
Іс жүзінде, бұрын рәсімделген құжатты түзетуге қажет жағдайлар, жиі туындайды. Сіз ТСЖ-на да түзетулер енгізе аласыз (ЭШФ АЖ-ін пайдаланушылары оларды 01.10.2020-шы жылдан бастап шығаруына міндетті болады). Бұрын берілген ТСЖ-на түзету, келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:
• өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• қателерді түзету (тауарды жеткізушіні немесе алушыны ауыстырудан басқа).
Ертеде рәсімделген құжатты жоя отырып, бұл жағдайларда түзетілген ТСЖ-тын жазуға, жол беріледі. Бұл мүмкіндік ЭШФ АЖ-нің WEB-порталында берілген. Бұл жағдайда түзетілген ТСЖ, ертеде рәсімделген жүкқұжаты негізінде жазылады, егер ол келесі мәртебеде болса:
• «Қаралмаған»;
• «Жеткізілген».
Сонымен бірге, белгілі бір мерзім бар: түзетілген ТСЖ-ты, құжаттың түпнұсқасы жасалған күннен бастап, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, жазуға болады. Бұл жағдайда нысанды тіркеу журналында «ТСЖ Түзету» батырмасы белсенді болады. Егер 5 жұмыс күні өтіп кеткен болса, онда түзету функциясы, қол жетімді болмайды.
Түзету жүкқұжаттын жасау үшін сізге:
• журналдан ТСЖ таңдаңыз;
• «ТСЖ Түзету» батырмасын басыңыз;
• түзетілген ТСЖ-ның ашылған түрінде, дұрыс ақпаратты енгізіңіз (бұл жағдайда түзету туралы белгі, 5-бағанда көрсетіледі және түзетілген ТСЖ-на ЭШФ АЖ-де тіркеу нөмірі беріледі);
Түзетілген ТСЖ-ты:
• жобалау ретінде сақтау;
• контрагентке жіберу;
• жабу.
Түзетілген нысанды RSA сертификатымен қол қою керек, содан кейін ол сақталады және алушыға жіберіледі. Бұл жағдайда түзетілген ТСЖ «Қаралмаған» мәртебесін алады, ал ертедегісі - «Жойылған».
Бастапқы құжаттын жағдайындай, түзетілген ТСЖ-ты алушымен расталуы керек, содан кейін тауар жеткізушінің «Виртуалды қоймасынан» есептен шығарылады.
• Сатып алушы ТСЖ-ты растамады: тауарлар Виртуалды қоймадан есептен шығарыла ма, толығырақ
• ТСЖ және уйдің маңындағы дүкендер: сізге жүкқұжатын шығару керек пе? толығырақ
• Электрондық құжат айналымы: ұйым үшін қандай пайдасы бар? толығырақ
• ЖШС-ті Қазақстанда тарату: процедураның тәртібі мен уақыты қандай? толығырақ осында
• ЖШС-ті Қазақстанда қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет? толығырақ осында
• Кімді 3 жылға салықтан босатты? толығырақ
• Қазақстандағы жеке кәсіпкерді қалай тоқтата тұруға немесе таратуға болады? толығырақ