Жалпыға бірдей декларациялау
Опубликовано: 25.08.2023 09:17
Спикер: Балжан Жангасинова
Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. 2023 жылы оның екінші кезеңі басталды, оның аясында декларацияны ұсынады:
· мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда);
· квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.
Естеріңізге сала кетейік, егер адам жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне алғаш рет кірсе, онда Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажет (250.00-нысан). Кейінгі жылдарда - Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан). Яғни, 2023 жылы (2022 ж.) алғаш рет есеп беретін жоғарыда аталған тұлғалар 250.00-нысан декларациясын тапсырады. Өткен жылы есеп берген тұлғалар 2023 жылы 270.00-нысанды тапсырады.
250.00-нысан декларациялау жүйесіне кірген күні жинақталған активтер мен міндеттемелерді тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте салық базасында жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтер бар. Сондықтан оларды декларацияда көрсетудің қажеті жоқ.
250.00-нысан келесі мерзімдерде тұрғылықты (келген) жері бойынша салыққа тапсырылуы керек:
· қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - 15.07.2023 ж. күннен кеш емес
· электронды түрде ұсынылған жағдайда - 15.09.2023 ж. күннен кеш емес
270.00-нысан, сондай-ақ тұрғылықты (келген) жері бойынша сол мерзімдерде ұсынылады.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап (үшінші кезеңде) декларация тапсырыла бастайды:
· заңды тұлғалардың жетекшілері мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
· ЖК және олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде (2025 ж.) декларациялау барлық басқа азаматтар үшін енгізіледі.
Қалай және қайда есеп беру керектігі түсініксіз бе? «Mybuh.kz» көмектеседі!
Жазылушылардың көптеген өтініштері бойынша біз сіздер үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында тегін онлайн-вебинар ұйымдастырдық.
Ол біздің Youtube арнамызда және Инстаграмда тікелей эфирде өтеді. Күні: 29.08.2023 (сейсенбі), басталу уақыты -10.00.
Вебинар спикері: Жангасинова Балжан, ҚР Кәсіби бухгалтері, ҚР салық консультанты.
Вебинарда сіз:
· 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары қандай нысанда есеп беретінін;
· 2022 жылы 250.00-нысанды тапсырғандар 2023 жылы қандай нысанда есеп беретінін;
· қай мерзімде қағаз түрінде, қай мерзімде электронды түрде есеп беру керегін;
· 250.00-нысанның кіріс декларациясында барлық қолда бар активтерді көрсету және ештеңені жасырмау маңызын біле аласыз.
Вебинар 2023-2024 жылдардағы жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде есеп бермейтін, бірақ 2025 жылдан бастап міндетті болатын жеке тұлғаларға да пайдалы болады.
Сізді тақырып бойынша қызықтыратын сұрақты қоюға мүмкіндігіңіз бар. Біздің @mybuh.kz Инстаграмына өтіп, вебинар анонсы бар постты іздеп, сұрағыңызды посттың астындағы түсініктемелерге жазыңыз. Спикер жазылушылардың сұрақтарын алдын ала қарастырып, жауабын тікелей эфирде береді.
Өзекті тақырып бойынша тегін вебинарды жіберіп алмау үшін YouTube және «Mybuh.kz» Инстаграмында еске салғыш қойыңыз.
Ал егер 250.00, 270.00-нысандарын немесе салық есептілігінің кез келген басқа нысанын жасауға не тапсыруға көмек қажет болса, «Mybuh.kz» мамандары Сізге көмектеседі. Өтінімді қалдырыңыз және біз сізге жұмыс уақытында хабарласамыз.