
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі №353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттары туралы мәліметтерді АЕЖБ-ға (ЕСУТД) енгізу және алу Қағидаларына сәйкес, жұмыс берушілер жасалған және бұзылған еңбек шарттары, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде АЕЖБ-ға енгізуге міндетті.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, жаңа шарттар туралы мәліметтерді екі тарап қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей АЕЖБ-ға енгізу қажет.
Ал егер мәліметтерді кешіктіріп енгізсе не болады?
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-де (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде) АЕЖБ-ға мәліметтерді енгізбегені немесе дер кезінде енгізбегені үшін айыппұл қарастырылмаған. Мәліметтердің дұрыстығын еңбек инспекторлары бақылайды. Егер бұзушылық анықталса, жұмыс берушіге оны түзету мерзімі көрсетілген нұсқама беріледі. Сондықтан жұмыс беруші деректердің уақытында енгізілмегенін өзі анықтаса, нұсқаманы күтпей-ақ, мәліметтерді дереу енгізуі қажет.
Егер сізге тәжірибелі бухгалтердің, салық жөніндегі сарапшының немесе еңбек не шаруашылық құқығы саласында маманданған заңгердің кеңесі қажет болса – «Mybuh.kz» мамандары сізге көмектеседі. Өтінім қалдырыңыз, біз сізбен жұмыс уақытында хабарласамыз.