Демалыс бойынша резервті қалай есептеу керек?

Демалыс бойынша резервті қалай есептеу керек?

#Полезное #Есеп бөлімі

Опубликовано: 09.09.2025 Количество просмотров 360

Толыққанды бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті салық төлеушілер (мысалы, ОӘЖ-дегі ЖК және ЖШС) алдын ала демалыс бойынша резерв құру сияқты операцияны да жүргізуі тиіс. Демалыс бойынша резерв дегеніміз не, ол не үшін қажет және оны қалай құруға болады – төменде айтып өтеміз…

Демалыс бойынша резерв деген не және ол не үшін құрылады.
Демалыс бойынша резерв – бұл компанияның демалыс ақыларын, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыларды, қорларға төлемдерді және т.б. төлеу көзі ретінде пайдалануды жоспарлап отырған белгілі бір сома. Резерв ағымдағы кезеңде болашақта пайдалану үшін құрылады. Бұл қызметкерлердің демалысына ақы төлеу үшін әрқашан қаражаттың болуын қамтамасыз етеді.

Компания есепті кезеңнің соңына қарай жиналған пайдаланылмаған демалыстар үшін қызметкерлерге уақтылы өтемақы төлеу мүмкіндігі болуы үшін төленетін жиналмалы демалыстарға күтілетін шығындарды бағалап, есептеуі тиіс.

Бірден айта кетейік, Қазақстан заңнамасында демалыс бойынша резервті есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ. Әрбір жұмыс беруші өзіне қолайлы есептеу әдісін өзі таңдап, оны есеп саясатына бекітуі керек.

Демалыс бойынша резерв мынадай түрде құрылуы мүмкін:

  • кезең басында;
  • кезең соңында;
  • ай сайын.

Кезең қорытындысы бойынша резервтер қосымша есептеледі немесе (егер резерв нақты қажеттіліктен артық жасалса) артық есептелген резерв сомалары есептен шығарылады.

Кезең басында демалыс бойынша резервті қалай құру керек.
Кезең басында демалыс бойынша резервті дұрыс құру үшін алдымен өткен кезеңнің деректерін талдау қажет. Атап айтқанда:

  1. Әрбір қызметкердің кезең басына пайдаланылмаған демалыс күндерінің санын анықтау.
  2. Жаңа есепті кезеңде берілетін демалыс күндерінің санын анықтау.
  3. ҚР ЕК 136-бабына және ҚР ДСМ-нің 2015 ж. 30.11 №908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелерінің 6-тармағына сәйкес орташа жалақыны есептеу.
  4. Ақылы демалыс күндерінің санын орташа жалақыға көбейту.
  5. Алынған соманы 3430-шотта «Қысқа мерзімді сыйақылар бойынша бағаланатын міндеттемелер» ретінде көрсету.

Ай сайын демалыс бойынша резервті қалай құру керек.
Ай сайынғы демалыс резервін құру үшін Есеп саясатына ай сайын 3430-шотта «Қысқа мерзімді сыйақылар бойынша бағаланатын міндеттемелер» ретінде көрсетілетін ЕҚҚ-дан (ФОТ) пайыз белгілеу қажет.

Содан кейін ай сайын пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв есептелгенде, бұл шығын айларға біркелкі бөлінеді.

Жыл қорытындысы бойынша демалыс бойынша резервті қалай құру керек.
Жыл қорытындысы бойынша демалыс резервін құру үшін қажет:

  1. Әр қызметкер бойынша 31 желтоқсанға пайдаланылмаған және пайдаланылған демалыс күндерінің санын есептеу;
  2. Пайдаланылған демалыс күндері бойынша бұрын есептелген демалыс резервін түзету;
  3. Ағымдағы жылдың күндері бойынша қызметкердің орташа жалақысы негізінде резерв есептеу;
  4. Жыл соңында пайдаланылған демалыс күндері бойынша резерв мөлшерін азайту және ағымдағы жылдың пайдаланылмаған демалыс күндері бойынша резерв сомасын есептеу жөнінде жазба жасау.

Есепте көрсету.
Демалыс бойынша резерв құру – еңбекті көп қажет ететін операция. Есепті әр қызметкер бойынша жүргізу керек – бұл ең дәл соманы береді.

Егер құрылған резерв сомасы есепті кезең соңында есептелген демалыс ақысы мөлшерінен асып кетсе, артық есептелген резерв «қызыл сторно» әдісімен түзетіледі.
Егер есептелген резерв сомасы демалыс ақысы сомасын жабуға жеткіліксіз болса, айырмашылық кезең шығындарына жатқызылады.

КТС бойынша шегерімдерге есепті кезең үшін нақты есептелген демалыс ақысы сомасы ғана жатады. Ал құрылған резерв сомасы КТС декларациясында көрсетілмейді.

Есепте демалыс бойынша резерв құру операциясы келесідей көрсетіледі:

  • Қызметкерге демалыс бойынша резерв құрылды: Дт 7-бөлім шоты «Шығыстар», Кт 3430 «Қысқа мерзімді сыйақылар бойынша бағаланатын міндеттемелер»;
  • Құрылған резерв есебінен демалыс есептелді: Дт 3430, Кт 3350 «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
  • Егер резерв жеткіліксіз болса: Дт 7-бөлім шоты «Шығыстар», Кт 3350.

Демалыс бойынша резерв құруға көмек қажет болса – сізге «Mybuh.kz» мамандары көмектеседі. Сондай-ақ біз сіздің Есеп саясатыңызға тиісті нормаларды әзірлеп енгізуге көмектесеміз. Өтініш қалдырыңыз, біз сізбен жұмыс уақытында хабарласамыз.


Насколько полезна была статья?

