
Қазақстанда 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес, жеке тұлғалардың банкроттығының үш рәсімі бекітілген:
- сот арқылы;
- соттан тыс (микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар үшін);
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Осы нұсқалардың әрқайсысы туралы толығырақ MyBuh.kz сайтынан біле аласыз.
Банкроттыққа өтінімдер Egov.kz порталы (сайты) арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.
Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінімді Egov.kz порталы арқылы беру үшін Басты бет/ Азаматтарға/ Кеден және салықтар/ Экономика және қаржы бөлімдері арқылы өтіп, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» қызметін таңдау қажет. Қызмет тегін.
Сурет 1.
Қосымша ақпарат алу үшін Telegram-ботқа (Salyq) немесе 1414 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Аталған рәсімдердің әрқайсысы орта есеппен алты айдан аспайды, бірақ жекелеген жағдайларда бұл мерзім сәл ұзаруы мүмкін (мысалы, борышкердің мүлкін сауда-саттықта өткізу немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің күрделі жоспарын бекіту қажет болса).
Сонымен қатар, банкроттық рәсімі жеке тұлға үшін белгілі бір салдарларға әкелетінін есте сақтау керек. Бұл туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
Экономика, бизнес және қаржы әлеміндегі жаңалықтарды MyBuh.kz сайтынан оқыңыз.
Егер сізге жеке тұлғаның банкроттығы мәселесі бойынша заңгердің кеңесі қажет болса, төмендегі форма арқылы өтінім қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен хабарласады.