
Виртуалды қойма дегеніміз не?
Виртуалды қойма (ВҚ) - бұл ЭШФ ақпараттық жүйесінің арнайы жасалған модулі. BҚ модулі, тауарлардың қозғалысын, автоматты түрде басқаруға арналған:
• Қазақстанға әкелінген;
• ел аумағында өндірілген және оның ішінде сатылған;
• Қазақстанда өндіріліп, экспортқа жіберілген.
ВҚ модулі, нақты қойманың электрондық аналогы болып табылады, ал модульдің функционалдығы виртуалды қоймаға әкелінген тауарлардың, электрондық қоймалық есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Әрбір, ұйым – пайдаланушы, виртуалды қойманың көмегімен:
• электронды қоймаларды «құру»;
• тауарлар қалдығы туралы мәліметтерді жүйеге енгізу;
• импортталған немесе өндірілген тауарлар туралы мәліметтерді енгізу;
• тауарларды Қазақстан аумағында сату туралы мәліметтерді көрсету.
ВҚ модулі ЭШФ АЖ-нің бөлігі болғандықтан, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының атынан ұсынылған мемлекеттік органдар, оны онлайн режимінде бақылау үшін қолдана алады:
• импортталған сәттен бастап, соңғы тұтынушыға дейін немесе есептен шығарғанға дейін, импортталған тауарлардың Қазақстан аумағы арқылы қозғалысы;
• өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі, жергілікті өндірілген тауарлардың қозғалысы.
Тауарлар қозғалысының мұндай ашықтығы, тауарлардың жекелеген түрлерінің импорттық көлемін бақылауды жеңілдетуге, ұйымдардың нақты айналымдарын қадағалап, сол арқылы салық салудың толықтығы мен дұрыстығын бақылауға мүмкіндік береді.
Модуль Қазақстанда 01.04.2018-ші жылдан бастап, Қаржы министрлігінің 23.02.2018-ші жылғы No270-ші бұйрығымен қолданысқа енгізілді (бұйрықтың 4-ші тармағы).
BҚ модулін пайдалану, кімнен талап етіледі?
Виртуалды қоймада барлық тауарлар үшін емес, тек Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Басқармасының анықтаған тауарлар үшін, есептілікті жүргізу қажет. Салық қызметі- алу тізбесіне сәйкес, тиісті тізімді қалыптастырады және жаңартады. Нақты, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарын көрсете отырып, Виртуалды қоймадағы есепке алуға жататын тауарлардың қазіргі актуалды тізімін, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының сайтында табуға болады.
Қаржы министрлігінің 2019-шы жылғы 23-ші сәуірдегі No 384-ші бұйрығына және Қаржы министрлігінің 2020-шы жылғы 14-ші қыркүйектегі No 862-гі бұйрығына сәйкес, виртуалды қомасын пайдалану, сатылатын немесе сатып алатын салық төлеушілер үшін, міндетті болып табылады:
• кедендік баж салығының төмендетілген мөлшерлемелері бойынша, көлік құралдары;
• шикі қант;
• тоңазытқыш жабдықтары, мониторлар, проекторлар;
• шаңсорғыштар;
• дайын суретті лезде алатын, камералар;
• электр жылыту резисторлары;
• дәрілер;
• алтын мен кендер.
01.10.2020-шы жылғы жағдай бойынша, BҚ модулін қолдану міндетті болып табылатын тауарлар тізімі, 386-ы тармақтан тұрады.
Мұндай тауарлар үшін салық төлеушілер, қозғалысын, сандық тұрғыдан қорлардың болуын, шығу көздері және т.б. туралы ақпараттарын виртуалды қойма модулін қолдана отырып, беруге міндетті.
Егер, тауарлар ВҚ модулін қолдануын қажет тауарлар тізіміне енгізілмеген болса, виртуалды қойманы пайдалану арқылы олардың есебін жүргізу, талап етілмейді. Мұндай тауарлар үшін тек ЭШФ беру жеткілікті.
