Налоговый отчетный период стартовал! Не забудьте сдать 200 и 300 формы до 15 ноября!

Қазақстандағы жер салығы: нені білу қажет

Қазақстандағы жер салығы: нені білу қажет

#Полезное #Салықтар туралы

Опубликовано: 04.11.2025 Количество просмотров 1303

Қазақстанда жер учаскелерінің иелері жер салығын төлеуге міндетті. Бұл талап заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да қатысты. Жердің әртүрлі санаттарына салық мөлшерлемелері әртүрлі болып белгіленеді. Белгілі бір учаскеге қандай мөлшерлеме қолданылатынын, салық сомасын қалай есептеуді және оны қандай мерзімде төлеу керектігін төменде қарастырамыз.

Жер салығы дегеніміз не және оны кім төлеуге міндетті?

Жер салығы – бұл учаскенің меншік иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалардан бюджетке алынатын төлем:

  • меншік құқығы негізінде (жеке үйлер, саяжайлар және т.б.);
  • тұрақты жер пайдалану құқығы негізінде;
  • өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы негізінде (ҚР Салық кодексі 498-бабы 1-тармағы).

Жалпы жер салығын есептеу және төлеу тәртібі ҚР СК 511-бабымен реттеледі, ал заңды тұлғалар мен ЖК үшін есептеу және төлеу мерзімдері ҚР СК 512-бабында, жеке тұлғалар үшін – ҚР СК 514-бабында белгіленген.

Салық салу объектісі болып жер учаскесі табылады. Салық салу мақсатында жерлер бірнеше санатқа бөлінеді, және олардың барлығы бірдей салық салуға жатпайды.

Жер санаттары:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
  • елді мекендердің жерлері (тұрғын үй қоры алып жатқан және бос жерлер);
  • өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер;
  • ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері;
  • орман қорының жерлері;
  • су қорының жерлері;
  • запастағы жерлер.

Соңғы төрт санаттағы жерлер мүлдем салық салуға жатпайды. Ал алғашқы үш санатқа жататын жерлер де толық көлемде салық салуға жатпауы мүмкін. Мысалы, ҚР СК 500-бабының 2-тармағына сәйкес, келесі учаскелер салық салу объектісі болып табылмайды:

  • елді мекен шегіндегі жалпы пайдаланудағы жерлер (көшелер, саябақтар, зираттар, жағажайлар және т.б.);
  • жалпы пайдаланудағы автожолдар алып жатқан жерлер;
  • консервацияланған объектілер орналасқан учаскелер, егер консервация ҚР Үкіметінің шешімімен жүргізілген болса.

Жер салығы қалай есептеледі?

Салық сомасы учаскенің орналасқан жеріне, ауданына және оның құрылыспен қамтылған-қамтылмағанына байланысты. Салық базасы ретінде учаскенің ауданы алынады, оған тиісті мөлшерлеме және (болған жағдайда) жеңілдік қолданылады.

Заңды тұлғалар мен ЖК салық сомасын өздері есептейді, ал жеке тұлғалар үшін есептеуді мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) жүргізеді. Егер учаске толық жылға тиесілі болмаса (мысалы, жыл ішінде сатылған болса), салық сомасы нақты иелену немесе пайдалану мерзіміне пропорционалды есептеледі.

Базалық мөлшерлемелерді:

  • ҚР СК 505-бабынан;
  • Egov.kz порталынан («Басты бет» → «Азаматтарға» → «Жылжымайтын мүлік» → «Жер қатынастары» → «Пайдалы ақпарат» → «Жер салығын төлеу: қайда, қалай және қанша») білуге болады.

Жергілікті атқарушы органдар белгілі бір әкімшілік аумақтарға жататын жерлерге салық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін белгілеуі мүмкін. Объектінің орналасуына қарай ставка бірнеше есе ұлғаюы да мүмкін (мысалы, ҚР СК 509-бабына сәйкес, АЖҚС және казино орналасқан жерлердің ставкасы базалық мөлшерлемеден 10 есе жоғары).

Маңызды: 2020 жылдан бастап көпқабатты үй тұрғындары жер салығынан босатылды. Қалған жеке тұлғаларға жер және мүлік салығы бір квитанцияда бірге көрсетіледі.

Салық төлеу мерзімдері:

  • жеке тұлғалар – есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін жылына 1 рет;
  • заңды тұлғалар – тоқсан сайын тең үлеспен: 25.02, 25.05, 25.08 және 25.11 (ҚР СК 512-бабы 4-тармағы).

Мерзімді өткізіп алсаңыз, әр күн үшін 1,25 қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінде өсімпұл есептеледі.

Заңды тұлғалар мен ЖК 15 ақпанға дейін ағымдағы төлемдер есебін тапсырады (ҚР СК 516-бабы), ал декларацияны – есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін (ф.700.00).

Қайда және қалай төлеуге болады?

  • банк бөлімшесінде реквизиттер бойынша;
  • «Қазпошта» бөлімшесінде;
  • МКБ кассасында;
  • коммуналдық төлемдер түбіртегімен (жеке тұлғаларға);
  • Egov.kz порталында;
  • банктердің мобильді қосымшалары арқылы (Kaspi.kz, т.б.);
  • e-Salyk салық әмияны арқылы.

Egov.kz арқылы төлеу үшін: авторизация → «Басты бет» → «Азаматтарға» → «Кеден және салықтар» → «Салық салу» → «Онлайн төлем» → ИИН автоматты түрде толтырылады → МКБ, сома, КНП «Салық және өзге міндеттемелер», КБК «104302» таңдалады → «Төлеу».

