Налоговый отчетный период стартовал! Не забудьте сдать 200 и 300 формы до 15 ноября!

ҚҚС бойынша тіркеуі жоқ шетелдік маркетплейстер бұғатталады

ҚҚС бойынша тіркеуі жоқ шетелдік маркетплейстер бұғатталады

#Полезное #ҚҚС, ЖНТ, ЭШФ

Опубликовано: 09.01.2026 Количество просмотров 211

Жаңа Салық кодексінде шетелдік маркетплейстердің салық салуын реттейтін нормалар көзделген.

Сонымен қатар, қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркелмеген немесе камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда маркетплейс сайтына қолжетімділікті бұғаттау шарасы енгізіледі.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар 2025 жылғы 18 шілдеде ҚР 2026 жылға арналған Салық кодексіне және «Байланыс туралы» Заңға қол қойылу арқылы қабылданды. Атап айтқанда, «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабы 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылды, олардың мазмұны төмендегідей:

«1-4. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 89-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда масс-медиа саласындағы уәкілетті орган салық органының Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызметті жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсына және (немесе) интернет-платформасына қолжетімділікті шектеу туралы шешімі негізінде осындай шешімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-платформаға қолжетімділікті шектеу туралы нұсқама шығарады.

Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет аталған нұсқаманы орындау үшін дереу шаралар қабылдауға міндетті.

1-5. Интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-платформаға қолжетімділікті шектеуді алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген негіздер бойынша салық органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімімен жүзеге асырылады.

Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның қолжетімділікті шектеуді алып тастау жөніндегі шараларды қабылдауы осы баптың 1-4-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады».

Бұл шаралар әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, бизнесті жүргізудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған.

Қазақстанда электрондық саудамен және онлайн қызметтер көрсетумен айналысатын шетелдік компаниялар үшін қосылған құн салығы (ҚҚС) 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

ҚҚС енгізілген сәттен бастап Қазақстанда шартты тіркеуден 116 шетелдік компания өтті (Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Adobe, Ebay, Google, iHerb, Huawei, Meta (Facebook, Instagram), Netflix, Nintendo, Pinduoduo, TaoBao, TikTok, Temu, Samsung, Sony, Zoom).

Бұл шара цифрлық экономиканың әлемдік ірі ойыншыларын салықтық алаңға тартуға мүмкіндік берді. 2025 жылы тағы 18 жаңа шетелдік компания тіркеуден өтті, бұл салықтық әкімшілендірудің қамту ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Аталған компаниялардың салық төлеушілер тізіміне енгізілуі отандық және шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілер үшін тең салық салу жағдайларын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін дәлелдейді.

Салық енгізілген күннен бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан Республикасының бюджетіне 111,6 млрд теңге төледі.
Тек 2025 жылы түсімдер 41,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен (23 млрд теңге) салыстырғанда 18 млрд теңгеге артық.

Насколько полезна была статья?

(0)
___PSEUDO_INLINE_PLACEHOLDER___
Оставить комментарий
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Полезное

ҚҚС төлеуші ЖШС бұрын ҚҚС-сыз сатып алынған автокөлікті өткізеді: ҚҚС төлеу қажет пе?

Бұрын ҚҚС-сыз сатып алынған автокөлікті өткізген кезде ҚҚС төлеушінің ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемесі туындай ма?

# Полезное

ҚҚС төлеуші ЖШС ҚҚС-сыз жеңіл автокөлік сатып алды: сату кезінде ЭСФ-ны ҚҚС-пен бе, әлде ҚҚС-сыз ба, жазу керек?

Если данный автомобиль ранее был приобретен у другого физического лица без НДС, необходимо ли указывать НДС в ЕСФ при его продаже физическому лицу?

# Полезное

ҚҚС-сыз жеңілдетілген режимдегі ЖШС ЭСФ жазбауға бола ма

ЖШС жеңілдетілген режимде, ҚҚС-сыз, ЭСФ жазбай тауарды (қызметті) іске асыра ала ма? ЭСФ-ны «кейінгі күнмен» жазуға бола ма?

