Қазақстандағы ЖШС-ті тарату: рәсімнің тәртібі мен мерзімі қандай.

Қазақстандағы ЖШС-ті тарату: рәсімнің тәртібі мен мерзімі қандай.

#Полезное #ЖК және ЖШС

Опубликовано: 11.08.2025 Количество просмотров 566

Бұрын ашылған бизнес әрдайым күтілген табыс әкелмейді. Кейде ұйымды тарату туралы шешім қабылдауға тура келеді.
Кейін құрылтайшылар мемлекеттік органдармен байланысты қиындықтарға тап болмас үшін, ЖШС-ті тіркеуден шығару рәсімін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізу қажет. Қазақстанда ЖШС-ті қалай таратуға болатыны туралы толығырақ...

Қазақстанда ЖШС-ті жабу – қандай қағидаттарға сүйену қажет?

ЖШС-ті тіркеуден шығару (тарату) – бұл едәуір күрделі процесс, ол заңнама талаптарын, әр кезеңге белгіленген мерзімдерді сақтауды, сондай-ақ көптеген құжаттарды дайындауды талап етеді. Алайда, барлық ережелерге сай жүргізілген тарату рәсімі құрылтайшыларды болашақта мемлекеттік органдармен мәселелерден және түрлі айыппұлдардан қорғауға мүмкіндік береді.

Тіркеуден шығару келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін:

  • қатысушылардың бастамасы бойынша (ерікті түрде);
  • сот шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде).

Егер ЖШС дер кезінде БСН алмаса және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, ұйым мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. Сондай-ақ, егер сот шешімімен банкрот деп танылса, ЖШС-ке мәжбүрлі түрде тарату қаупі төнеді.

Бұл екі жағдайда да барлық мәселелер 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 заңмен, атап айтқанда, осы заңның 16-бабымен реттеледі.

Сондай-ақ, ЖШС-ті тіркеуден шығару тәртібі ҚР Азаматтық кодексінің (ҚР АК 50-бабы), ал салық міндеттемелерін орындау бөлігінде – ҚР Салық кодексінің 58-бабымен реттеледі.

ЖШС-ті тарату рәсімі қандай кезеңдерден тұрады?

Қазақстанда ЖШС-ті тарату үшін келесі кезеңдерден өту қажет:

  • компанияны тарату туралы меншік иесінің (құрылтайшылар жиналысының) шешім қабылдауы;
  • тарату комиссиясын құру;
  • қызметкерлердің алдағы уақытта жұмыстан босатылатыны туралы кемінде бір ай бұрын хабарлау (ҚР ЕК 52-бабы);
  • ҚР Әділет министрлігіне жазбаша түрде немесе ЭЦҚ қолдана отырып электронды сервистер арқылы хабарлау (ҚР АК 50-бабы, 1-тармақ);
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер басқармасына шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарлау (ҚР СК 50-бабы, 1-тармақ);
  • Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар санының артуы туралы кемінде 2 ай бұрын хабарлау;
  • республикалық маңызы бар газеттерге компанияны тарату туралы хабарландыру беру арқылы жария хабарлама жасау, онда кредиторлардан талаптар қабылдау мерзімі көрсетілуі тиіс (кемінде 2 ай) (ҚР АК 50-бабы, 3-тармақ);
  • хабарландыру жарияланғаннан кейін 2 ай өткен соң – аралық тарату балансы мен тарату салық есептілігін дайындау;
  • ҚР ҚМ МКБ-на тарату салық тексеруін жүргізу туралы және «тарату» белгісімен салық есептілігін ұсыну туралы өтініш беру (баланс бекітілген күннен бастап 3 күн ішінде);
  • өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҚМ МКБ тарапынан тексеру басталады;
  • кредиторлармен есеп айырысу, салық міндеттемелері бойынша есеп айырысу, соның ішінде мүлікті аукцион арқылы сату арқылы;
  • егер сыртқы экономикалық қызмет бойынша операциялар болса – кеден органдарынан төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама сұрату;
  • салық тексеру аяқталғаннан кейін – соңғы тарату балансын жасау;
  • банктегі ЖШС есепшоттарын жабу;
  • бақылау-кассалық машиналарды есептен шығару;
  • ҚР ҚМ МКБ-на тарату балансы мен есепшоттардың жабылғаны туралы анықтаманы ұсыну;
  • мөрді жою (бұған дейін мөр барлық тиісті құжаттарда қойылуы қажет);
  • ЖШС тіркелген мекенжай бойынша ХҚКО-ға өтініш пен құжаттарды ұсыну (немесе Egov порталы арқылы).

Жеңілдетілген тарату тәртібі: кімдер пайдалана алады

Салықтық тексеруді көздейтін стандартты рәсімнен бөлек, ҚР Салық кодексінің 59-бабында көзделген жеңілдетілген тәртіп те бар.