Виртуалды қойманы жургізуі жөніндегі міндеттемелер қызметі, Тізімнен тауарларды өндіру және сатумен байланысты немесе салық төлеушінің ҚҚС-ғы бойынша тіркелгеніне қарамастан, импортталған тауарларды сатумен байланысты барлық салық төлеушілерге қолданылады.
Пайдаланушылар, ВҚ модуліндегі «қоймалар» саны нақты кәсіпкерге тиесілі қоймалардың немесе бөлшек сауда орындарының нақты санына сәйкес келуі керек екенін, есте ұстауы керек. Іс жүзіндегі ашылған, әрбір жаңа қойма үшін, сәйкес виртуалды қойманы құру қажет. Бұл тауарларды есептен шығару процесін түзетуге, мүмкіндік береді.
Виртуолды қоймаға қалай қол жеткізуге болады?
ВҚ модулі esf-vs.gov.kz порталында орналасқан. ЭШФ АЖ-де тіркелген қолданушылар электрондық шот-фактуралармен жұмыс жасағанда қолданылатын кілт пен парольді қолдана алады. Виртуалды қойма модуліне бөлек тіркелу, қажет емес.
ВҚ модулімен жұмыс істейтін жаңа қолданушылар ЭШФ АЖ порталында тіркелу керек.
ВҚ-ның жұмысы туралы толық ақпаратты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасының веб-сайтынан «Бастапқ», «Қызмет», «Салық басқармасы», «Электрондық шот-фактуралар» қойындыларын басу арқылы, алуға болады.
Виртуалды қойманы пайдаланушыларды қолдау қызметі esfsd@mgd.kz электрондық поштасы арқылы, сұраныстарды қабылдайды.
Виртуалды қоймаға, тауарлар туралы ақпаратты қалай енгізуге болады?
Модуль, тауарлар туралы ақпараттың негізгі бөлігі, оған басқа электронды модульдер мен құжаттардан енетіндей етіп, реттелген.
Сонымен, ақпараттың түсу мүмкіндігі:
• импортталатын тауарлардан - 328.00-ші нысанынан;
• қайта сату үшін, тауарларды сатып алу кезінде - жеткізушіден алынған ЭШФ-дан.
328.00-ші нысанынан ақпараттар, тауарлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен кезде, автоматты түрде виртуалды қоймаға жіберіледі.
Өндірілетін тауарлар үшін, өндіруші арнайы «Өндіріс» нысанын пайдаланып BҚ модуліне деректерді, өзі енгізуі керек. Нысанда, өндірілген өнімнің атауы, оның сипаттамалары, өнімнің шығу тегі туралы куәліктің болуы және т.б көрсетіледі.
Тауарларды ВҚ-дан есептен шығару, сатушының сатып алушының мекен-жайына берген электронды шот-фактурасы бойынша, жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қоймадан есептен шығаруды «Есептен шығару» және «Ішкі аударым» нысандарымен ресімдеуге болады.
Тауарларды виртуалды қоймасынан сату кезінде, ЭШФ-сы жүйеде бұрыннан бар ақпаратпен автоматты түрде толтырылады. Модуль қолданушысына, сатылған тауарлар туралы деректерді, қолмен енгізу қажет емес. Сонымен қатар, жүйе қоймадан оған қосылғаннан артық тауарларды есептен шығаруға мүмкіндік бермейді. Бұл виртуалда коймаға қатысты жүктердің қозғалысын, есепке алу кезінде қателіктер туындау қаупін жояды және олардың қозғалысына, ұштық бақылауды қамтамасыз етеді.
ВҚ пайдаланушылар үшін қаншалықты пайдалы?
ВҚ модулі, ең алдымен, салық және кеден органдарының мүдделеріне орай құрылып, оларға тауарлардың жекелеген топтарының қозғалысын бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік бергеніне қарамастан, виртуалды қойманы пайдаланушылар үшін де, артықшылықтар бар.
Есептен шығаруға рұқсат етілген тауарлар санын, автоматты түрде тексеруге арналған модульге енгізілген жүйе, қойма есебін жүргізу кезінде адами факторды жоюға мүмкіндік береді. Салық төлеуші, виртуалды қоймаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, қосымша жұмыстарға қарамастан, нәтижесінде өз ісін бақылаудың, тағы бір құралын алады.