# Полезное

Тауарды өткізген күннен әлдеқайда кейін ЭСФ жазуға бола ма

Нақты өткізу бұрын болып, ККМ чегі берілген жағдайда, қанша уақыттан кейін ЭСФ жазуға болады

# Полезное # НДС, СНТ, ЭСФ

Постановка на учет по НДС в Казахстане в 2026 г.

Постановка на учет по НДС: кто и когда встает на учет в 2026 г. Обязательная и добровольная постановка на учет по НДС. В каком случае вставать на учет по НДС обязательно. Кто освобожден от постановки на учет.

# Полезное # О налогах

Приложение 200.05 — когда сдавать?

Когда заполняется приложение 200.05 в ФНО 200.00 в 2026 году

# Полезное

ИП импорт бойынша ҚҚС төлемей, 328.00 нысанын тапсырмаған жағдайда: қандай айыппұл салынады?

ЖК үшін қандай салдары бар: тауарларды елге әкеліп, импортқа ҚҚС төлемеу және 328.00 нысанын тапсырмау. Қандай көлемде тауарды жеке тұлға ретінде әкелуге болады.

# Полезное

ЭСШ-да бағаны, соманы, айналым күнін түзетуге бола ма?

Жазылған ЭСФ-тағы тауардың немесе қызметтің бағасын, сомасын және айналым күнін түзету мүмкін бе?

# Полезное # Персонал

Больничный лист: на сколько выдается больничный, расчет больничного и оплата

Когда выдается больничный лист, на какой период. Как оформить больничный на себя и по уходу за больным ребенком. Как оплачивается больничный.

# Полезное

ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық тасымалдау: қандай ҚҚС мөлшерлемесін қолдану керек?

Какую ставку НДС следует применять при перевозке, если транспортная накладная предусматривает въезд в несколько стран — членов ЕАЭС?

# Полезное

ТОО ҚҚС бойынша есепте тұрмаған жағдайда, айналым күніне ЭШФ жазуға бола ма?

ТОО ҚҚС бойынша есепте тұрмаған кезеңде қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне (АВР) ЭСФ жазуға бола ма?
ЭСФ-ны екі апта ішінде «артқа датамен» жазуға жол беріле ме?

# Полезное

Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жалға беру: табысқа ҚҚС салына ма?

Егер жалға беруші ҚҚС төлеуші болса, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жалға беруден түскен табыс ҚҚС-пен салына ма?

# Новости # Юридические услуги

С 2027 года изменятся условия назначения и приостановления социальных пособий

Перечень пособий в Казахстане, условия их назначения, приостановления, возобновления и прекращения выплат.

# Новости # Бухгалтерия

Конференция Mybuh.kz -2026: регистрация открыта!

Где и когда состоится очередная ежегодная Конференция Mybuh.kz для бухгалтеров и предпринимателей.

# Полезное # О налогах

ИПН с дивидендов: с 2026 года ставки налога вырастут

Ставки ИПН при налогообложении дивидендов с 2026 г.

# Новости # Юридические услуги

Сотрудник-нерезидент в отпуске без содержания: теряет ли он РВП?

Утратит ли сотрудник-нерезидент РК РВП, если работодатель отправит его в отпуск без содержания.

# Полезное # Бухгалтерия

Возврат ОСМС и ВОСМС с 2026 г.: как оформить?

Как и в каких случаях производится возврат уплаченных ОСМС и ВОСМС.

# Новости # Налоги

Самозанятые в 2027 году: банки и платформы будут удерживать соцплатежи

Новый порядок налогового администрирования самозанятых.

# Новости # Налоги

Мобильные переводы: когда налоговая направит извещение, а когда — уведомление

Информирование налогоплательщика со стороны налоговой о наличии признаков получения доходов по данным о мобильных переводах.

# Полезное

2026 жылы РК-да резидент емес тұлғалардан корпоративтік салықты (КПН) қашан төлеу қажет

2026 жылы резидент емес тұлғадан корпоративтік табыс салығын (КПН) кім төлеуге міндетті. КПН-ды бюджетке қандай мерзімде төлеу қажет.
Қазақстандық компания Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасына табыс төлеген кезде, резидент емес тұлғадан корпоративтік табыс салығын (КПН) төлеу міндетін өз мойнына алады.

Наши сервисы