Жеңілдетілген рәсімге бір мезетте келесі шарттарға сай келетін компаниялар қатыса алады:

  • ҚҚС бойынша есепте тұрмайтын;
  • жеке түрдегі қызметпен айналыспайтын;
  • ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін арнайы салық режимін қолданбайтын;
  • бұрын қайта ұйымдастырылмаған;
  • салық тексеру жоспарына енгізілмеген.

Мұндай ЖШС-тер тарату салықтық тексеруінен өтпей-ақ, ҚР ҚМ МКБ тарапынан тек камералдық бақылаумен шектеле алады.

Таратушы есептілікті ҚР ҚМ МКБ-на ұсынған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұйым барлық салықтар, жарналар және басқа да төлемдерді төлеуге міндетті.

Салық органдары өтінішті алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде банктерден, кеден органдарынан, қорлардан мәліметтерді сұратады. Бұл мәліметтер 20 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс. Содан кейін салық органдарына камералдық бақылау жүргізуге 10 жұмыс күні беріледі. Оның нәтижесі бойынша ЖШС-ке:

  • қорытынды;
  • анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (5 жұмыс күні ішінде) беріледі.

Егер ЖШС бұзушылықтарды жоймаса немесе келіспесе, бұл жағдайда стандартты салықтық тексеру тағайындалады. Ол ЖШС түсіндірмесін немесе хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірмей басталады.

Жеңілдетілген рәсім (егер бұзушылықтар болмаса) ЖШС-ті тарату мерзімін бірнеше айға қысқартуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл барлық салық төлеушілерге қолжетімді емес.

ХҚКО-ға қандай құжаттарды тапсыру қажет?

1995 жылғы 17 сәуірдегі №2198 заңның 16-бабына сәйкес, ЖШС-ті тарату тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • заңды тұлғаны тарату бойынша мемлекеттік тіркеуге өтініш;
  • құрылтайшының немесе құрылтайшылар жиналысының мөрмен бекітілген шешімі;
  • ЖШС-ті тарату туралы хабарландыру жарияланған газеттің бір данасы;
  • ЖШС мөрін жойған ұйымнан алынған анықтама;
  • тіркеу алымы төленгені туралы түбіртек (шағын және орта бизнес субъектілері түбіртек тапсырмайды).

ХҚКО-ға өтініш газеттерде тарату туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 2 айдан ерте берілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЖШС-ті таратуға арналған құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін, рәсімнің барлық тәртіпке сай орындалғанын тексереді, содан соң БСН Ұлттық тізіліміне ақпарат енгізеді.

Өз кезегінде, ҚР ҚМ МКБ таратудағы ЖШС-тің бюджет алдында салықтық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкіметке» ұсынады.

Егер рәсімнің бұзылуы немесе берешек анықталмаса, «Азаматтарға арналған үкімет» өтініш қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде компанияның қызметін тоқтату дерегін тіркеу туралы жазбаны тізілімге енгізеді. ЖШС тек осы мәлімет БСН Ұлттық тізілімінде тіркелген жағдайда ғана таратылған болып есептеледі.

Бұрынғы меншік иесі заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін алады. Қағаз нұсқасы ХҚКО-да беріледі. Немесе оны Egov порталындағы жеке кабинеттен электронды түрде алуға болады.

Егер тарату рәсімі кезінде бұзушылықтар анықталса, не салықтық немесе кедендік берешек болса, сондай-ақ ЖШС-тің филиалдары немесе өкілдіктері есептік тіркеуден алынбаған жағдайда, ЖШС қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарылады.

Құжаттарды Egov арқылы қалай тапсыруға болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына құжаттар пакетін тек ХҚКО-ға барып қана емес, сонымен қатар онлайн түрде Egov порталы арқылы да тапсыруға болады.

Ол үшін порталда авторизациядан өтіп, «Басты бет» → «Бизнеске» → «Бизнесті тіркеу және дамыту» → «Бизнесті тіркеу және тарату» бөлімдеріне өту қажет. Кейін «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметін таңдау қажет.

Өтінімді толтырып, қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу және мемлекеттік алымды төлеу қажет. ШОБ субъектілері бұл қызметті тегін алады.

Egov порталында өтінімді қарау мерзімі – 5 жұмыс күні. Қызмет нәтижесінде:

  • ЖШС қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрық;
  • не негізделген бас тарту беріледі.

Осылайша, ЖШС-ті тарату рәсімі – бұл ұзақ уақытты талап ететін, көптеген құжаттарды дайындау мен мемлекеттік органдарды хабардар етудің нақты мерзімдерін сақтауды қажет ететін процесс. Тарату рәсімін жеңілдету үшін салық төлеуші заңды тұлғалар мамандандырылған ұйымдардың қызметін пайдалана алады.


Насколько полезна была статья?

(0)
___PSEUDO_INLINE_PLACEHOLDER___
Оставить комментарий
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Полезное

ЖК-ке темекі өнімдерін сатуға не қажет?

