
2025 жылғы 18 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Салық кодексіне қол қойды (ҚР Заңы №214-VIII, 2025 жылғы 18 шілде). Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа Салық кодексі елімізде салық салу жүйесін түбегейлі реформалауды көздейді. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудің жаңа ережелерін білдіреді. Сол себепті, компанияңызға немесе ЖК-ге бұл өзгерістер ауыртпалықсыз өтетіндей етіп қазірден бастап дайындалу аса маңызды.
Неліктен 2026 жыл — Қазақстан салық жүйесі үшін бетбұрыс кезеңі болады?
Қазақстанда салық реформасының қажеттілігі көптен бері туындаған. Қолданыстағы Салық кодексі бірнеше рет түзетіліп, өзгертілгенімен, ол кәсіпкерлер мен мемлекет үшін де жеткілікті тиімді болмады.
Жаңа құжат бірден бірнеше мақсатты шешуге тиіс:
- Кәсіпкерлер мен салық органдарының жұмысын жеңілдету;
- Салықтардың жиналуын арттыру;
- Қазақстан бизнесін көлеңкеден шығару.
Осы мақсаттарға жету үшін жаңа Салық кодексінде бірқатар, кей жерлерде қатаң нормалар бекітілді:
- ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру;
- ҚҚС бойынша тіркеу шегін 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендету;
- Арнайы салық режимдерін оңтайландыру;
- Жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті мөлшерлемесін енгізу (жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын азаматтарға).
Бұл өзгерістер әсіресе арнайы салық режимін (АСР) қолданған көптеген кәсіпкерлерге бизнес жүргізу тәсілін түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Олардың көбісі ҚҚС бойынша тіркеуге тұруға мәжбүр болады, бұл салық жүктемесінің артуына әкеледі. Кейбірі АСР қолдану құқығынан айырылып, жалпы белгіленген тәртіпке өтуге міндетті болады. Бұл толық бухгалтерлік есеп жүргізуге міндеттейді.
Сондықтан дәл қазір, жаңа Салық кодексі күшіне енбей тұрып, 2025 жылы-ақ болашақтағы стратегияны ойластырып, әрекет ету маңызды.
Жеке тұлғалар мен қызметкерлер үшін ЖТС бойынша негізгі өзгерістер
Жалақы, салықтар және әлеуметтік төлемдерге байланысты өзгерістер
ЖК мен ЖШС шығын құрылымында жалақыға және әлеуметтік төлемдерге кететін шығындар үлкен үлесті алады. Сондықтан 2026 жылға жоспарды алдын ала дайындау қажет.
Стандартты шегерім 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылады
ЖТС бойынша жеке тұлғалар табысынан алынатын шегерімдер бөлімі толық қайта қаралды. «Жеке салықтық шегерім» ұғымы енгізілді (401-бап, 2026 жылғы редакция).
Шегерімдер түрлері:
- Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;
- Негізгі салықтық шегерім — 30 АЕК ай сайын (жылына 360 АЕК шектік мөлшер);
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер:
- 1 және 2 топ мүгедектері – 5 000 АЕК;
- 3 топ мүгедектері, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар – 882 АЕК;
- Мүгедек балалардың ата-анасы, қамқоршысы, асырап алушысы – 882 АЕК әр балаға 18 жасқа толғанға дейін.
Жаңа шегерімдер жүйесінде маңыздысы — базалық шегерімнің 30 АЕК-ке дейін ұлғаюы. Бұл табыс салығын есептеу базасын төмендетеді, ал салық сомасы азаяды. Демек, жұмыскердің қолына алатын жалақысы көбейеді.
Басқа шегерімдер мен 90% түзету алынып тасталады
401-бапта көрсетілген шегерімдерден басқа бұрын қолданыста болған барлық жеңілдіктер (медициналық, сыйақы т.б.) 2026 жылдан бастап жойылады. Сондай-ақ, 25 АЕК-ке дейінгі табыс алғандарға қолданылатын 90% түзету де алынып тасталады.
