и оплата

Когда выдается больничный лист, на какой период. Как оформить больничный на себя и по уходу за больным ребенком. Как оплачивается больничный.

# Новости # Финансы

Декретные выплаты женщине ИП на упрощенке: как получить максимальную сумму.

Как сделать так, чтобы при выходе в декрет женщина-ИП на упрощенке получила максимально возможную сумму декретных выплат.

# Новости # Юридические услуги

Трудовой отпуск во время декретного отпуска: возможно ли?

Можно ли предоставить сотруднице трудовой отпуск, если она уже находится в отпуске по уходу за ребенком до трех лет. Как это оформить документально.

# Новости # Бизнес

Заявка на грант на развитие бизнеса

Кто может подать заявку на грант на развитие бизнеса. Где подать заявку. В каком объеме выделяется грант.

# Полезное # НДС, СНТ, ЭСФ

СНТ в Казахстане: на какие товары выписывать, сроки, штрафы.

Что такое Сопроводительная Накладная на Товар и на какие виды товаров она оформляется. С какого периода выписка СНТ обязательна для казахстанских предпринимателей и организаций. Какая ответственность предусмотрена за не выписку или ошибки в СНТ.

# Полезное # Режимы налогооблажения

ИП упрощенка: Упрощённая декларация в Казахстане - условия и особенности ведения

ИП упрощенка: Упрощённая декларация в Казахстане - условия и особенности ведения. Особенности налогового режима ИП на упрощенке. Сколько и какие налоги обязан уплачивать предприниматель. Какие платежи платит ИП с работниками. Как упростить ведение учета с помощью сервиса от Mybuh.kz.

Наши сервисы