
Mybuh.kz бірнеше жылдан бері қазақстандық кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп жүргізу және салықтық есептілік жасау бойынша қызметтер көрсетіп келеді. Бірақ біз бұнымен шектеліп қалмай, клиенттерімізге аудит қызметін де ұсынуды жөн көрдік.
Аудиторлық қызметтерді біздің серіктесіміз – «Алма Аудит» компаниясы көрсетеді. Бұл – тіпті тар салаларда да үлкен тәжірибесі бар кәсіби мамандар командасы ретінде өзін танытқан компания.
Аудит қажеттілігіне ерте ме, кеш пе кез келген компания тап болады. Кейбір компаниялар үшін жыл сайын аудиттен өту – заңмен белгіленген міндет. Басқалары үшін – бұл өз еркімен жүргізілетін, бизнес үшін қажетті қадам.
«Алма Аудит» халықаралық стандарттар мен жергілікті және шетелдік компаниялармен көпжылдық тәжірибеге сүйене отырып, сапалы аудиторлық қызметтер көрсетеді.
Сапа кепілдігі келесілермен расталған:
· ҚР Қаржы министрлігі берген №20011167 мемлекеттік лицензиясы;
· ҚР Аудиторлар алқасы және Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC) құрамындағы мүшелігі;
· "Nexia International" халықаралық аудиторлық желісіндегі мүшелігі;
· Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) берген №AFSA-O-EC-2024-1476 лицензиясы;
· AIX электрондық сауда алаңы танитын аудиторлық ұйымдар тізіміне енуі (инвесторлар мен эмитенттер аудиті үшін);
· Салық консультанттары ұйымының біліктілік куәлігі.
Егер сізді келесі сұрақтар қызықтырса:
· Аудит деген не және ол не үшін қажет?
· Аудит қалай жүргізіледі және оған не керек?
· Нақ сіздің компанияңыз үшін аудит қанша тұрады?
· Кім аудиттен өтуге міндетті, ал қандай жағдайда оны өз еркімен өткізу ұсынылады?
· Егер алда салықтық тексеру болса, салықтық аудит қаншалықты пайдалы?
· Аудиторлық компанияны таңдағанда неге назар аудару керек?
Онда бізге хабарласыңыз – және біз сізге «Алма Аудит» мамандарымен консультация ұйымдастырамыз.