Жер салығынан кімдер босатылады (ҚР СК 498-бабы 3-тармағы):

  • АСН төлеушілер (шаруа, фермер қожалықтары);
  • мемлекеттік мекемелер;
  • діни бірлестіктер;
  • ҰОС ардагерлері, мүгедектер, тыл еңбеккерлері, 18 жасқа дейінгі жетім балалар (тұрғын үй, саяжай, гараж жерлері бойынша);
  • «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар;
  • зейнеткерлер (мекенжайда тек зейнеткерлер тіркелген жағдайда).

Mybuh.kz көмегі:
Егер сізде бухгалтер болмаса және есепті өзіңіз жүргізсеңіз, «Mybuh.kz» мынаны ұсынады:

  • мүлік салығы бойынша кеңес;
  • ф.701.00 және ф.700.00 дайындау және тапсыру.

Бағалар:

  • бір реттік кеңес бастап 30 000 тг;
  • ф.701.00 бастап 25 000 тг;
  • ф.700.00 бастап 25 000 тг.

Біздің бухгалтерлер есепті қателіксіз жасап, салық органдары қабылдайтынына кепілдік береді. Өтінімді төменде қалдырыңыз, біз сізге жұмыс уақытында хабарласамыз.

Насколько полезна была статья?

(0)
___PSEUDO_INLINE_PLACEHOLDER___
Оставить комментарий
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Полезное # Персонал

Забыл пароль от ЭЦП: можно ли восстановить.

Что делать, если забыл пароль от ЭЦП. Можно ли восстановить пароль.

# Полезное

2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары (ФНО) және тапсыру мерзімдері

Салық есептілігін МКO-ға тапсыру мерзімі. 2026 жылы ФНО тапсыру мерзімдері

# Новости # Налоги

Налоговые вычеты по ИПН в 2027 году вырастут

Базовый и социальные налоговые вычеты вырастут в 2027 году в связи с увеличением значения МРП.

# Полезное # ИП и ТОО

Как узнать, что ИП закрыто.

Как узнать, закрыто ли ИП после подачи заявления на прекращение деятельности.

# Полезное

Жеңілдетілген режимдегі ЖК мен ЖШС, сондай-ақ шаруа (КХ) және фермер қожалықтары 2026 жылы 200.00 салық есептілігін тапсыра ма?

2026 жылы 200.00 салық есептілігін кімдер және қандай мерзімде тапсырады?

# Полезное

Оңайлатылған режимдегі ИП сыртқы жарнаманы орналастырса: төлемді қалай төлеу керек және қандай есептілік тапсырылады?

Жеке кәсіпкер орналастырған сыртқы жарнама бойынша қалай есеп береді, төлемді қалай төлейді және есепті тапсыру қажет пе?

# Полезное

ҚР СК-нің 724-бабына сәйкес оңайлатылған режимдегі салық салынатын табысты азайту дегеніміз не, оны қалай және қашан қолдануға болады?

Қандай жағдайларда оңайлатылған режимдегі салық төлеуші КТС немесе ЖТС есептеу кезінде салық салу объектісін азайта алады?

# Полезное

Өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

Өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем. Төлем мөлшері және төлеу мерзімі

# Новости # Налоги

Минфин изменил порядок назначения налоговых проверок по результатам оценки налоговых рисков

Новые основания и порядок принятия решений о проведении налоговых проверок и хронометражных обследований.

# Новости # Бизнес

Обязательная маркировка БАДов с сентября 2026 года

Маркировка биологически активных добавок к пище (БАД).

# Полезное # Персонал

Что такое ИИН и как получить ИИН.

Что такое ИИН. Для чего он применяется. Как и где получить ИИН. Как получить ИИН иностранцу. Чем полезен портал Egov.kz при получении ИИН.

# Полезное

2026 жылдан бастап КПН бойынша аванстық төлемдер

2026 жылдан бастап КПН бойынша аванстық төлемдерді қалай төлеу керек? КПН бойынша аванстық төлемдерді кімдер және қандай мерзімде төлеуге міндетті?

# Полезное # Персонал

Компенсация за неиспользованный отпуск при увольнении: когда положена и как рассчитывается.

В каких случаях работнику положена компенсация за неиспользованный отпуск при увольнении. Как рассчитывается сумма компенсации. Облагается ли выплата налогами и отчислениями.

# Полезное

2026 жылы жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі

Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) 2026 жылы ФНО 270 тапсыруы ЖТС төлеуі

# Полезное

Цифрлық майнинг үшін төлем

Цифрлық майнинг үшін төлем деген не? Оны кім төлейді және қалай есептеледі?

# Новости # МРП в Казахстане

Как отдыхаем в декабре 2026 года на День Независимости?

Как казахстанцы отдохнут на декабрьские праздники в 2026 г.  

# Полезное

870.00 нысанын кім тапсырады?

ФНО 870.00 нысанын кім тапсыруы керек? Егер төлем көлемі 100 АЕК-тен аспаса, ФНО 870.00 нысанын тапсыру қажет пе?

# Полезное # ИП и ТОО

Кадастровая информация: где узнать сведения об участке в режиме онлайн

Как гражданам быстро и бесплатно получить сведения об участке в режиме онлайн.

# Новости # Бухгалтерия

Путевые листы и ТТН: с 29 сентября изменятся правила перевозки грузов

Обновленные правила перевозки грузов автомобильным транспортом.

# Полезное

Экспортқа салынатын ренталық салықты, пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) және роялтиді заттай нысанда төлеу

Пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа салынатын ренталық салықты заттай нысанда төлеу

Наши сервисы