Практикалық мысал: «Қолға» берілетін жалақы қалай өзгереді?
Жалақы — 200 000 теңге. Ешқандай жеңілдігі жоқ. 2025 жылы 14 АЕК, ал 2026 жылы 30 АЕК шегерім қолданылады.
2025:
- ОПВ: 20 000 тг
- ОПВР: 5 000 тг
- СО: 9 000 тг
- ВОСМС: 4 000 тг
- ООСМС: 6 000 тг
- ЖТС: 12 095 тг
- Қолға: 163 905 тг
2026:
- ОПВ: 20 000 тг
- ОПВР: 7 000 тг
- СО: 9 000 тг
- ВОСМС: 4 000 тг
- ООСМС: 6 000 тг
- ЖТС: 5 804 тг
- Қолға: 170 196 тг
Қорытынды: 2026 жылдан бастап ЖТС бойынша өзгерістер жұмыскердің табысын аз да болса көбейтеді.
Арнайы салық режимдеріндегі (АСР) өзгерістер
Көптеген кәсіпкерлер үшін ең маңызды өзгерістердің бірі – АСР реформасы.
Упрощенка 2026 жылы сақтала ма?
Иә, сақталады. Бірақ ол қазіргі бөлшек салық режимінің элементтерін қамтитын болады.
Арнайы салық режимдерінің қысқаруы
2026 жылдан бастап (715-бап) салық төлеуші келесі режимдердің бірін таңдай алады:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
- Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР
- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР
Барлық басқа АСР (мысалы, фиксированный вычет, бөлшек салық) жойылады.
Жаңа режим – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін
718-бапқа сәйкес, бұл режимді:
- ҚР азаматтары;
- Қандастар қолдана алады.
Талаптар:
- Айлық табыс 300 АЕК-тен аспауы керек.
- ЖТС төленбейді, тек 4% мөлшеріндегі бірыңғай әлеуметтік төлем төленеді.
- Қызмет түрлері бойынша шектеу болады (тізім кейін бекітіледі).
- Жалдамалы жұмысшылар болмауы тиіс.
- Есеп жүргізу, чек беру және салық органдарымен өзара іс-қимыл арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады (717-бап).
«Жеңілдетілген режим» (упрощенка) қалай өзгереді?
Жаңа шарттар (722-бап):
- Жылдық табыс шегі – 600 000 АЕК (2,4 млрд тг);
- ҚҚС төленбейді (импорт пен резидент еместер үшін ҚҚС – міндетті);
- Әлеуметтік салық төленбейді;
- Салық мөлшерлемесі – 4% (жергілікті атқарушы органдар 2%-6% аралығында өзгерте алады);
- Жұмысшылар санына шектеу жоқ;
- Аймақтар арасында жұмыс істеуге тыйым жоқ;
- Қызмет түрлеріне шектеу бар (тізім кейін бекітіледі).
Қолдануға тыйым салынатын субъектілер (723-бап, 2-т.)
Упрощенканы қолдана алмайды:
- Заңды тұлғалардың 25%-дан астам үлесі басқа заңды тұлғаларға тиесілі болса;
- Бір қатысушы бірнеше заңды тұлғада қатысса;
- Қатысушы АСР-ды өзі де қолданса;
- Қоғамдық бірлестіктер (НКО);
- АЭА, индустриалды аймақтар мен Astana Hub қатысушылары;
- Бірлескен қызмет шарттары бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер.
Есеп тапсыру – ф.910.00, кезеңі – жартыжылдық.
Жаңалық: ЖК және ЖШС физ. және юр. тұлғалармен жұмыс істей алады. B2B тыйымы енгізілмейді. Бірақ ОУР режиміндегі контрагенттер упрощенкадағылардан алынған қызметтерді КТС бойынша шегерімге жатқыза алмайды (386-бап).
