Налоговый отчетный период стартовал! Не забудьте сдать 200 и 300 формы до 15 ноября!

Қызметкердің ипотекасы бар: ол ЖТС төлеуден босатыла ма?

Қызметкердің ипотекасы бар: ол ЖТС төлеуден босатыла ма?

#Полезное #Салықтар туралы

Опубликовано: 12.08.2025 Количество просмотров 481

Белгілі болғандай, ипотекалық қарызы бар жеке тұлғаларға мемлекет сыйақылар бойынша салықтық шегерім түрінде жеңілдік береді.

Егер бұған дейін бұл құқық тек «Отбасы банкінде» ипотекасы бар адамдарда болса, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай құқық Қазақстандағы кез келген банкте ипотекасы бар барлық қарыз алушыларға берілді (ҚР СК 351-бабы 1-тармағы). Бірақ, егер қызметкерде ипотека болса, оның жалақысынан ЖТС ұстамауға болады дегенді білдіре ме? Түсініп көрейік…

ҚР Салық кодексіне жүгінейік.

ҚР СК 351-бабына сәйкес, қызметкер жалақысының сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарға тең бөлігі (яғни, несие бойынша пайыздарды өтеу сомасы) ЖТС-қа салынбайды. Яғни, ЖТС-тан босатылатын барлық табыс (жалақы) емес, тек банкке төленген сыйақы сомасына тең бөлігі ғана.

ҚР СК 351-бабы 3-тармағында сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттар ретінде мыналар белгіленген:

  • ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
  • сыйақы сомасы бөлініп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
  • аталған қарыз бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат (төлем түбіртегі).

Сондай-ақ, шегерімді қолдану туралы қызметкердің өтініші қажет болады.

Ипотека бойынша ай сайынғы төлемді өтеу кезінде, қызметкер төлемді растаушы құжаттардың көшірмелерін (төлем кестесіне сәйкес) жұмыс берушінің бухгалтериясына ұсынуы тиіс.

Салықтық шегерім тек сыйақы сомасына ғана қатысты, негізгі қарызға қолданылмайды. Сонымен қатар, ҚР СК 351-бабы 2-тармағына сәйкес, шегерім сомасына шектеу қойылған – 118 АЕК-тен аспауы керек.

Маңыздысы: сыйақы сомасын лимиттен аспау үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесімен ай сайын салыстыру қажет.

ҚР СК 351-бабы 4-тармағына сәйкес, салықтық шегерімдер келесі күндердің ең кеші түскен салық кезеңінде қолданылады:

  • өтеу кестесі бойынша сыйақыны төлеу күні;
  • сыйақыны төлеу күні.

Осылайша, қызметкерде ипотекалық қарыздың болуы оны ЖТС төлеуден толық босатпайды. Бұл оған тек жеңілдік алуға (жалақысының банкке төленген сыйақы сомасына тең бөлігін ЖТС-тан босатуға) құқық береді және тек ҚР СК 351-бабы 3-тармағында көзделген құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда ғана қолданылады.

2025 жылғы ЖТС есебі мынадай болады:

ЖТС = (Оклад – МЗЖ (10%) – 14 АЕК – МӘМС жарнасы – өтеу кестесі бойынша сыйақы) * 10% = ЖТС.

Мысалы, 2025 жылы қызметкердің айлық жалақысы 200 000 тг. Ипотекалық қарыз шарты мен өтеу кестесіне сәйкес, ол ай сайын 95 000 тг ипотека төлейді, оның ішінде сыйақы сомасы – 25 000 тг. ЖТС-ты есептейміз:

(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС) – 25 000) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000 – 25 000) * 10% = 95 952 * 10% = 9 595 тг ЖТС.

Егер қызметкер сыйақы бойынша шегерімді пайдаланбаса және бухгалтерияға өтініш бермесе, ай сайын оның жалақысынан ұсталатын сома:

(200 000 – 20 000 МЗЖ – (143 932) – (200 0002% МӘМС)) * 10% = (200 000 – 20 000 – 55 048 – 4 000) * 10% = 120 952 * 10% = 12 095 тг ЖТС.