ЖК бөлшек саудада темекі өнімдерін сатуды бастауды жоспарласа, не істеу керек? Лицензия қажет пе? Жаңа ҚКЭД қосу керек пе?

# Полезное

Қазақстанда алкоголь өнімін сатуға лицензияны қалай алуға болады.

Алкогольге лицензия алу: қалай және қанша тұрады. Алкоголь өнімдерін сату және сақтау лицензиясын қалай және қай жерде рәсімдеуге болады. Лицензия қанша тұрады. Лицензияның телнұсқасын немесе оны қайта ресімдеуді қалай алуға болады.

# Полезное

ЖК тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет: айыппұл салына ма

ЖК-ні дер кезінде ашпағаны үшін қандай айыппұлдар қарастырылған?

# Полезное # Персонал

Как производится расчет отпускных согласно закону: основные правила

Работники организаций, которые не воспользовались правом на ежегодный отпуск, получают компенсацию за него. Ее размер определяют, исходя из среднедневного заработка сотрудника.

# Новости # МРП в Казахстане

Как отдыхаем в августе 2026 года в Казахстане?

Положен ли в августе дополнительный праздничный выходной работающим казахстанцам.

# Новости # Бухгалтерия

За информацию о непробитом фискальном чеке будут вознаграждать

Усиление кассовой дисциплины. Выплата вознаграждения за информацию о фактах нарушения выдачи чеков ККМ.

# Полезное

Жеке тұлға ЖК ашпай-ақ қойманы жалға бере ала ма?

Қойманың иесі – жеке тұлға, ал жалға алушы – ЖШС болған жағдайда, қойманы жалға беруге бола ма? Жеке тұлға міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет пе? Қандай салықтар төленеді? Мүлік салығын кім төлейді?

# Новости # МРП в Казахстане

Единый реестр должников

Какие сведения будут включаться в Единый реестр должников в Казахстане.

# Полезное # Расчет налогов

Вычет по ИПН 882 МРП: кому положен в 2026 г.?

Кто имеет право на получение стандартного налогового вычета по ИПН в размере 882 МРП. Нужно ли писать заявление и какие документы нужно предоставить. Что делать, если вычет использован не полностью.

# Полезное

ОКЭД деген не және өз ОКЭД-ті қайдан көруге болады?

ОКЭД деген не, ОКЭД не үшін қажет және өз ОКЭД-ті онлайн қайдан білуге болады?

# Новости # Юридические услуги

Уставной капитал ТОО: каким он должен быть?

Уставной капитал ТОО значительно влияет на возможности организации при осуществлении своей деятельности. Рекомендуем воспользоваться услугами специалистов для оценки товарищества.

# Полезное

Блокировка иностранных интернет-магазинов: утверждены формы решений

За что могут заблокировать иностранный интернет-магазин в Казахстане. Как проходит блокировка и разблокировка.

# Полезное # НДС, СНТ, ЭСФ

СНТ в Казахстане: на какие товары выписывать, сроки, штрафы.

Что такое Сопроводительная Накладная на Товар и на какие виды товаров она оформляется. С какого периода выписка СНТ обязательна для казахстанских предпринимателей и организаций. Какая ответственность предусмотрена за не выписку или ошибки в СНТ.

# Полезное # ИП и ТОО

Как иностранцу-резиденту ЕАЭС открыть бизнес в Казахстане в 2026 г.

Как иностранному гражданину –резиденту стран, входящих в ЕАЭС, открыть компанию в Казахстане в 2026 г. Можно ли нерезиденту открыть ИП в Казахстане. Как производится налогообложение компаний с учредителем-нерезидентом из стран ЕАЭС.

# Полезное # Бухгалтерия

Работа по совместительству: какие налоги и соцплатежи удерживать с дохода работника?

Какие налоги и социальные платежи удерживаются с доходов работника, трудящегося по совместительству. Нужны ли какие-либо справки с основного места работы.

# Полезное

Магазиннің атауы жазылған маңдайша (вывеска) жарнама болып саналмайды.

Магазиннің маңдайшасы сыртқы жарнамаға жата ма?
Маңдайша үшін сыртқы жарнама бойынша есеп тапсырып, оны орналастырғаны үшін төлем төлеу қажет пе?

# Полезное

Құмар ойын бизнесі: 2026 жылдан бастап жаңа айыппұлдар

Қазақстан Республикасының құмар ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар

# Новости # МРП в Казахстане

Форма 250.00 и 270.00: в чем разница?

Чем отличаются декларации 250.00. и 270.00 для декларирования доходов физических лиц. Какую форму сдавать в 2026 г.

# Полезное

Қазақстанда кәмелетке толмағанға ЖК ашуға бола ма?

Кәмелетке толмаған адамның Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар ма? 18 жасқа дейінгі уақытта жеке кәсіпкерлікті ашу құқығын алу үшін не қажет?

# Полезное

Филиал, обособленное подразделение и представительство: в чем разница?

В чем отличие филиала, обособленного подразделения и представительства.

Наши сервисы