(0)
___PSEUDO_INLINE_PLACEHOLDER___
Оставить комментарий
Все комментарии
Загрузка кода...

Новые видео на Youtube

Не пропусти всё самое интересное на нашем канале!

Перейти на канал

Больше интересных статей

# Полезное # НДС, СНТ, ЭСФ

Постановка на учет по НДС в Казахстане в 2026 г.

Постановка на учет по НДС: кто и когда встает на учет в 2026 г. Обязательная и добровольная постановка на учет по НДС. В каком случае вставать на учет по НДС обязательно. Кто освобожден от постановки на учет.

# Полезное # О налогах

Выплата дивидендов, какими налогами облагаются дивиденды ТОО в 2026 г.

Выплата дивидендов казахстанскими ТОО: нужно ли платить налоги? Как выплачиваются дивиденды ТОО в Казахстане. Каков порядок налогообложения выплаченных дивидендов. Кто является налоговым агентом и по каким ставкам удерживается налог.

# Новости # Бухгалтерия

Как заполнить ф.200.05, если работник относится к нескольким категориям физлиц одновременно.

Как отразить в ф.200.05 тот факт, что работник одновременно относится к нескольким категориям физлиц.

# Новости # Бухгалтерия

Конференция Mybuh.kz -2026: регистрация открыта!

Где и когда состоится очередная ежегодная Конференция Mybuh.kz для бухгалтеров и предпринимателей.

# Полезное

Қызметкер сыйақы бойынша шегерім құжаттарын кешіктіріп әкелсе, оған ИПН қайта есептеу жүргізу керек пе?

Бухгалтер қызметкерге сыйақы бойынша шегерімді қолдануға арналған құжаттарды кешіктіріп тапсырған жағдайда, ИПН-ды қайта есептеуден бас тартуға құқылы ма?

# Новости # Бухгалтерия

Путевые листы и ТТН: с 29 сентября изменятся правила перевозки грузов

Обновленные правила перевозки грузов автомобильным транспортом.

# Полезное

Атқарушылық парақ бойынша ұстауды қандай сомадан жүргізу керек?

Алимент ұсталатын сомаға сыйақыларды, іссапар шығыстарын, сауықтыруға арналған төлемдерді қосу қажет пе? Ұстап қалуды есептелген жалақыдан ба, әлде шегерімдерден кейінгі сомадан жүргізу керек пе?

# Новости # Налоги

Пилотные проекты налоговой: с 2027 года будут действовать новые правила

Новые правила проведения пилотных проектов по совершенствованию налогового администрирования.

# Полезное

ЖШС жеке тұлғадан автокөлік жалға ала ала ма?

ТОО жеке кәсіпкер емес, жеке тұлғамен автокөлікті жалға алу шартын жасай ала ма. Шарт бойынша төленген табыстан қандай салықтар мен жарналар ұсталады.

# Полезное

Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервті қалай құру керек?

Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервті қалай құруға болады

# Новости # Налоги

Налоговый кодекс 2027: что меняется для бухгалтера

Проект изменений в Налоговый кодекс 2027 планируют внести в сентябре на рассмотрение Курултая.

# Полезное

Банк қызметкердің картасын бұғаттады: жалақыны қолма-қол беруге бола ма?

Банк қарызды уақытында төлемегені үшін қызметкердің картасын бұғаттаған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге жалақыны қолма-қол төлеуге құқылы ма?

# Полезное # Бухгалтерия

Женщина –ИП уходит в декрет: платить ли за себя ОПВ, СО и ВОСМС

Нужно ли женщине-предпринимателю продолжать уплачивать за себя ОПВ, СО и ВОСМС, если она находится в декрете, но ИП не приостановлено. Как это отразится на получении выплат из ГФСС.

# Полезное

Бастапқы форма кері қайтарылды: қайта тапсыру кезінде қандай есеп түрін көрсету керек

Егер салық төлеуші бастапқы декларацияны кері қайтарған болса, қайта тапсыру кезінде формада есеп түрі ретінде «Бастапқы» көрсету қажет.

# Полезное

Қоса атқару жұмысы: қызметкердің табысынан қандай салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұсталады?

Қосымша жұмыс істейтін қызметкердің табысынан қандай салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұсталады. Негізгі жұмыс орнынан қандай да бір анықтамалар қажет пе.

# Полезное

ЕАЭО елдерінен импорт: нені ескеру қажет?

СЭҚ қатысушысы ЕАЭО елдерінен тауар импорттау туралы нені білуі керек. Импортты рәсімдеу кезінде қандай ерекшеліктерді ескеру қажет.

# Полезное # ИП и ТОО

Регистрация ИП в Казахстане

Как самостоятельно зарегистрировать ИП. Как провести регистрацию удаленно. Что понадобится для открытия ИП. В чем преимущество открытия ИП с помощью специалистов Mybuh.kz.

# Полезное

Ғимараттың күрделі жөндеуі: есепте қалай көрсету керек?

Капиталдық жөндеу жүргізілгеннен кейін ғимараттың баланстық құны шығындар сомасына көбейе ме. Жөндеу шығындарын есепте қалай көрсету керек.

# Полезное # Персонал

Что такое ИИН и как получить ИИН.

Что такое ИИН. Для чего он применяется. Как и где получить ИИН. Как получить ИИН иностранцу. Чем полезен портал Egov.kz при получении ИИН.

# Полезное

ЖК-нің кеңсесі тұрғын үйде орналасқан: 700-нысанды тапсыру қажет пе?

Кеңсе тұрғын үйде орналасқан жағдайда, ЖК немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға 700.00 нысаны бойынша декларация тапсыру қажет пе?

Наши сервисы