Осылайша, өтініш берген жағдайда, қызметкер ай сайын ЖТС-тан:

12 095 – 9 595 = 2 500 тг үнемдейді.

Егер сізге салықтық шегерімдерді қолдану мәселесі бойынша тәжірибелі бухгалтердің немесе салық маманының кеңесі қажет болса, сізге «Mybuh.kz» мамандары көмектеседі. Өтінім қалдырыңыз, біз жұмыс уақытында хабарласамыз.


Насколько полезна была статья?

(0)
НАЗАД

Комментарии

Комментарии пока отсутствуют. Будьте первыми кто оставит

Оставить комментарий
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Полезное

2026 жылдан бастап КПН бойынша аванстық төлемдер

2026 жылдан бастап КПН бойынша аванстық төлемдерді қалай төлеу керек? КПН бойынша аванстық төлемдерді кімдер және қандай мерзімде төлеуге міндетті?

# Полезное

ҚР СК-нің 724-бабына сәйкес оңайлатылған режимдегі салық салынатын табысты азайту дегеніміз не, оны қалай және қашан қолдануға болады?

Қандай жағдайларда оңайлатылған режимдегі салық төлеуші КТС немесе ЖТС есептеу кезінде салық салу объектісін азайта алады?

# Новости # Юридические услуги

Трудовой договор заключен электронно: нужно ли выдавать работнику «бумажный» экземпляр

Обязан ли работодатель выдавать бумажный экземпляр трудового договора на руки работнику, если договор с ним заключался в электронном виде

# Полезное

Экспортқа салынатын ренталық салықты, пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) және роялтиді заттай нысанда төлеу

Пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа салынатын ренталық салықты заттай нысанда төлеу

# Полезное # ИП и ТОО

Как узнать, что ИП закрыто.

Как узнать, закрыто ли ИП после подачи заявления на прекращение деятельности.

# Полезное # Персонал

Больничный лист: на сколько выдается больничный, расчет больничного и оплата

Когда выдается больничный лист, на какой период. Как оформить больничный на себя и по уходу за больным ребенком. Как оплачивается больничный.

# Новости # Налоги

Мораторий на проверки малого бизнеса с 2027 года: решение должны принять в течение двух недель

Когда ждать введение моратория на проверки субъектов микро- и малого бизнеса.

# Полезное

Өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

Өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем. Төлем мөлшері және төлеу мерзімі

# Новости # МРП в Казахстане

Как отдыхаем на Новый год и Рождество в 2027 году

Сколько выходных будет на Новый год и на Рождество в 2027 г. при пятидневной и шестидневной рабочей неделе.

# Полезное

870.00 нысанын кім тапсырады?

ФНО 870.00 нысанын кім тапсыруы керек? Егер төлем көлемі 100 АЕК-тен аспаса, ФНО 870.00 нысанын тапсыру қажет пе?

# Новости # Бухгалтерия

Конференция Mybuh.kz - Бухгалтер 2027: о чем говорили бухгалтера и КГД?

Что обсуждали на очередной ежегодной Конференции Mybuh.kz для бухгалтеров и предпринимателей.

# Полезное

2026 жылы жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) 2026 жылы ФНО 270 тапсыруы ЖТС төлеуі

# Полезное

Оңайлатылған режимдегі ИП сыртқы жарнаманы орналастырса: төлемді қалай төлеу керек және қандай есептілік тапсырылады?

Жеке кәсіпкер орналастырған сыртқы жарнама бойынша қалай есеп береді, төлемді қалай төлейді және есепті тапсыру қажет пе?

# Полезное # Персонал

Что такое ИИН и как получить ИИН.

Что такое ИИН. Для чего он применяется. Как и где получить ИИН. Как получить ИИН иностранцу. Чем полезен портал Egov.kz при получении ИИН.

# Полезное

2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары (ФНО) және тапсыру мерзімдері

Салық есептілігін МКO-ға тапсыру мерзімі. 2026 жылы ФНО тапсыру мерзімдері

Наши сервисы