2026 жылдан бастап әлеуметтік төлем мөлшерлемелерінің өзгеруі
АСР мен шегерімдерден бөлек, әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне де өзгерістер енгізіледі:
- Әлеуметтік аударымдар (СО) – бірыңғай төлем құрамында: 18,9%-дан 18,1%-ға дейін төмендейді;
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы (ОПВР) – 2,5%-дан 3,5%-ға дейін өседі;
- Әлеуметтік салық (СН) – 11%-дан 6%-ға дейін төмендейді.
СО мөлшерлемесінің төмендеуі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Әлеуметтік кодексінің 244-бабында бекітілген. Бұл мөлшерлеме кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін азаяды.
Маңызды: Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі төмендегенімен, енді ол СО сомасына азайтылмайды. Осыған байланысты төленетін соманың жалпы көлемі шамамен өзгеріссіз қалады.
Кесте 2. 2025 және 2026 жылдарға арналған салыстырмалы мөлшерлемелер
Төлем түрі |
2025 ж. |
2026 ж. |
ОПВ |
10% |
10% |
ОПВР |
2,5% |
3,5% |
СО |
5% |
5% |
ВОСМС |
2% |
2% |
ООСМС |
3% |
3% |
ЖТС |
10% |
10% және 15% (8500 АЕК-тен жоғары табыс үшін) |
СН |
11% - СО |
6% |
Mybuh.kz сіздің бизнесіңізге жаңа ережелерге бейімделуге қалай көмектеседі?
Жаңа нормалар көптеген кәсіпкерлер үшін алаңдаушылық пен белгісіздік тудырып отыр.
2025 жылы бөлшек салық режимін қолданатын ЖК мен ЖШС салық режимін міндетті түрде ауыстыруға мәжбүр болады.
Упрощенканы қолданушылар да тыйым салынған қызмет түрлерінің тізіміне кірсе, жалпыға бірдей тәртіпке өтуге тәуекел етеді.
Бірақ әрдайым көмекке келетін біреу табылады!
«Mybuh.kz» күрделі өтпелі кезеңнен барынша жайлы өтуге көмектеседі.
Біріншіден, біз әрдайым заңнамалық өзгерістерді жіті бақылап отырамыз және оларды кәсіпкерге түсінікті тілде түсіндіреміз.
Сіз ақпарат тасқынында адасып қалмайсыз — біз тек маңыздысын және тек іскерлікпен жеткіземіз.
Екіншіден, біз сізді алаңдататын нақты мәселелер бойынша кәсіби көмек ұсынамыз:
Біз не ұсынамыз:
- Жаңа Салық кодексі бойынша онлайн-консультация;
- 2026 жылға дайындық аудиті;
- Есеп жүргізуді жаңа заңнамаға сәйкестендіру;
- Салық режимін таңдау (упрощенкада қалуға бола ма – анықтаймыз);
- Салық режимін ауыстыру бойынша көмек;
- ҚҚС бойынша тіркеу;
- Салық есептілігін тапсыру (соның ішінде ҚҚС бойынша декларация);
- және тағы басқалар.
Mybuh.kz-пен бірге жаңа Салық кодексі түсінікті болады.
Біз сіздің бизнесіңізге тиімді жолды ұсынамыз.
Маңызды: Заң күшіне енгенше күтпеңіз!
2025 жылы-ақ болашақ стратегияңызды ойластыруға уақыт бар.
Бізбен байланысып, сізді толғандыратын барлық сұрақтарды бірге талқылайық.
Қорытынды: 2026 жылға дайындық бойынша чек-лист
Бизнесіңізді жаңа шарттарға дайындау үшін қазіргі жағдайыңызды бағалап, келешекке дайын болу қажет.
✅ Тексеріп шығыңыз:
- Қолданыстағы салық режимін талдаңыз.
- Жаңа ережелер бойынша салық жүктемесін есептеңіз.
- Mybuh.kz маманымен кеңес алыңыз.
- Есеп саясатын жаңартыңыз.
- Қызметкерлерге жалақы есебі өзгерістері туралы хабарлаңыз.
Осы қадамдардың барлығы бойынша Mybuh.kz сарапшылары кеңес беруге дайын.
Mybuh.kz-пен бірге бизнесіңіздің болашағын қорғаңыз!